Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41



Pdf көрінісі
бет85/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   99
Байланысты:
Китапша

1- жүргізуші:
Аяз атажаңа жылда келіп, жыл бойы ақылды, тәртіпті, жақсы болған балаларға 
сыйлық беретін кейіпкер. 
Мұңбек: 
Сыйлық? Маған да сыйлық алған ұнайды. 
2- жүргізуші:
Ендеше, балалар, ертегілер әлеміне Аяз атаны шақырайық. 
Балалар:
Аяз ата, Аяз ата. (хормен)
//МУЗЫКА ҚОСЫЛАДЫ// АЯЗ АТА МЕН АҚША ҚАР КІРЕДІ//
Аяз ата: 
Амансыңдар ма, балалар! Жаңа жыл құтты болсын! Ой, айналайындар, қандай 
әдемісіңдер, қандай көңілдісіңдер, шыршаларың қандай әдемі? 
Ақша қар: 
Балалар, біз сонау алыстан сендердің әндеріңді, өлең шумақтарын естіп келдік. Жаңа 
жыл мерекесін осылай қарсы алып жатқандарыңа өте қуаныштымыз. 
Аяз ата: 
Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін,
Жаңа жылдың түнінде,
Жасыл шырша түбінде,
Кездессем деп сендермен.
Таратсам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар?
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма?!
Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Қане, сиқырлы сөздерімізбен оның шамда-
рын жарқыратайық!
Ақша қар:
Қуант бізді, таңырқат, шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар:
Қуант бізді, таңырқат, шамдарыңды жарқырат(қолдарын шапалақтатады). Шырша 


70
жарқырайды.
Аяз ата: 
Бәрекелді, бәрекелді! Осындай жарқын жүзді, көңілді, бір-біріне жақсылық ойлаған 
өздеріңдей балапандарға сыйлық сыйлап, қуаныштарыңды еселегіміз келеді. Ала қойыңдар.
Сендер секілді бізді асыға күткен басқа балабақшалардың бүлдіршіндеріне жол тартқалы тұр-
мыз. Сондықтан келесі кездескенше сау болыңдар дейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет