Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар мен ұстаздар!



Дата02.02.2022
өлшемі18,75 Kb.
#117088
Байланысты:
ашык сынып сагаты
ашык сынып сагаты, ашык сынып сагаты, Жумагалиев рубежка, қоштасу сенари, Қазақ тілі 2-сынып кмж жаңа

  1. Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар мен ұстаздар!

Бүгінгі онлайн кездесуімізді Тұманбай Молдағалиев ағамыздың өлеңімен ашқым келіп отыр. Ал, сіздер осы өлеңде ақын ағамыз не жайлы жырлағанын мұқият тыңдап отырсаңыздар.

Адам күліп қарсы алады таң нұрын

Адам жырлап жөнелтеді әр күнін

Сәл қайғырса , ол ұғына түседі

Дүниенің кеңдігі мен тарлығын

Адам күліп қарсы алады таң нұрын

Адам жырлап ұзартады әр күнін

Сәл қуанса , шығарады ол естен

Дүниенің кеңдігі мен тарлығын!

- Балалар қалай ойлайсыңдар бұл өлеңде не жайлы жырлаған ? Әрине, өмір жайында .Ендеше бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыз «Адам өмірі - басты құндылық» деп аталады.

2. -Балалар өмір туралы қандай қанатты сөздер білеміз.

3. Пікірталас сұрақтары:



  1. Өмір дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?

  3. Өмір адамға несімен қымбат?

Міне осы сұрақтарға сіздердің берер жауаптарыңыз қандай болмақ? Сөз кезегі өздеріңізде.

  1. Сендер қалай ойлайсыңдар 1. Өмірде ешқашан оралмайтын 3 нәрсе.
    2. Өмірде адамды құртатын 3 нәрсе. Олар нелер. Кім айтады?

Өмір туралы ақын жазушыларымыздың қандай өлеңдерін білесіңдер. Кім оқып береді

Балалар бізге белгілі болғандай біздің сабағымыздың аты«Адам өмірі - басты құндылық» деп аталады. Тақырыпты бұлай алу себебім, қазір суицид әрекеті жасөспірімдер арасында кеңінен таралып отыр.



  1. Міне осы Суйцид туралы біраз мағлұмат алайық / слайдтармен жұмыс/

Адамның өмір бір – ақ беріледі. Қамшының қысқа сабындай ғана өмірде сәнді

де мәнді өткізу әрқайсымыздың қолымыздан келеді. Ол үшін өзімізге мақсат қойып, сенімді болайық. Қандай жағдай болса да өмірден бас кешіп, бәрінен жалығуға, түңілуге болмайды. Тығырықтан шығатын жолдың бар екенін ұмытпаңыздар. Ол үшін жанымыздағы адамдарға, жолдастарымызға көңіл бөліп, жанын не жаралайтынын білген жөн.



  1. Келесі кезекті Видеороликтерге берейік.

  2. Осы видеолардан не түсіндік

  3. Қорытынды

Қорытынды сөз: Міне, өмір, бақыт дегеннің не екенін манадан талдадық олай болса «Адам боп оңай туғанмен , Адам боп қалу көп қиын» деп Қадір Мырзалиев атамыз айтқандай сіздердің бүгінгі кештен не түйгендеріңізді тыңдағым келіп тұр.

Сөз соңында «Адамды өмір үйретеді, үйретпесе күйретеді» дегендей,

«Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілістер мен ауыртпалықтардан қорықпау» дегім келеді.

Біз баққытымыз , себебі біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз!

Шыдамдыны мына өмір ұнатады,

Бірде қуантып, бірде жылатады,

Сүріндіріп кейде сені құлатады.

Жылатып тұрып жұбатады

Дұшпандарға кейде сені сынатады,

Қатал тағдыр бірақ та шыдатады,

мына өмір сендер үшін қымбат әлі,- демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың.

Сол жолдан адаспай өтіп арман – мақсаттарыңыздың орындалуын тілей отырып бүгінгі тәрбиелік шарамызды «Өміріңе немқұрайлы қарама» әнімен аяқтайық. Бүгінгі тәрбие сағатынан қандай әсер алдыңдар?



Өз көңіл күйлеріңді смайлик арқылы білдіріңдер.

Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет