77
леріңді аямай барынша тырысып көрсеттіңдер. Осындай өнерлі, ақылды ұл-қыздарыммен мақтана-
мын. Сендерге ақ жол тілеймін. Сапарларың оң болсын бүлдіршіндер!
//ҚҰСТАРДЫҢ ӘН САЛЫП, КҮН РАЙЫНЫҢ АШЫЛҒАНЫНЫҢ БЕЛГІСІ БОЛАТЫНДАЙ
ДЫБЫС ҚОСЫЛАДЫ// (HTTPS://WWW.YOUTUBE.COM/WATCH?V=SR0PGXGUQMS) САХНА
СЫРТЫНАН «БАЛАБАҚШАНЫҢ» ТІЛЕГІ АЙТЫЛАДЫ// БАЛАЛАР МӘТІН МАЗМҰНЫНА
СӘЙКЕС КИГЕН КИІМДЕРІНІҢ ТҮСІМЕН ШАР ҰСТАП КЕЗЕКПЕН ШЫҒА БАСТАЙДЫ//
САХНАДА ЖЕТІ ТҮСТІҢ РЕТІ БОЙЫНША КЕМПІРҚОСАҚ ҚҰРЫП ОРНАЛАСАДЫ//
Балабақша:
Сендерге тілерім, құшақтарың үнемі қызыл гүлге толы болсын, алға деген тал-
пыныстарың қызыл жалындай болсын, жолдарыңа қызыл кілем төселіп, мектепте тек қызыл бестік
алыңдар (қызыл түсті киім киген түлектер шығады).
Көңілдерің әрқашан қызғылт сары түстей жарқын, ашық, көңілді болсын. Бақытты балалық
тілеймін, балапандарым! (қызғылт сары түсті киім киген түлектер шығады).
Әр күндерің жарқырап, даналыққа толы болсын. Шұғылалы күндерің тыныштық пен байлық
сыйласын (сары түсті киім киген түлектер шығады).
Өмірлерің жасыл табиғаттай сұлу болып, жайнай беріңдер. Денсаулығы мықты ер азамат болып
өсіңдер (жасыл түсті киім киген түлектер шығады)!
Аспандарың ашық болсын. Тыныш, бейбіт елдің ұланы болыңдар. Бірлік пен береке тілеймін
(көгілдір түсті киім киген түлектер шығады)!
Білім деген теңізде мектеп атты кемемен еш толқынсыз, дауылсыз жүзіп өтіңдер (көк түсті киім
киген түлектер шығады)!
Күлгін түстей әдемі армандарыңа жетіп, биік-биік белестерді бағындыра беріңдер (күлгін түсті
киім киген түлектер шығады)!
Өмір жолдарың кемпірқосақтай түрлі-түсті болып, онда тек қана жарқын түстер болсын,
бүлдіршіндер!
Балабақша есігін ашып сендер,
Тым кішкентай бала боп келген еңдер.
Бұл бақшадан үйреніп көп дүние,
Міне бүгін оны да бітірдіңдер.
Бақшадан соң мектепке барасыңдар,
Оқу оқып, шамнан шырақ жағасыңдар.
Зейіндерің ашылсын балапандар,
Бар бақытты оқудан табасыңдар.
Алла жар боп балапан сен аман бол,
Көп боп күндер ғажайып шаттығы мол.
Жаңа өмірде қадамдарың құтты болып,
Балдырғандар әрқашан бақытты бол!
Достарыңызбен бөлісу: