62
•
ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚ:
Нан өнімдері, шалғы(қырманшыларға), қапшық(қырманшы-
ларға), сиқырлы таяқша(Күз ханшайымына),
•
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КИІМДЕР:
Күз ханшайымының киімі,Бидайларға арналған киім,
Қарғаларға арналған киім, қырманшыларға арналған киім, Ән айтатын ұлдардың киімі (ақ жейде, қара
шалбар, қара бабочка, аяқтарына ақ және қара чешки).
•БЕЗЕНДІРУГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
Арба, шөп, бидай, жасыл және сары пер-
де, асқабақ, жасыл және сары жапырақтар, күнбағыс, қызыл оракл, сары қағаз, талдар, жасыл және
сары шар және т.б.
ҰЗАҚТЫҒЫ:
25 минут
БАРЫСЫ
1-ЭПИЗОД (1 минут)
• Қатысушылар: Жүргізуші ұл мен қыз және чучелалар
//БЕЗЕНДІРІЛГЕН САХНАҒА// ЧУЧЕЛАЛАР ШЫҒЫП, ЕКІГЕ БӨЛІНІП ТҰРАДЫ//
Жүргізуші ұл бала:
Армысыздар, халайық!
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!(бірге)
Жүргізуші қыз бала:
Құрметті ата-аналар және қонақтар! Жыл мезгілдерінің ішіндегі әдемі де
сұлуы күз мезгілі екені анық. Олай болса «БЕРЕКЕЛІ, МЕРЕКЕЛІ – АЛТЫН КҮЗ» атты ертеңгілігіміз-
ге қош келдіңіздер!
Жүргізуші ұл бала:
- О, (жүргізуші қыздың атын айтып) қарашы, мұнда біздің бидай сондай
әп-әдемі болып пісіп тұр екен!
/ЖҮРГІЗУШІ ҰЛ БАЛА ӨСІП ТҰРҒАН БИДАЙЛАРДЫ ҚОЛЫМЕН КӨРСЕТЕДІ/
Жүргізуші қыз бала:
- Иә, біздің биыл қамбамыз астыққа толайын деп тұр екен ғой!
Жүргізуші ұл бала:
- Иәәә..! Жүр ендеше, қырманшыларды тауып, егінімізді жинатып алайық.
Достарыңызбен бөлісу: