71
Жүргізуші ұл бала:
- Армысыздар! Құрметті ұстаздар, ата-аналар және біздің айдай сұлу арула-
рымыз! Сіздерді бүгінгі көктемнің шуақты әрі шырайлы мейрамында өздеріңізге арналған мерекелік
кешімізде көргенімізге қуаныштымыз!
Жүргізуші қыз бала:
- Иә, дұрыс айтасың! Бұл мереке табиғаттың тамылжып, таңғажайып кей-
іпке енер мезгілінің ең әсем, ең ерекше мерекесі десек қателеспейміз. Аяулы әжелер, ардақты аналар,
қызғалдақ қыздар, мейірбан тәрбиешілер, сіздерді 8 Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтай-
мыз!
Жүргізуші ұл бала:
Сіздерге осынау әдемі сәтте әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің көңілді
күнін тілейміз! Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер! Ендеше өздеріңізге арналған«Ға-
жайып ертегілер әлемі» атты ертеңгілімізді қабыл алыңыздар!
Жүргізуші қыз бала:
(Жүргізушінің атын айтып)қарашы, мұнда кіп-кішкентай қыз ұйықтап жа-
тыр.Өзі сондай тәп-тәтті...
Достарыңызбен бөлісу: