34) Жоңғар хандығының пайда болуы, алғашқы қазақ-жоңғар қатынастары.
ХVІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығынан бастап жоңғарлармен күрестің шиеленісуіне байланысты
Қазақ хандығы терең дағдарысқа ұшырады. Бұл соққы Қасым, Хақназар, Есім мен Тәуке хандардың
саясаты негізінде орныққан мемлекеттіліктің негізін шайқалтты.
Тәуке ханның өлімінен кейін
қазақтардың өмірінде тұтастай сәтсіздіктер басталды. 1717-1718
жылдары қазақ әскерлерінің
талқандалуы, Тәукені
алмастырған Қайып ханның өлімі, 1723-1727 жылдардағы «Ақтабан
шұбырындыда» Болат ханның өлімі хандықты әлсіретті. Тек ХVІІ ғасырдың 20-жылдарының аяғына
таман «сыртқы қауіп ішкі өзара қырқыстарды ымыраластырып,
жауға қарсылық көрсетуге
бағыттаған кездерде ғана қазақтар жоңғарларға тойтарыс бере алды» деп жазады А.И.Левшин.
Достарыңызбен бөлісу: