Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41



Pdf көрінісі
бет88/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   99
Байланысты:
Китапша

Жүргізуші ұл бала: 
- Иә, шынымен, қандай көркем қыз. Ұйқысы да балғын. Жүр, ендеше, бұл 
сұлулықты бұзып, оны оятып алмайық. 
//ЖҮРГІЗУШІЛЕР ШЫҒЫП КЕТЕДІ//САХНАҒА МУЗЫКА ЫРҒАҒЫМЕН ШЫҚҚАН БАҚА 
ГҮЛДІ АЙНАЛЫП ЖҮРІП, ҚЫЗДЫ КӨРЕДІ//
Бақа: 
- Ой, қандай сүйкімді қыз! Сүйкімділігі сондай мені бір көргеннен баурап алды. Бұл 
сезімімді анаммен бөлісейін. 
//БАҚА МУЗЫКАНЫҢ ЫРҒАҒЫМЕН САХНА СЫРТЫНА ШЫҒАДЫ// //ОРТАҒА ӘНШІ БАЛА
-
ЛАР ШЫҒЫП, «АЙНАЛАЙЫН АҚ МАМА» ӘНІН ОРЫНДАЙДЫ //КІШКЕНТАЙ ХАНШАЙЫМ 
ӘНДІ ЕСТІП, ҰЙҚЫСЫНАН ОЯНЫП, ӘНГЕ ҚҰЛАҚ ТҮРЕДІ//
3-ЭПИЗОД (2 минут)
Қатысушылар: 
Бақалар, кішкентай ханшайым, қоңыз, бақаның анасы.
Музыкалық номер:
«Бақалар» биі
//ОРТАҒА БАҚАНЫҢ АНАСЫ ЖӘНЕ БАҚАНЫҢ ДОСТАРЫ
(3 БАҚА) ШЫҒЫП, КІШКЕНТАЙ ХАНШАЙЫММЕН СӨЙЛЕСЕДІ//
Бақаның анасы:
- Сәлеметсің бе кішкентай ханшайым! Сенің сұлулығың, нәзіктігің көрген жан-
ды бірден баурап аларлықтай. Менің балама лайықты ару екенсің. Сондықтан сені балама қалыңдық 
етіп алу үшін алдыңа келіп тұрмыз. 
Кішкентай ханшайым:
- Жооқ, мен сіздің балаңызға қалыңдық бола алмаймын.
Бақаның анасы: 
- Хмм... Сенің мұныңды қалай түсінуге болады, қанша қырсыққаныңмен менің 
баламнан артығын таппассың.
//БАҚАЛАР ХАНШАЙЫМДЫ АЙНАЛА БИЛЕЙДІ//БИДІҢ СОҢЫНДА ҚОҢЫЗ ШЫҒЫП
КІШКЕНТАЙ ХАНШАЙЫМДЫ ҰРЛАП КЕТЕДІ//БАҚАЛАР КІШКЕНТАЙ ХАНШАЙЫМНЫҢ 
СОҢЫНАН ҚУА ЖӨНЕЛЕДІ// 
4-ЭПИЗОД (3 минут)
Қатысушылар:
Жүргізушілер, көбелектер.
Музыкалық номер: 
«Әже» әні. 
//ЖҮРГІЗУШІЛЕР ШЫҒАДЫ//
Жүргізуші ұл бала
: - Сұлу ханшайым ұйқысынан оянған шығар. Барып мерекесімен құттықтайық. 
- Ой, кішкентай ханшайым мұнда жоқ қой. Қайда кетуі мүмкін?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет