Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) Жәдидшілдік ағартушылық идеяларының ықпалы



Pdf көрінісі
бет40/66
Дата14.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#197057
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66
Байланысты:
àçà ñòàí òàðèõû Ñåññèÿ æàóàïòàðû(Àäìèí-11) 1) àçà ñòàí àóìà ûíä

59) Жәдидшілдік ағартушылық идеяларының ықпалы. 
Жәдитшілдік (араб сөзі – жаңа әдіс) – ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басында түркі тілдес 
мұсылман халықтары арасында өріс алған мәдени-ағартушылық қозғалыс. 
XIX ғасырдың 90-жылдарына қарай мұсылман оқу орындарының саны өсе бастады. Мұсылман 
мектептері мен медреселерін Орынбор муфтилігі де тікелей қадағалап отырды.
XIX ғасырдың аяғында түркі халықтары арасында жәдитшілдік қозғалысы жандана түсті. 
Бастапқыда Қырым, Еділ бойы татарларының арасында қалыптасқан бұл қозғалыс, кейіннен Орта 
Азиядағы барлық түркі халықтары арасында жалғасын тапты. Жәдитшілдіктің өкілдері қоғамдық 
өмірдегі рухани тоқыраушылықты сынға алды және өздерінің ағартушылық бағыттағы күресін 
патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы бағыттады. Жәдиттік қозғалыстың жандануы «жаңа 
әдісті» мұсылмандық медресе, мектептердің көптеп ашылуына алып келді. «Жаңа әдісті» 
жақтаушылар жаңа оқу бағдарламасына география, тарих, есеп, жаратылыстану, орыс тілі сияқты 


пәндерді енгізуді қажет деп тапты. Жалпы, жәдитшілер халықты «еуропалық оқу жүйесінде» 
оқытуды қалады. 
XIX ғасырдың соңында бұл жоба татар медреселерінде кеңінен қолданылды және Қазақстанда 
ашылған мұсылман оқу орындары да осы жоба тәртібіне бағындырылды. Жәдиттік қозғалыстың 
көш-басшыларының бірі И. Гаспринский оқу орындарында діни сабақтармен қатар, жағрафия, 
математика, тарих, биология сияқты пәндердің аса қажеттігін дәлелдей отырып, ескі 
қадимшілдіктен жаңа жәдитшілдікке көшуді ұсынып, «Тәржіман» газеті арқылы осы жолды 
насихаттады. Ол өз идеясын Ресейдегі түркі халықтарының арасында таратып, жәдит-шілдік 
қозғалыстың жандануына үлес қосты. 
Еділ-Орал аймағы татарлары жәдитшілдік идеялардың негізгі тара-тушылары болды. Олар мектеп 
ашу, оқу құралдар мен жабдықтарды сатып алу, кедейленген шәкірттерге жәрдемақы төлеу ісіне 
қажет болған қаржыны аямады. Олардың негізгі мақсаты – білім беруді дамыту еді. Көркем 
шығармалар, газет-журнал беттері, шәкірт шығармалары – бұның айғағы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет