Жүргізуші қыз бала:
Егіндерімізді жинауға көмектескен біздің еңбекқор қырманшыларымызды
шақырайық.
Жүргізуші ұл бала:
Өзі сондай әдемі, гүлдей жайнап құлпырған бізді өз сиқырымен таңқалды-
рып қонаққа келген «Күз ханшайымын» қошеметпен қарсы алайық!
Жүргізуші қыз бала:
Мың бұралған сымбатты,біздің хореограф______қарсы алайық!
Жүргізуші ұл бала:
Біздің балабақшамыздың меңгерушісі ______қарсы алайық!
Жүргізуші қыз бала:
Біздің сүйікті тәрбиешіміз _______қарсы алайық!
//БАРЛЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАРМЕН ОРТАҚ ФОТО СУРЕТ//
«ТӘУЕЛСІЗДІК – ТІРЕГІМ, МАҚТАНЫШЫМ»
атты Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік
5+ жас аралығындағы тәрбиеленушілерге арналған сценарий
•МАҚСАТЫ:
- Балалардың Тәуелсіздік күні, өз Отаны, мемлекеттік рәміздері туралы түсініктерін молайту.
- Жұмбақ шешу, сұрақтарға жауап беру арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып,
тілдерінің дамуына ықпал ету.
- Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге
деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
ҚАТЫСУШЫЛАР:
•ӨТЕТІН КҮНІ:
•УАҚЫТЫ:
•КЕЙІПКЕРЛЕР:
Турист балалар, экскурсия жүргізуші (тәрбиеші), Алтын адам, батырлар, биші
қыздар.
•
ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
интербелсенді тақта, суреттер, жүрек пішінді ту немесе
көгілдір шарлар.
•
БЕЗЕНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
Қазақстан Республикасының
Президентінің портреті, Мемлекеттік рәміздер, автобус макеті.
ҰЗАҚТЫҒЫ:
30 минут
БАСЫ (10 МИНУТ):
Қатысушылар:
Жүргізушілер, турист балалар, экскурсия жетекшісі (тәрбиеші)
Музыкалық номер:
ҚР Мемлекеттік гимні
Барысы:
Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Тәрбиеленушілер сахнада жартылай шеңбер
құрып жайғасқан. Салтанатты фан-фар қосылады. Ортаға жүргізуші шығады.
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16 желтоқсан Тәуелсіздік
күніне арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК – ТІРЕГІМ, МАҚТАНЫШЫМ» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош
келдіңіздер! Бүгінгі ертеңгілігімізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен бастайық.
Достарыңызбен бөлісу: |