Бұл баллада өте ерекше жанрмен жазылған. Бір ғана шағын шығарма көлемінде бірнеше үлкен тақырыптарды көрсеткен. Соғыс, адалдық, живописьтің ұлылығы , аманаттық сал- дәстүр, ақын сыры, махаббат тақырыптары. Жалпы соғыс тақырыбы болғанымен басында суретшілердің өнері мен ақындардың таланттарын талқыға салумен басталады. Живописьтің ерекшелігін көркем сөзбен жақсы жазған. Мысалы “Живопись - ол күйшілердің шыр-пыр болып айқайлауы емес”- деген жерінде анық көрсетіледі. Екі солдат бір орамалға неге екі есімді жазып бергенін түсіне алмай , мүмкін ғашықтық сезім бе деп ойлайды. Бұл екі досқа Қарғаш қыздың аманатқа берген, Отанына аман-есен оралуына үміт болсын деп берген бөз орамалы еді. Бірақ, достар арасында арамдық пиғал да пайда болғанын “Бөз орамалды сақтай алмай жоғалтып алдым”, - деп өтірік айтқандығынан көре аламыз. Қызғаныш сезім пайда болады. Соғыста досына оқ тиіп өлер шағында орамалды жоғалтпағанын мойындап, досына қайтарып береді. Оқып отырғанда мақтаншақтық сезімді, көре білдім, аянышты сезім пайда болды, досына сатқындық жасағаны маған өте әсерлі болды, жараланғанда қорықтым.
Тақырыптың өзектілігі:
Мен Қарғаш қыздың әрекетін екі досты бірдей жақсы көреді деп ойламаймын. Достары аман келсін деп берді деп бағалаймын. Ақын ағамыздың живопиське осы ойлардың барлығын сыйғызып жазғанына таң қалдым. Қорыта келгенде мен сияқты достарым осы балладаны оқып білсе екен деп ойлаймын. Осы туындыда өте керемет ойлар мен әр түрлі сезімдер жақсы көрсетілген.
Әрине, мен тек осы ақынның шығармаларын ғана оқимын деген сөзім емес. Қазақ болып туылған соң Абай атамыздың қара сөздерімен шығармаларын оқымағанымыз намысымызға сызат түсіретіні анық. Қазақ халқында ақындар мен жазушылар өте көп шығармалары әр түрлі жанрда жазылған туындылары өте көп. Тек ерінбей оқитын оқырман болса деймін . Қазіргі кезде техниканың өте тез дамып кеткендігінің кейде зияны да көп пе деп ойлаймын. Біз қазақ ұрпағы соның пайдалы жағын алсақ жақсы болар еді. Мысалы құлағымызға таңнан кешке дейін әндерді ғана тыңдап жүре бермей ақын ағаларымыздың ертегілерінен бастап жырларын, өлеңдерін тыңдасақ қандай жақсы тәлім-тәрбие-алар едік деп ойлаймын. Достарыма кеңес беремін.