УАҚЫТТА КІШКЕНТАЙ ХАНШАЙЫМ ЖЫЛАП ШЫҒАДЫ//
Көртышқан:
Сүйкімді ару, сен неліктен көңілсізсің. Көз жасыңды төгуге себеп болған кім?
Өзің кіп-кішкентай екенсің, мүмкін қарның ашқан шығар?
//КӨРТЫШҚАН КІШКЕНТАЙ ХАНШАЙЫМҒА ДӘНДЕРІНІҢ БІРЕУІН БЕРІП,
ХАНШАЙЫМНЫҢ ТАМАҚТАНЫП ОТЫРҒАН СӘТІН БАҚЫЛАЙДЫ//
Көртышқан:
Сен сондай нәзік сұлу екенсің, тамақты да аз жейсің. Сондықтан маған қатты ұнап
қалдың, ендеше мен сені қалыңдығым етемін. Барып той көйлегіңді киіп кел.
Кішкентай ханшайым:
Менің таңдау жасар мүмкіндігім қалмады. Кішкентаймын, қасымда қол-
даушым да жоқ әрі жапан далада адасып, жалғыз қорқатыным анық. Басқа амалым қалмаған секілді...
//КІШКЕНТАЙ ХАНШАЙЫМ САХНАДАН ЖЫЛАП ШЫҒЫП, БАСЫНА АҚ ФАТА ТАҒЫП,
ҚАЙТА ОРАЛАДЫ//ҮЙЛЕНУ ТОЙЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ МУЗЫКАСЫ ҚОСЫЛАДЫ//
Кішкентай ханшайым:
Көртышқан, айтқаныңды орындадым ғой. Мінеки, той көйлегін де ки-
дім. Соңғы өтінішім, маған күнмен қоштасуға мүмкіндік бер.
Көртышқан:
Мен күнді жек көремін. Ол менің көзімді ауыртады. Маған ұнамайды.
Кішкентай ханшайым:
Ал мен күнді жақсы көремін.
Көртышқан:
Жарайды, саған бір мүмкіндік берейін. Күнмен қоштасып ал.
//КІШКЕНТАЙ ХАНШАЙЫМ КҮНМЕН ҚОШТАСУҒА ШЫҚҚАН
УАҚЫТТА ҚАРЛЫҒАШ ҰШЫП КЕЛЕДІ//
Қарлығаш:
Кішкентай ханшайым! Сен мұнда екенсің ғой! Жүр, мен сені Эльфтардың сарайына
алып барайын.
//ҚАРЛЫҒАШ КІШКЕНТАЙ ХАНШАЙЫМДЫ АЛЫП КЕТЕДІ//МҰНЫ КӨРІП ТҰРҒАН КӨР
-
ТЫШҚАН АРТЫНАН ҚУА ЖӨНЕЛЕДІ//
Көртышқан:
Менің ханшайымымды қайда алып барасың?
7-ЭПИЗОД(7 минут)
Қатысушылар:
Жүргізушілер, Эльфтар, Көктем аруы (тәрбиеші немесе тәрбиеленуші қыз бала).
Музыкалық номер:
Достарыңызбен бөлісу: |