50
«АРУЛАР МЕРЕКЕСІ»
4+ жас аралығындағы тәрбиеленушілерге арналған сценарий
МАҚСАТЫ:
- Балалардың танымдық
және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын,
шеберлігін
дамыту.
- Көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге,
әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
ҚАТЫСУШЫЛАР:
ӨТЕТІН КҮНІ:
УАҚЫТЫ:
ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
интербелсенді тақта, презентация, қуыршақтар, арнайы
тақта,
ханшайымдар пазлы, мақтау қағазы, номинациялар жазылған ленталар.
ҰЗАҚТЫҒЫ:
25 минут
БАРЫСЫ:
БАСЫ (8 МИНУТ)
Барысы:
Музыка қосылады. Костюм киген ұлдар қатарласып сахнаға шығады. Көрермендерге
бас иіп сәлемдеседі. Оң (сол)
жаққа қолдарын созып, «қарсы алыңыздар» белгісін береді. Сахнаға
қыздар қатармен шығып, әркім өз жұбының қолынан ұстап бір айналады. Балалар жұптасып үлкен
шеңбер құрып сахнада бір айналым жасайды. Жартылай шеңбер жасап құрылған орындыққа ұлдар
алдымен
жұбын отырғызып, сосын өздері отырады.
1-жүргізуші:
Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер, көктем гүліндей жайнаған арулар,
аяулы қарындастар! Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келген 8 наурыз мерекесі,
халықаралық әйелдер күнімен, шын жүректен құттықтаймыз!
2-жүргізуші:
Сіздерге мерекелік көңіл-күй тілей отырып, халықаралық әйелдер күні мерекесіне
арналған «Арулар мерекесі» атты сұлулық байқауын тамашалауға шақырамыз. Ендеше, бүгінгі мере-
келік кештің басты кейіпкерлері, айдай әсем аруларымызды таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: