55
ӨТЕТІН КҮНІ:
УАҚЫТЫ:
КЕЙІПКЕРЛЕР:
жүргізуші (тәрбиеші), солдаттар, биші қыздар.
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КИІМДЕР:
балалардың әскери үлгідегі
киімдері, пилотка,
галстуктер
БЕЗЕНДІРУГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
тақырыпқа қатысты безендіру, суреттер,
интербелсенді тақта,
презентация, гүл (жасанды қалампыр), үлестірмелі тулар, шарлар, отшашу.
ҰЗАҚТЫҒЫ:
30 минут
БАСЫ (10 МИНУТ)
Музыкалық номер:
«Жеңіс» биі
Қатысушылар:
әскери
киімдегі ұл балалар,
биші қыздар
Барысы:
әскери үлгіде киінген тәрбиеленушілер сахнаға шығады. Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Жүргізуші:
Қамықпаған қиындықтың үрейінен,
Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып,
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Құрметті қонақтар мен балалар! Бүгінгі 9 Мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесі баршаңызға құтты
болсын! Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін
ешуақытта ұмытпауымыз керек. Осы қастерлі, қадірлі күнге орай өткізіліп отырған «..........................»
тобының мерекелік ертеңгілігін қабыл алыңыздар!
//МУЗЫКА: СҰРАПЫЛ СОҒЫС, АТЫС, ЖАРЫЛЫС ДЫБЫСТАРЫ БАР ӘУЕН
ҚОСЫЛАДЫ// (
HTTPS://WWW.YOUTUBE.COM/WATCH?V=3VNWOICYO5Y
)// САХНАҒА
ОЙЫНШЫҚ МЫЛТЫҚ ҰСТАҒАН СОЛДАТТАР (ҰЛ БАЛАЛАР) ШЫҒЫП, КҮРЕС
ЭЛЕМЕНТТЕРІМЕН СОҒЫСТЫҢ ШАҒЫН КӨРІНІСІН КӨРСЕТЕДІ. |1 МИНУТ|
МУЗЫКА ЛЕЗДЕ ҮЗІЛЕДІ//
Қыз бала:
Алақай, алақай! Біз жеңдік! АЛАҚАЙ, ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
–
Достарыңызбен бөлісу: