сауда жолының Жібек жолы атануында үлкен мән бар. Себебі алғашқы негізгі тауары жібек (Қытай)
болған. Б.з.д. ІІ ғасырда Ұлы Жібек жолының басты сауда дипломатиятық жолы ретінде аты
шығады. Ұлы Жібек жолы Алтай, Памир, Тянь-Шань, Сырдария, Әмудария жерімен өткен. Ұлы Жібек
жолының VІ-VІІ ғасырлардағы ең гүлденген бағыты Қытайдан Жетісу жіне Оңтүстік Қазақстан
арқылы өтетін батыс бағыты. Орта ғасыр саудасындағы ең құнды тауар жібек болған, оның құны
алтынмен бағаланған. Жібек жолында Византиялық алтын солид үлкен сұраныста болып, ол
халықаралық валюта ретінде кеңінен пайдаланылды. Жібек жолының бойында Тараз, Баласағұн,
Бұхара, Самарқан, Сайрам, Сауран, Отырар, Сы- ғанақ, Мерв, Талхиз, Үргеніш, Испиджаб, Шаш,
Весидж, Шау- ғар тағы басқа ірі ортағасырлық қалалар орналасқан. Кейін ХІІІ- ХІV ғасырларда Жібек
жолының саяси-экономикалық маңызы одан сайын артқан. Жібек жолының маңызы.
Ортағасырлық Жібек жолының маңызы мынандай: бірінші, отырықшы және көшпелі мәденет бірін-
бірі байытты, екінші, қала саны артты, үшінші, сыртқы байланыс дамыды, төртінші, сауда-саттық
кеңейді.
Достарыңызбен бөлісу: