АЛ
М
АТ
Ы
КІ
ТА
П
БА
СП
АС
Ы
55
Шаруа көлеңкені сатып алады. Енді тұт ағашының ау-
мақты көлеңкесі шаруанікі болады. Ол сол көлеңкеде жа-
тып демалады. көлеңке байдың ауласына түскенде, шаруа
сол жаққа барып жатады. көлеңке байдың қонақбөлмесі-
не, асүйіне түсетін болса,
шаруа сол жерге барып жатып
жүрді. Өзінің ағаттық жасағанын түсінген бай ештеңе жа-
сай алмайтынын білді.
«мен көлеңкені сатып алдым. Ол енді байдікі емес. сон-
дықтан достарымды шақырып, рақатын неге көрмес ке?» –
деп ойлайды шаруа.
Бір күні байдың үйінде қонақтар отырған кезде шаруа
да өзінің достарымен келіп қалады. Олар келген кезде
байдың қонақтары тұт ағашының көлеңкесінде отыр екен.
Шаруа байдың қонақтарынан орынды босатуды сұрайды.
таңданған қонақтар бұның себебін сұрайды. Не айтарын
білмеген бай тілін тістеп, үн шығармайды. Ал шаруа бол-
са, маңғаздана: «Бұл – мына достарыңыздан сатып алған
көлеңкем ғой. сондықтан кез келген уақытта осы көлеңке-
нің астында демалуыма болады», – дейді.
Байдың қонақтары оған ұзақ күледі. Ал көшедегі бала-
лар: «сараң бай, көлеңке сатқан сараң бай!» – деп мазақ
қылады.
мұндай масқаралыққа
шыдай алмаған бай қалаға
көшіп кетеді. тапқыр шаруа тұт ағашының көлеңкесіне
ғана емес, байдың үйіне де ие болады.
Аударған –
Бибісара Омарова
салыстыр
2. Ертегі мазмұнын өзің құраған ертегімен салыстыр.
3. Қандай ұқсастықтар болды?
4. сен құраған ертегіде
көлеңке сату
туралы ой болды ма?
Достарыңызбен бөлісу: