Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41


//АЛЫСТАН «ТОҚТАҢДАР, ТОҚТАҢДАР!» ДЕГЕН ДАУЫСПЕН ЖАЛҚАУБЕК ЖҮГІРІП



Pdf көрінісі
бет70/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   99
Байланысты:
Китапша

//АЛЫСТАН «ТОҚТАҢДАР, ТОҚТАҢДАР!» ДЕГЕН ДАУЫСПЕН ЖАЛҚАУБЕК ЖҮГІРІП 
КЕЛЕДІ//
Жалқаубек: 
Мәссаған, барлығың менен жасырынып, жиналып алыпсыңдар. Неге бәрің әдемі 
болып кеткенсіңдер, айнала неліктен тым сәнді? Бүгін қандай мереке атап өтілуде? Жаңа жыл, Аналар 
мерекесі, мүмкін Наурыз шығар?
Жүргізуші:
Ай-яй-яй, Жалқаубек. Үп-үлкен болып, бүгінгі мерекені білмейсің бе? Балалар, бүгін 
бізде қандай мереке?
//БАЛАЛАР ХОРМЕН «БІЛІМ КҮНІ» ДЕП ЖАУАП БЕРЕДІ//
Жүргізуші:
Қанеки, балалар, Жалқаубекке «Білім күні» туралы айтып берейік. 
//ӨЛЕҢ ОҚИТЫН БҮЛДІРШІНДЕР АЛҒА ШЫҒЫП, БІР ҚАТАРҒА ТІЗІЛІП ТҰРАДЫ//
1-бүлдіршін:
Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілді жылы жаныма.
Күлкідей әсем сылдырлап,
Бөбекті жиды маңына.
2-бүлдіршін: 
Бірінші қыркүйек күні мен,
Келіп ем бір шоқ гүліммен.
Балабақшам қарсы алды,
Сүйкімді қоңырау үнімен.
3-бүлдіршін: 
Балабақша – анамыз,
Оқып білім аламыз.
Өнерпаз болып өсетін,
Ақылды бала боламыз!


59
4-бүлдіршін:
Айналайын балғындар,
Алға бағыт алғандар.
Ертең өсіп толыңдар,
Ел мақтаны болыңдар.
5-бүлдіршін: 
Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз. 
Сабақты жақсы оқып,
Білімді бала боламыз.
6- бүлдіршін:
 Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз,
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз.
7-бүлдіршін: 
Әлемдегі барша жұрт,
Бас иеді білімге.
Білім күнін қарсы алып,
Қыркүйектің бірінде.
8- бүлдіршін:
Осынау мереке күніне,
Алғашқы қоңырау соғылсын. 
Үлкен, кіші, бәріне,
«Білім күні» құтты болсын!
//БАРЛЫҚ БАЛАЛАР ХОРМЕН: «БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!» ДЕЙДІ// ӨЛЕҢ ОҚЫҒАН 
БАЛАЛАР ОРЫНДАРЫНА БАРАДЫ//
Жүргізуші: 
1 қыркүйек - балабақша бүлдіршіндері ғана емес, білім алуға құштар бүкіл ха-
лықтың мерекесі. Бұл күн – әр баланың көкірегіне нұр құйылған, әр ұстаздың жүрегі тебіреніп, көңіл 
шарықтаған, әр ата-ананың мерейі өсе түскен нағыз қуанышты күн. Үш ай жазда демалған балақайлар 
қыркүйекте сауатты жазуға, сөйлеуді үйренуге, сабақ оқып білім алуға балабақшаға келеді. Сол се-
бепті, ол «Білім күні» деп аталады.
Жалқаубек:
А-а, енді түсіндім. Бірақ маған ондай мереке ұнамайды. Мысалы, жазғы демалы-
ста өте қызық. 
ОРТАСЫ (10 МИНУТ):
Қатысушылар:
жүргізуші, өлең оқитын бүлдіршіндер, Жалқаубек, Ақылды қыз
Барысы:
Жалқаубек балаларға қарап сұрақтар қояды. Балалар орындарында отырып, хормен 
жауап береді.
Жалқаубек: 
Балалар, жазда кім суға шомылуға барды?
• Кім ата-әжесіне қонаққа барды?
• Кім аулада доп ойнады?
• Кім тәтті балмұздақ жеді?
• Кім шырынды қарбыз жеді?
• Кім бақшада жеміс терді?
• Кім тауға барып жүгірді?
• Кім әткеншек теуіп, секірді?
Иә, жаз деген рахат қой. Демаласың, жүгіресің, секіресің, сабақ жайлы ойламайсың, күні-түні 
ойнайсың. Айтпақшы, балалар, ойын ойнағыларың келе ме?
/
/БАЛАЛАР ХОРМЕН «ИӘ» ДЕП ЖАУАП БЕРЕДІ// МУЗЫКА ҚОСЫЛАДЫ// ЖАЛҚАУБЕК 
КІШКЕНТАЙ ДОПТЫ АЛЫП БАЛАЛАРҒА КЕЗЕК-КЕЗЕК ЛАҚТЫРЫП ОЙНАЙДЫ// МУЗЫ
-
КА ТОҚТАЙДЫ// КЕНЕТ СЫРТТАН «ЖАЛҚАУБЕК» ДЕП АЙҚАЙЛАҒАН ҚЫЗДЫҢ ДАУСЫ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет