қарай даму үшін басқа жануарлардың ішегіне түсуі керек.
Онда ооцисталар ішек сөлдерінің әсерінен
жарылып, спорозоиттар шығып эпимерит бөлімі арқылы ішек клеткаларына бекініп өсе бастайды.
КОКЦИДИЯТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - COCCIDIOMORPHA
Бұл класқа өздігінше тіршілік ете алмайтын, тек қана клетканың ішінде
паразиттік тіршілік ететін
қарапайымдылар жатады. Денелері сопақша, домалақтау не доға сияқты болып келеді.
Олар адамның,
сүтқоректілердің, құстардың ішек клеткаларында, бауыр, бүйрек, қан клеткаларында кездеседі. Қан
споралылардың және кокцидиялардың даму
кезендері бір-біріне өте ұқсас, сондықтан бұл екеуін
кокцидиятәрізділер класына жатқызады. Бұлардың көбеюінде кезектесіп жүретін үш
кезеңді байқауға
болады: шизогония (жыныссыз көбею) гаметогония (жынысты) және спорогония.Көптеген кокцидиялардың
бір ғана иесі болады, сондықтан спорогония кезеңі жартылай немесе толық сыртқы ортада жүреді (Eimeria
magna). Басқаларының иесі екеу, жыныссыз көбеюі бір иесінде өтеді, ал жынысты
көбею және спорогония кезеңі екіншісінде (Plasmodium vivax).
Бұл кластың негізгі екі отрядын атап кетуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: