Жүргізуші ұл бала:
- Иә, шынымен, қандай көркем қыз. Ұйқысы да балғын. Жүр, ендеше, бұл
сұлулықты бұзып, оны оятып алмайық.
//ЖҮРГІЗУШІЛЕР ШЫҒЫП КЕТЕДІ//САХНАҒА МУЗЫКА ЫРҒАҒЫМЕН ШЫҚҚАН БАҚА
ГҮЛДІ АЙНАЛЫП ЖҮРІП, ҚЫЗДЫ КӨРЕДІ//
Бақа:
- Ой, қандай сүйкімді қыз! Сүйкімділігі сондай мені бір көргеннен баурап алды. Бұл
сезімімді анаммен бөлісейін.
//БАҚА МУЗЫКАНЫҢ ЫРҒАҒЫМЕН САХНА СЫРТЫНА ШЫҒАДЫ// //ОРТАҒА ӘНШІ БАЛА
-
ЛАР ШЫҒЫП, «АЙНАЛАЙЫН АҚ МАМА» ӘНІН ОРЫНДАЙДЫ //КІШКЕНТАЙ ХАНШАЙЫМ
ӘНДІ ЕСТІП, ҰЙҚЫСЫНАН ОЯНЫП, ӘНГЕ ҚҰЛАҚ ТҮРЕДІ//
3-ЭПИЗОД (2 минут)
Қатысушылар:
Бақалар, кішкентай ханшайым, қоңыз, бақаның анасы.
Музыкалық номер:
«Бақалар» биі
//ОРТАҒА БАҚАНЫҢ АНАСЫ ЖӘНЕ БАҚАНЫҢ ДОСТАРЫ
(3 БАҚА) ШЫҒЫП, КІШКЕНТАЙ ХАНШАЙЫММЕН СӨЙЛЕСЕДІ//
Бақаның анасы:
- Сәлеметсің бе кішкентай ханшайым! Сенің сұлулығың, нәзіктігің көрген жан-
ды бірден баурап аларлықтай. Менің балама лайықты ару екенсің. Сондықтан сені балама қалыңдық
етіп алу үшін алдыңа келіп тұрмыз.
Кішкентай ханшайым:
- Жооқ, мен сіздің балаңызға қалыңдық бола алмаймын.
Бақаның анасы:
- Хмм... Сенің мұныңды қалай түсінуге болады, қанша қырсыққаныңмен менің
баламнан артығын таппассың.
//БАҚАЛАР ХАНШАЙЫМДЫ АЙНАЛА БИЛЕЙДІ//БИДІҢ СОҢЫНДА ҚОҢЫЗ ШЫҒЫП,
КІШКЕНТАЙ ХАНШАЙЫМДЫ ҰРЛАП КЕТЕДІ//БАҚАЛАР КІШКЕНТАЙ ХАНШАЙЫМНЫҢ
СОҢЫНАН ҚУА ЖӨНЕЛЕДІ//
4-ЭПИЗОД (3 минут)
Қатысушылар:
Жүргізушілер, көбелектер.
Музыкалық номер:
«Әже» әні.
//ЖҮРГІЗУШІЛЕР ШЫҒАДЫ//
Жүргізуші ұл бала
: - Сұлу ханшайым ұйқысынан оянған шығар. Барып мерекесімен құттықтайық.
- Ой, кішкентай ханшайым мұнда жоқ қой. Қайда кетуі мүмкін?
Достарыңызбен бөлісу: |