Екінші
жұп аяқтары - педипальпалар, бірнеше буыннан тұрады. Шайнайтын өсінділердің көмегімен
педипальпаның негізгі буынында
қорек ұнтақталып майдаланады, содан кейінгі буындар қармалауыш,
ұстағыш қызметін атқарады. Кейбір өкілдерінде (құршаяндар, жалған құршаяндар) педипальпалар күшті
ұзын қысқыштарға айналған, ал кейбіреулерінде жүру аяқтарына ұқсас. Қалған 4 жұп (6-7 бунақты) баскеуде
аяқтары жүру қызметін атқарады.
Тері эпителидің туындыларына улы бездер және усыз өрмек бездері жатады.
Біріншісі - өрмекшілерге,
құршаяндарға, екіншісі - өрмекшілерге,
жалған құршаяндарға, кейбір кенелерге тән.
Достарыңызбен бөлісу: