Қарахандықтардың екі бөлігі арасындағы өзара қырқыстар мен орталық биліктің әлсіреуін көшпелі
қарақытай (қидан) тайпалары пайдаланды. Он екінші ғасырдың бас кезінен бастап Жетісу үнемі
қидандардың шапқыншылығына ұшырап отырды. 1141-інші жылы Жетісудың негізгі аумағындағы
саяси билік қарақытайлар қолына өтіп, олар қарахандық билеушілерді өздеріне тәуелді етті. Алайда
қарақытайлар тек салық алумен шектелді. Олар өз бодандарының мемлекеттік құрылымына,
дініне, мәдениетіне тиіспей, мұрагерлік қаған билігін де сақтады. Соған қарамастан
қарақытайлардың үстемдігі қарахандардың саяси құлдырауының бастамасы болды.
1210-ыншы жылы наймандармен соғыста Шығыс Қарахан әулеті талқандалды. 1212-інші жылы
Самарқанда Хорезм шахы Мұхаммед Батыс Қарахан әулетінің соңғы өкілін тағынан тайдырды. Бір
кездегі аса қуатты Қарахан мемлекетінің тарихы осылайша аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: