Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы



Pdf көрінісі
бет48/66
Дата14.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#197057
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   66
Байланысты:
àçà ñòàí òàðèõû Ñåññèÿ æàóàïòàðû(Àäìèí-11) 1) àçà ñòàí àóìà ûíä

67) Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы. 
Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы — 1920 жылдың 16 маусымында РКФСР 
құрамында құрылған автономиялы қазақ республикасы.1920 жылдың маусымында КСРО 
басшылығымен қырғыз-қайсақтардың (ол кезде қазақтарды қырғыз не қырғыз-қайсақ деп, ал 
қырғыздарды қырғыз не қарақырғыз (кара-киргиз) деп атаған) мекен еткен жерлері Орал, Торғай, 
Семей облыстары, Закаспийский облысының Адай уезі, Бөкей Ордасы және Орынбор облыстары 
аумағынан қазақтардың ұлттық автономиялық республика құру шешімі қабылданды. Республика 
астанасы - Орынбор қаласы деп жарияланды. ВЦИК-тің 1921 жылғы 17 қаңтардағы Жарлығымен 
Омбы губерниясынан республика құрамына қазақ халқы ертеден шоғырланған Ақмола, Атбасар, 
Көкшетау және Қызылжар (Петропавл) уездері Ақмола облысы болып енді. Сондай-ақ, 1921 
жылдың 1 қазанында қазақтар шоғырланған Омбы облысының 15 ауданы да республика құрамына 
өтті. ВЦИК-тің 1924 жылғы 21 қазанындағы Жарлығымен бұрын Орынбор облысынан Башқұрт АКСР-
ның құрамына өтіп кеткенТоқ-Сұран және Иманғұл аудандары Қазақ АКСР-ы құрамына 
қайтарылды. 1924 жылы Түркістан КСР-ның таратылуына орай, қазақтар шоғырланған Жетісу, 
Сырдария, Самарқанд облыстары Қазақ АКСР-ы құрамына кірді. Жетісу облысы аумағынан Қара-
қырғыз автономиялы облысы құрылды. 1925 жылы республиканың батысында, Арал теңізінің 
оңтүстігінде Қарақалпақ автономиялы облысы Қазақ АКСР-ы ішінен құрылды. 1925 жылдың 
сәуірінде республиканын орысша атауы Киргизкая АССР-дан Казакская АССР болып өзгертіліп, ел 
астанасы Орынбордан Қызылорда қаласына көшірілді.1921 жылғы 17 қаңтардағы Бүкілресейлік 
Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен жаңадан құрылған Ақмола губерниясына Омбы 
губерниясынан Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Петропавл уездері берілді. 1921 жылдың 10 
маусымындағы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен автономды Қырғыз КСР 
мен Сібір арасындағы шекара Омбы губерниясының Омбы уезінде белгіленді (Есілкөл станциясы 
Қырғыз АСКР аумағында қалды). Шекара сызығы Есілкөл станциясынан шығысқа қарай Петропавл 
уезінің шекарасы бойымен, одан әрі солтүстікте Кіші Қараой, Үлкен Қараой көлдерінің, Қаратерек 
мекенінің бойымен өтіп, орыс болыстарының оңтүстік шекараларына бойлай және Ертістегі Шерлақ 
станицадан шыға өтеді (Қырғыз АСКР қалдырылған), бұған қоса Ореховск, Добровольск, 
Моисеевск, Русско-Полянск, Ново-Санжаровск, Черноусовск, Степановск, Котельниковск орыс 
болыстары Қырғыз АСКР құрамына кіргізілген. 1921 жылы 1 қазанда Омбы губерниясы Омбы 
уезінің 15 болысы Қырғыз АСКР берілді. Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің 1922 жылғы 12 
қаңтардағы қаулысымен Есілкөл станциясы (Омбы губерниясы Омбы уезіндегі Сібір мен Қырғыз 
АСКР шекарасының бойында) Сібір шегінде қалды. 1923 жылы 15 мамырға қарай республиканың 
құрамына кірді: Адай уезі тікелей республикалық бағыныста; Ақмола губерниясы — Ақмола уезі, 
Атбасар уезі, Шерлақ уезі, Көкшетау уезі, Петропавл уезі; Ақтөбе губерниясы — Ақбұлақ ауданы, 
Ақтөбе ауданы, Ырғыз ауданы, Можар ауданы, Темір ауданы, Ойыл ауданы; Бөкей губерниясы — 1 
Теңіз маңы округі, 2 Теңіз маңы округі, Қалмақ округі, Нарым ауданы, Қамысамар ауданы, Талов 
ауданы, Торғын ауданы, дербес ауылдар; Қостанай губерниясы — Адамовск ауданы, Боровск 
ауданы, Всесвятск ауданы, Денисовск ауданы, Қостанай ауданы, Семнозерск ауданы, Торғай 
ауданы, Федоровск ауданы; Орынбор губерниясы — Илецк ауданы, Исаево-Дедовск ауданы, 
Краснохолмск ауданы, Орынбор ауданы, Ор ауданы, Петровск ауданы, Покровск ауданы, Шарлық-
Микаил ауданы; Семей губерниясы — Зайсан ауданы, Қарқаралы ауданы, Павлодар ауданы, Семей 
ауданы, Өскемен ауданы, Бұқтырма ауданы; Орал губерниясы — Гурьев ауданы, Жымпиты ауданы, 
Қалмақ ауданы, Елек ауданы, Орал ауданы. 1924 жылғы 21 қазандағы Бүкілресейлік Орталық 
Атқару Комитетінің Жарлығына сәйкес, бұрын Башқұрт АКСР құрамында болған Жылайыр 
кантонының Тоқсоран кантоны мен Иманғұл болысы Қырғыз АСКР берілді. 1924 жылы Жетісу, 


Сырдария және Самарқан облыстарының солтүстік бөліктері құрамға кіріп, оның аумағында Жетісу 
мен Сырдария губерниялары құрылды. 1925 жылы ақпанда Арал маңының оңтүстік бөлігінде 
Қырғыз АКСР құрамында Қарақалпақ АО құрылды. 1925 жылы 11 ақпанда автономиялық 
республиканың астанасы Орынбордан Ақмешіт қаласына көшірілді (1925 жылы 15 маусымда 
Қызылорда деп өзгертілді). 1925 жылы 6 сәуірде Орынбор губерниясы Қырғыз АСКР шығарылып, 
РКФСР тікелей бағынуға берілді. 1925 жылы 15 маусымда Қырғыз АСКР Қазақ АСКР болып 
өзгертілді. Кейін социалистік құрылыс барысында Қазақ АСКР одақтас республикаға айналдырылды 
(1936 жылғы КСРО Конституциясы бойынша Қазақ Автономиялық Социалистік Республикасы Қазақ 
Кеңестік Социалистік Республикасы деп атала бастады). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет