Бұл кезең адам үшін жанұялық, карьералық, шығармашылық
қабілеттерінің дамуымен сипатталады. Бірақ,
өлім мәселесі туралы,
уақыттың өтіп жатқандағы жайлы жиі ойланады.
3.
Ересектік
кезендегі
танымдық
эмоционалдық
және
мотивациялық сипаттамалар.(40 жас дағдарысы)
Еңбек-ересек адамның сезімдерінің көзіне айналады.
Адамның эмоционалдық жағдайы, көңіл-күйі көбінесе еңбек іс-
әрекетінің жемісті не жемісті еместігіне байланысты. Осы кезеңде адам
стресстік
жағдайға жиі ұшырап, депрессия мен жалғыздық сезімін бастан
кешіреді.
38-40 жаста орта жас кризисі болады. Осы кезеңде адамды мынандай
сұрақтар мазалайды: ары қарай қалай өмір сүру қажет, не үшін өмір сүру
керек, кіммен өмір сүру керек?
40 жасқа қарай ересектер армандары мен өмірлік жоспарларының
қаншалықты іске асқандығына есеп береді.
Отбасылық жағдайында өзгерістер болады: балалары ержетіп, өзбетінше
өмір сүреді; жақын туысқандары мен ата-аналарының дүниеден өтуі мүмкін.
Жақын
адамдарынан айырылу, балаларының өміріне араласу, оларға
қамқорлық көрсету ерлі-зайыптылар қарым-қатынасының мағынасын аша
түседі. Егер оларды балалардан
басқа ештеңе байланыстырмаса, онда ерлі-
зайыптылар айырылысуы мүмкін.
40 жас кризисін басынан өткізген адам өмірін қайта құрып, мамандығын
ауыстырып, тіпті жаңа отбасын да құруы мүмкін.
Кризистен шығудың жолдары әр түрлі: конфликтілі жағдайлар туғызу,
жұмыс орынын ауыстыру, басқа
қалаға көшу, барлығын қайта жасауға
ұмтылу.
Ал кризистен шығудың деструктивті жолы - суицид және жеке тұлғаның
ыдырауы. Жеке тұлғаның қалыптасуы мен іс-әрекет құрылымы өмірлік
жағдайларға байланысты. Мінез ерекшеліктері,
қызығушылықтары,
қабілеттері осы кезеңде де дами түседі.
Достарыңызбен бөлісу: