Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) Әмір Темірдің Алтын Ордаға жорықтары



Pdf көрінісі
бет16/66
Дата14.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#197057
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66
Байланысты:
àçà ñòàí òàðèõû Ñåññèÿ æàóàïòàðû(Àäìèí-11) 1) àçà ñòàí àóìà ûíä

25) Әмір Темірдің Алтын Ордаға жорықтары. 
Әмір Темір 1336-1405 жылдар аралығында өмір сүрген. 1370-1405 жылдары Мәуереннахрда билік 
еткен. Әмір Темір Алтын Орданы басып алудан бұрын Ақ Орданы әлсіретуді көздеді. Тоқтамысты 
пайдаланып, оған әскер беріп, Ақ Ордадағы билікті алуға аттандырады. Ақ Орда хандары жеңіліс 
тапқан соң, Әмір Темір Тоқтамысты Сауранда таққа отырғызды. 1380 жылдан бастап Тоқтамыс 
Алтын Орданың көптеген жерлерін – Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып 
алды. Тоқтамыс енді Алтын Орда мен Ақ Орданың бұрынғы қуатын қайта қалпына келтіруді ойлап, 
Әмір Темірге тәуелділіктен бас тартады. Алтын Орда Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұрыс алаңына 
айналды. 1391 жылы Әмір Темір Құндызша деген жерде Тоқтамыс әскерін қирата жеңеді. 1395 
жылғы шайқас Кавказ тауының солтүстігіндегі Терек өзенінің жағасында өтеді. Бұл жолы Тоқтамыс 
күйрей жеңіледі. Тоқтамысты жеңгеннен кейін Әмір Темір әскері Еділ бойына, Сарай-Беркеге дейін 
жетіп, шабуылдады. 
Әмір Темірдің шабуылдары Алтын Орда экономикасына ұзақ жылдар бойы оңалмастай нұсқан 
келтірді. Әмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық жасаған. Ақ 


Орда мен Моғолстан билеушілері Әмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын байқады. 
Олар 1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет жасады. Одақтың құрылып жатқанын білген Әмір 
Темір 1384-1391 жылдары Алтын Орда мен Моғол жеріне бірнеше рет жорық жасаған. 1390 
жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тәуелділікке түсті. Оның шапқыншылық 
жорықтарының ауыр зардаптары болған. Қазақ жерінің экономикасының, мәдениетінің дамуына 
көп зардабын тигізді. Шапқыншылықтың салдарынан бір жұрттың халық болып қалыптасу жүйесі 
бұзылды. 
26) Моғолстанның әлсіреуі және құлауы. 
Моғол хандығының 
әлсіреуі. Моғол хандығын 
саяси 
бытыраңқылық 
жайлап 
жатқанда 
Мауараннахрдағы билікті өз қолына алып,күшейген Әмір Темір енді Моғолстанды жаулауға 
кіріседі.XIV ғасырдың аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көтертпей, дүркін-дүркін 
жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372жылдары болған.Әмір Темір Моғолстанға 1380-
1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасаған. Бұл жолғы жорықтың жойқындығы соншалықты, 
Әмір Темір өзінің балаларының қолындағы әскерлермен қосқанда 120 мың адаммен аттанған.Ал 
шығыстан XIV ғасырдың басында ойраттар шабуыл жасап отырды. М.Х. Дулатидің жазуына 
қарағанда, Уәйіс хан 10 жыл ішінде қалмақтардың алты жүзден астам шабуылына тойтарыс 
берген.Бірқатар тарихшылардың пікірінше Моғолстан мемлекеті Қазақстан аумағында этникалық 
жағынан біртұтас мемлекеттікбірлестіктің пайда болуындағы алғашқы қадамның бірі 
болған.Алайда Моғолстан Жетісудың түркі тілдес халқын Қазақстанныңбасқа аймағынан бөліп 
тастап, қазақ халқының қалыптасу үрдісіне кері әсерін тигізген.Моғолстандағы жағдай 1428 
жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін де сол баяғы бытыраңқы күйінде қалады. Хандық билік 
үшін талас енді Уәйіс ханның балалары Жүніс пен Есен-бұға арасында басталады. Таластың 
нәтижесінде дулат әмірлерінің қолдауымен Есен-бұға 1433 жылы хан тағына отырады. Бірақ 
хандық үшін талас тоқтамады. Есен-бұғаның қаза болуымен Ферғана жерінде - Жетікентте билік 
құрып отырған Жүніс дереу Моғолстанға оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы 
Жүніс ханның немересі Абд ар-Рашид ханның кезінде ыдырай бастайды. XVI ғасырдың басында 
Моғолстан мемлекеті құлайды. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет