182
Кәсіпорын алмастыруы жоқ өнімді шығарған кезде
монополия
орын
алады. Ұйымның бәсекелестері жоқ болғандықтан, ол осы өнімнің
жеткізілімін толық бақылайды және жалғыз
сатушы ретінде әлеуетті
бәсекелестерге кедергі келтіруі мүмкін. Қазіргі уақытқа дейін нақты
әлемінде мықты монополиялар– бұл телефон байланысы,
электр қуаты
және ақпаратты кәбілдік беру сияқты коммуналдық қызметтер көрсету
жөніндегі кейбір ұйымдар болып табылады, олар көбінесе үкіметтік
органдармен реттеледі.
Бұл монополиялардың
болуына жол беріледі,
өйткені оларды дамыту және пайдалану үшін үлкен қаржы ресурстары
қажет. Ұйымдардың шағын саны, мысалы,
жергілікті электр ұйымының
бәсекелестігін құрайтындай ресурстарды шоғырландыра алады. Бәсекелес
пайда болған кезде монополист қосымша қызметтер ұсынуы немесе
технологияны жетілдіруі тиіс.
Олигополия
жеткізушілердің аздаған саны өнімді жеткізудің
айтарлықтай үлесін бақылайтын кезде орын алады.
Бұл жағдайда өнім
берушілердің әрқайсысы нарықтық қызметтегі өзгерістерге басқа өнім
берушілердің реакцияларын назарға алуы тиіс.
Олигополиялар өндіретін
өнімдер
біртекті
болуы
мүмкін,
мысалы,
алюминий
немесе
дифференциалды, мысалы, темекі және автомобильдер. Мысалы, үлкен
қаржылық шығындар талап етілуіне байланысты
компаниялар немесе
жеке тұлғалар өздеріне мұнай өңдеу немесе болат шығару нарығына
шығуға мүмкіндік бере алады. Сонымен қатар,
кейбір салаларда
техникалық және маркетингтік біліктіліктің болуы талап етіледі, бұл
көптеген әлеуетті бәсекелестер үшін еңсерілмейтін кедергі болып
табылады.
Олигополия екі түрде болады:
таза,
бірнеше фирмалар стандартты, бірдей тауар (мұнай,
көмір, болат) өндіреді;
сараланған, бірнеше ірі компаниялар ерекшеленетін тауарлар
(автомобильдер, фотоаппараттар және т.б.) өндіреді.
Монополистік бәсекелестік кәсіпорынның әлеуетті бәсекелестері
нарықтың бір бөлігін басып алу үшін
сараланған маркетингтік
стратегияны әзірлеуге тырысқанда орын алады.