•ҚАТЫСУШЫЛАР:
•ӨТЕТІН КҮНІ:
•УАҚЫТЫ:
•КЕЙІПКЕРЛЕР:
Жүргізушілер, Қуанышбек, Мұңбек, Қуыршақ қыздар, ханшайым, батыр,
қасқыр мен лақ, Аяз ата, Ақша қар.
•
ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
интербелсенді тақта, ертегі кейіпкерлерімен презентация,
қысқы безендіру.
•
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КИІМДЕР:
жүргізушілердің сахналық костюмдері, балаларға ар-
налған әртүрлі аңдардың киімдері (қоян, қасқыр, аю, түлкі т.б.), Қуанышбектің ашық түстерден жа-
салған жейдесі, Мұңбектің қою түсті жейдесі, Аяз ата мен Ақша қардың образдық киімдері.
•
БЕЗЕНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
әсем, түрлі ойыншықтармен, жа-
рықтандырушы құралдармен безендірілген шырша, түрлі материалдардан жасалған қар қиындылары,
орман көрінісі.
ҰЗАҚТЫҒЫ:
30 минут
БАРЫСЫ
БАСЫ (10 МИНУТ)
Қатысушылар:
жүргізушілер, балалар, Қуанышбек, Мұңбек
Музыкалық номер:
«Жаңа жыл» әні
Барысы:
«Жаңа жыл» әні қосылады (https://www.youtube.com/watch?v=gQr-Oykh6ok). Әдемі
безендірілген сахнаға ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін киген балақайлар би билеп, қол бұлғап
шығады. Ортаға шығып болған соң, 3-4 тәрбиеленушіден кезек-кезек алға шығып, ән аяқталғанша
дефиле (әдемі көйлектерін, костюмдерін көрсетіп, айналып) ұйымдастырады.
//ӘН АЯҚТАЛҒАН СОҢ БАЛАЛАР ОРЫНДЫҚТАРҒА ОТЫРАДЫ// ОРТАҒА ЖҮРГІЗУШІЛЕР
(ҰЛ ЖӘНЕ ҚЫЗ) ШЫҒАДЫ//
1-жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге бұл жаңа жыл арайлы!
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
2-жүргізуші:
Сәлем-сәлем, балалар! Жылдың ең сиқырлы, ең көңілді мерекесі келіп жетті. Айна-
ланың бәрі ақ ұлпа қарға малынып, мүлгіген шақта жанымызға ерекше жылулық, шаттық сыйлайтын
Жаңа Жылға арналған «Ертегілер әлемінде» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Достарыңызбен бөлісу: |