тағайындалды.1928 жылдың 27 тамызында Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлары
Кеңесінде тәркілеу жөніндегі заң жобасы қабылданды.Республиканың барлық аудандарына
тәркілеуді жеткізу туралы нұсқау жіберілді.Заң бойынша малы,дүние-мүлкі тәркіленіп,өзі дер
аударылуға тиісті ірі байларға;көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда 400-ден астам малы
бар,жартылай көшпелі аудандарда 150-ден астам малы барлар және бұрынғы сұлтандар мен
хандардың
ұрпақтары
жатқызылды.Республика
көлмінде
барлығы
696
бай-феодал
тәркіленді.Қазақ қоғамын ірі байлардың көп болмағандығын осы 1928 жыл жүргізілген тәркілеу
барысы мен нәтижелері көрсетіп береді.Алдын ала жасалған жоспар бойынша үкімет жоғарыдағы
байлардан 225972 бас малды тәркілейміз деп үміттенген еді.Бірақ,үміт ақталмады, барлығы 144474
бас мал ғана тәркіленді;бұл белгіленген жоспардың 64 пайызы ғана. Оның себебі алдын-ала
жасалған малдың есебі дұрыс емемс еді. Қазақстан басшылығы кейіннен оны мойындауға мәжбүр
болды.Барлық тәркіленген малдың 10,2 пайызы отырықшы аудандардың,83,3 пайызы жартылай
көшпелі аудандардан және 6,5 пайызы көшпелі аудандардан еді.Тәркіленген малдың 118919 басы
жеке шаруашылықтарға және колхоздарға таратылып берілді.Тәркіленген малдар негізінде
жаңадан 292 колхоз құрылды.Көптеген қазақ партия-кеңес қайраткерлері тәркілеуге қарсы
шықты.Олар қазақ қоғамының экономикалық деңгейінің төмен екенін,сондықтан да әлеуметтік
сілкіністерге бармай,ауқатты шаруа қожалықтарына салық мөлшерін көбейту шаралары арқылы
реттеуді ұсынды.Ал болльшевиктер бұған құлақ аспай ,таптық принциптерінен ауытқымай,сол
мақсатқа жету жолында күшпен тәркілеу идеясын жүзеге асырды.Қазақ байларын тәркілеу
Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру саясатының бастамасы болды
Достарыңызбен бөлісу: