•БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КИІМДЕР: қазақша биге арналған костюм, кемпірқосақтың жеті
түсіне сәйкес киімдер.
ҰЗАҚТЫҒЫ: 45 минут
БАСЫ (10 МИНУТ) Қатысушылар: жүргізушілер, жеті түсті қолшатыр ұстаған балалар
Музыкалық номер: «Жау, жау, жау, жаңбыр» әні
Барысы: Музыкалық әуенмен ортаға қолдарына жеті түсті жабулы қолшатыр ұстаған мек-
теп алды даярлық тобының түлектері шығып, орындарына тұрады. Фан-фар қосылып, сахнаға жүр-
гізушілер шығады.
1-жүргізуші: Қымбатты қонақтар мен ардақты ата-аналар! Бүгінгі балабақшамыздың төрінде
өтіп жатқан кішкентай түлектеріміздің құрметіне арналған «Қош бол, балабақша» атты балабақшамен
қоштасу мерекесіне қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Біздің кішкентай ғана балапандарымыз, өздерінің алғашқы білім сапарын баста-
мақ. Кеше ғана бала болып ойнап жүрген балақайларымыз, қолдарына қалам ұстап, оқушы болуға әзір.
1-жүргізуші: //МУЗЫКАЛЫҚ ӘУЕН ҚОСЫЛАДЫ// ЖҮРГІЗУШІЛЕР САХНА СЫРТЫНА КЕТЕДІ// КҮННІҢ КҮРКІРЕГЕН ДАУЫСЫ, АРТЫНША ЖАҢБЫРДЫҢ ЖАУҒАН ДЫБЫСЫ ЕСТІЛЕДІ// БАЛАЛАР ЖЕТІ ТҮСТІ (ҚЫЗЫЛ, ҚЫЗҒЫЛТ САРЫ, САРЫ, ЖАСЫЛ, КӨГІЛДІР, КӨК, КҮЛГІН) ҚОЛШАТЫРЛАРЫН АШЫП, ОРТАДА ҮЛКЕН ШЕҢБЕР ЖАСАЙДЫ// «ЖАУ,ЖАУ, ЖАҢБЫР» ӘНІ ҚОСЫЛАДЫ (HTTPS://WWW.YOUTUBE.COM/WATCH?V=IOCLEPWG8HW )// ТҮЛЕКТЕР ҮЛКЕН ШЕҢБЕРМЕН АЙНАЛЫП ЖҮРЕДІ// ЖАРТЫЛАЙ ШЕҢБЕР ЖАСАП ТҰРАДЫ, ҚОЛШАТЫРЛАРЫН АЛДАРЫНА ҰСТАП АЙНАЛДЫРАДЫ// ҚОЛШАТЫРЛАРДЫҢ ЖЕТІ ТҮСІ БОЙЫНША БАЛАЛАР КЕЗЕК-КЕЗЕК АЛДЫҒЫ ШЫҒАДЫ. БІРІНШІ ҚЫЗЫЛ ҚОЛШАТЫР ҰСТАҒАН БАЛАЛАР АЛҒА ШЫҒЫП ОҢҒА БІР, СОЛҒА БІР ТЕҢСЕЛІП, ӨЗ АЙНАЛАСЫНДА БІР АЙНАЛЫП, ОРЫНДАРЫНА ОРАЛАДЫ// ӘН ЫРҒАҒЫНА ІЛЕСІП, ӨЗГЕ ТҮСТІ ҚОЛШАТЫР ҰСТАҒАН БАЛАЛАР ҚИМЫЛДАРДЫ КЕЗЕКПЕН ҚАЙТАЛАЙДЫ// СОҢЫНДА БАРЛЫҒЫ ТАҒЫ