69
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Қуанышбек:
Бәрекелді! Осы шумақтардан кейін көңілің нақты көтерілген шығар?
Мұңбек:
Жоқ. Көтерілмеді. Жаңа жыл мерекесін әлі де ұната алмадым.
Қуанышбек:
Онда, мен саған не ұнайтынын білемін. Жүр, мен сені ертегілер әлеміне алып ба-
рамын.
//МҰҢБЕК ПЕН ҚУАНЫШБЕК ҚОЛ ҰСТАСЫП КЕТЕДІ// ОРТАҒА ЖҮРГІЗУШІЛЕР ЖӘНЕ
ХАНШАЙЫМ, ҚАСҚЫР МЕН ЛАҚ, БАТЫР ШЫҒАДЫ//
1-жүргізуші:
Балалар, сендер ертегі тыңдағанды және мультфильм көргенді ұнатасыңдар ма?
2-жүргізуші:_Ал,_сендердің_сүйікті_ертегілерің_қандай_Ханшайым'>Балалар:
Иә, иә, иә! (хормен)
2-жүргізуші:
Ал, сендердің сүйікті ертегілерің қандай?
Ханшайым:
Маған «Рапунцель», «Күлбике», «Барби» сияқты Дисней ханшайымдары туралы
ертегілер ұнайды. Мен осы ертегілердегі ханшайымдар секілді әдемі болғым келеді.
Батыр:
Маған «Алпамыс», «Ер Төстік», «Толағай» ертегілері ұнайды. Мен де осы ертегілердегі
батырлар сияқты батыл әрі мықты болғым келеді.
Қасқыр:
Ал, маған «Қасқыр мен жеті лақ», «Түлкі мен қоян», «Үш торай» ертегісі ұнайды.
Лақ:
Иә, бұл ертегілер бізге үлкендерді тыңдауды, бөтен адамдармен сөйлеспеуді үйретеді.
1-жүргізуші:
Иә, ертегілердің барлығы тек қызықты емес, сонымен қатар пайдалы екен.
2-жүргізуші:
Балалар, ертегі кейіпкерлерімен ертегі әлемінде ертегі туралы ән айтсақ қайтеді?
Балалар:
Иә, иә, иә! (хормен)
СОҢЫ (10 МИНУТ):
Барысы:
Балалар ортаға тұрып, хормен «Ертегілер әлемі» әнін орындайды. (https://www.youtube.
com/watch?v=Qq3pctgEq6I )
Мұңбек:
Көңілім көтеріліп қалды ғой.Ертегі әлемінде расында да керемет екен. Бірақ балалар
жаңа жылды неге сонша асыға күтеді?
Қуанышбек:
Себебі жаңа жылдық ертегінің басты кейіпкері бар. Ол кім, балалар?
Балалар:
Аяз ата, Аяз ата. (хормен)
Мұңбек:
Аяз ата деген кім?
Достарыңызбен бөлісу: