ҮЛКЕН ШЕҢБЕРМЕН АЙНАЛА ЖҮРЕДІ// МУЗЫКА АЯҚТАЛЫП, БАЛАЛАР ОРЫНДАРЫНА
ТҰРАДЫ//
ОРТАСЫ (20 МИНУТ):
Қатысушылар:
жүргізушілер, қолшатыр ұстаған үш бүлдіршін, «Балабақша» дауысы
Музыкалық номер:
«Қош бол, балабақшам» әні, «Қазақ» биі, «Оқуда озат боламын» әні.
Барысы:
Жаңбырдың себелеген дауысы естіледі. Ортаға қолшатырын ұстаған үш бүлдіршін
шығады.
1- бүлдіршін:
Төрт жыл тәлім-тәрбие алып, өміріміз шат күлкіге толып, көптеген мерекелерді
өткерген балабақшамызбен қоштасатын сәт те келіп жетті.
2- бүлдіршін:
Осындай мерекелі кеште күн райының бұзылып, күннің көзі бұлттанып тұрға-
ны-ай!
3- бүлдіршін:
Иә, жаңбыр да тоқтаусыз жауып тұр. Мүмкін, ол балабақшамыздың бізді қимай
жылағаны шығар.
//СЫРТТАН «БАЛАБАҚШАНЫҢ» ДАУЫСЫ ЕСТІЛЕДІ// БАЛАЛАР
ТӨБЕГЕ ҚАРАП ДАУЫСҚА ҚҰЛАҚ САЛАДЫ//
Балабақша:
Cәлеметсіңдер ме балалар! Иә, бұл жаңбыр емес, қимастықтың көз жасы. Сәби
болып келіп, төрт жыл бауырыма басқан бүлдіршіндеріммен қоштасқым келмейді.
1-бүлдіршін:
Мәссаған, егер балабақшамыздың көңілін көтермесек, ол үнемі осылай жылап қала
ма?
2-бүлдіршін:
Балабақшаға алғысымызды айтып, өнерімізді көрсетіп, қуантайық.
3-бүлдіршін:
Қане, достар, бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бала-бақшамызда үйренген
өнерімізді паш етейік.
1-жүргізуші:
Көтеріп келіп қолымен
Жетектеп үйге қайтатын.
Сәби еді былдырлап,
Сағынышын айтатын.
Тілі таза бүгінде,
Жүгірмейді аптығып,
75
Жүректері тұр ма әлде,
Қоштасатын шақты ұғып.
2- жүргізуші:
Мектеп ана шақырады бізді алдан,
Алдымызда әлі талай сан арман.
Қоштассақ та балабақшам сенімен,
Санамызда өзің берген өнегең,
- дей келе « » мектеп алды даярлық тобы
бүлдіршіндерінің балабақшамен қоштасқалы тұрған лебіздерін тыңдалық.
Достарыңызбен бөлісу: |