Жүргізуші ұл бала: Керемет билерімен өз өнерлерін көрсеткен «БАҚАЛАРЫМЫЗДЫ» да қарсы
алайық!
Жүргізуші қыз бала: Бәрімізді өнерімен тәнті еткен «ҚОҢЫЗДАРЫМЫЗҒА» қошеметімізді
аямайық!
Жүргізуші ұл бала: Ортаға күнді ұнатпайтын, алайда ханшайымымызға тамақ ұсынған
«КӨРТЫШҚАНДЫ» шақырамыз.
Жүргізуші қыз бала: Ханшайымымыздың бақытты сәтіне себепкер мейірімді құс
«ҚАРЛЫҒАШЫМЫЗСЫЗ» кешімізді қалай қорытындылаймыз?!
Жүргізуші ұл бала: Көңілді кешіміздің басты кейіпкері «КӨКТЕМ АРУЫНА» алғысымызды
білдірейік!
Жүргізуші қыз бала: Біздің сүйкімді әрі кішкентай достарымыз «ЭЛЬФТАРЫМЫЗҒА» қол
бұлғап қоялық!
//БАРЛЫҚ БАЛАЛАР «МАМОЧКА МИЛАЯ» ӘНІН ОРЫНДАЙДЫ// Жүргізушілер: Аналар мерекесі құтты болсын! (бірге)
Жүргізуші қыз бала: Мың бұралған, кешіміздің сәніне айналған біздің хореограф______қарсы
алайық!
Жүргізуші ұл бала: Біздің балабақшамыздың меңгерушісі ______ ға алғысымызды білдіреміз!
Жүргізуші қыз бала: Біздің сүйікті тәрбиешіміз _______қошеметімізді аямайық!
//БАРЛЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАРМЕН ОРТАҚ ФОТО СУРЕТ// «ҚОШ БОЛ, БАЛАБАҚША!» 5+ жас аралығындағы тәрбиеленушілерге арналған сценарий •МАҚСАТЫ: - Балалардың жыл бойы алған біліктерінің, ой-өрістерінің жемісін, өнерлерін ортаға сала
отырып, балаларды үлкен өмірге қадам басуға даярлау.
- Бүлдіршіндерді адамгершілікке, достыққа, бауырмалдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
ҚАТЫСУШЫЛАР: •ӨТЕТІН КҮНІ: •УАҚЫТЫ: •КЕЙІПКЕРЛЕР: Екі жүргізуші,«Балабақша» сахна сыртындағы дауыс, балабақша бітіруші
түлектер, биші қыздар, әнші бала.
74
•ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚ: жеті түсті қолшатырлар, жеті түсті шарлар, табиғат құбылыста-
рының дыбысы жазылған таспа.