Қарапайымдылар



Pdf көрінісі
бет37/37
Дата09.12.2023
өлшемі320,24 Kb.
#196164
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
Қарапайымдылар

Қан айналу жүйесі ашық
. Құршаянның жүрегі ұзын түтік тәрізді, алдыңғы құрсақ бөлімінде ішектің 
үстінде орналасқан және оның бүйір жағында 7 жұп саңылаулары (остиялары) бар. Басқа 
өрмекшітәрізділерде жүректің құрылысы біршама қарапайым. Мысалы, өрмекшілерде жүрегі қысқарған, 3-
4 жұп остиялары ғана болады, пішеншілерде 1-2, кенелерде 1, ал кенелердің көпшілігінде өте ұсақ болуына 
байланысты жүрегі тіпті жойылып кеткен. 
Нерв жүйесінің
құрылысы буылтық құрттардікіне ұқсас, бірақ құрсақ нерв тізбегіндегі ганглиялары 
бірігіп шоғырланып орналасуға бағытталған.
Миы екі бөлімді: алдыңғы - протоцеребрум (көздерін нервтендіретін) және тритоцеребрум 
(хелицераларды).
Сезім мүшелері
жақсы жетілген және әр түрлі. Өрмекшілердін педипальпаларындағы ретімен орналасқан 
түктері механикалык әсерлерді қабылдайды. Ауа тербелістерін сезетін арнайы түктер трихоботриялар 
педипальпаларында, аяқтарында және дененін жоғарғы жағында, ал химиялық өзгерістерді сезетін және иіс 
сез қызметін атқаратын лира тәрізді мүшелері кутикулада шағын саңылаулар түрінде орналасқан. Олардың 
түбіндегі жарғақшаларын нерв талшықтары торлап жатады. 
Жыныс жүйесі
. Өрмекшітәрізділер дара жыныстылар. Жыныс безі құрсағында орналасқан және көптеген 
түрлерінде жұп болады. Көбіне оң және сол гонадалары қосылған. Құршаяндардың аталықтарында екі ұрық 
бездері болады (әрқайсысы жалғасқан түтік), ал аналықтарында аналық безі біртұтас. Ол біріккен үш 
түтіктен тұрады. Өрмекшінің аталық және аналық бездері әдетте жұп болады, кейде аналықтарында ұрық 
бездері соңғы жағында бүтін гонадаға біріккен. Аталықтарында әр түрлі қосымша бездері, аналықтарында 
ұрық қабылдағышы дамиды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет