Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41



Pdf көрінісі
бет68/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   99
Байланысты:
Китапша

//«АҚ КӨГЕРШІН» ӘНІ// (
HTTPS://SAZALEM.COM/KK/TRACK/AIGERIM-
KALAUBAEVA-AK-KOGERSHIN
 // ӘНДІ ОРЫНДАП БОЛҒАН СОҢ, БАЛАЛАР ҮЛКЕН 
ШЕҢБЕРГЕ ТҰРАДЫ// ТӘРБИЕШІНІҢ КӨМЕКШІСІ БАЛАЛАРҒА ҮШ ТОПҚА БӨЛІП ТУ
ГҮЛ, ШАР ҮЛЕСТІРІП БЕРЕДІ// 
Жүргізуші:
Балалар, біз тыныш елде ән салып, ойын ойнап, туған жеріміздің көрікті жерлерін 
аралап, бақытты өмір сүріп жатырмыз. Себебі, Жеңіс бізге бейбіт өмір сыйлады. Ал, бейбітшілік 
дегеніміз не?
Бірінші бала:
Бейбітшілік – арайлап атқан таңымыз. 
Екінші бала: 
Бейбітшілік – Отанымыздың тыныштығы. 
Үшінші бала:
Бейбітшілік – ата-анамның жанымда болуы. 
Төртінші бала: 
Бейбітшілік – достарыммен асыр салып ойнауым.
Бесінші бала:
Бейбітшілік – елімнің амандығы. 
Алтыншы бала: 
Бейбітшілік – тату-тәтті өмір сүру. 
Барлығы бірге:
Тату-тәтті өмір сүру. 
(
Барлығы бірге қолдарын жоғары көтеріп, қол 
бұлғайды). 
СОҢЫ (10 МИНУТ):
Музыкалық номер:
«Әрқашан күн сөнбесін» әні
Барысы:
Музыка қосылады. Балалар қолдарына ұстаған заттарға (ту, гүл, шар) байланысты 
үшке бөлінеді және ішкі шеңбер, ортаңғы шеңбер, сыртқы шеңбер құрады. Ішкі және сыртқы шеңбер 
оңнан солға қарай, ал ортаңғы шеңбер қарама-қарсы бағытта айнала қозғалады. Ту, шар, гүлдермен 
бұлғап, шеңберді айнала, «Әрқашан күн сөнбесін» (
https://www.youtube.com/watch?v=1Pd4ZMi54Ck

әнін орындайды. Ән соңында сыртқы шеңбер (ту ұстаған топ) алдыға шығып бас иіп, бір қатарға 
тұрады. Ортаңғы шеңбер (гүл ұстаған топ) алдыға шығып бас иіп, екінші қатарға тұрады. Ішкі шеңбер 
(шар ұстаған топ) алдыға шығып бас иіп, үшінші қатарға тұрады. 
Жүргізуші: 
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтарының амандығын ойлайды.
Балалар, біз аға - апаларымыз үшін қарыздармыз. Отан үшін жанын аямай, орасан зор қайсарлық, 
батырлық, ерлік көрсеткен ержүрек батырларды бүгінгі күнде еске алу, ұмытпай есімдерін тарихта 
жаңғыртып отыру - сіздердің және біздердің парызымыз! Осымен Ұлы Жеңістің ___ жылдығына 
арналған «БЕЙБІТ КҮН ЖАСАСЫН ӘЛЕМДЕ» атты шағын мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет