Кеңестік жүйенің ыдырауы, бір жағынан одақтас республикалардың дербес дамуына жол
ашқанмен, екінші жағынан оларды экономикалық тығырыққа тіреп қойды. Қазақстанның жалпы
одақтық халық шаруашылық кешені құрылымындағы шикізаттық рөлі жағдайды одан әрі
шиеленістірді. Өйткені, республиканың экономикалық әлеуетінің жартысынан астамы одақтық
министрліктерге қараған еді. Одақтық ведомостволар шикізат ресурстарын эквивалентсіз бағамен
сығып алды және республикалық бюджетке қаражат көздерін қарастырған жоқ. Нәтижесінде
Қазақстан төменгі дәрежедегі дотациялық республикаға айналды [1,7 б] Осы кездегі кеңестік
басшылықтың уәдешіл әлеуметтік саясаты елдің экономикасына кері әсерін тигізді. 1989-1990
жылдары өндірістік инвестиция тоқтап қалды. Посткеңестік жүйеде экономикалық дағдарыс
басталды. Осы кезде әлеуметтік инфантилизм құбылысы көрініс берді, оның негізі алғашқы өтпелі
кезеңдегі 1990 жылдардағы «жабайы капитализм», яғни игілікке жетудің дұрыс емес
формулаларымен «аз жұмыс істеп-көп алу», «ауадан ақша жасау» және т.б. белең алды [2, 12 б].
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін нарықтық экономикаға бағытталған құрылымдық
реформаларды іске асыра бастады. Оның негізгі тармақтары: 1992 жылдың қарашасында
жарияланған бағаны ырықтандыру мен 1993 жылдың қарашасында енгізілген ұлттық валюта болды
[3, 9 б]. Қалыптасқан осындай жағдайда Н.Ә. Назарбаев республиканың экономикалық дербестігін
қамтамасыз етуге кірісті. «Сыртқы экономикалық қызмет саласында республика мен орталықтың
қарымқатынасын ретке келтіру керек болды. Біз егемендік алғанмен, сыртқы экономикалық,
валюталық тәуелділіктен арылмай, толыққанды еркіндіктің болмайтынын» түсіндік. Қазақстандағы
одақтық мемлекеттік кәсіпорындардың меншігі туралы мәселе 1991 жылдың жазына қарай шешіле
бастады. Кәсіпорындарды Қазақстан құзыретіне өткізу қажеттілігі мойындалды» [1,7-8 б]. 1990
жылдың жазында кеңестік кезеңде ірі астықты аймаққа айналған Торғай облысы қалпына келтірілді
(1970 жылы құрылған Торғай облысы, 1988 жылы таратылып кеткен еді). Сонымен қатар
Теміртаудағы Қарағанды металлургиялық комбинаты Қазақстан құзыретіне өтті. Ол 1970 жылдары
Қарағанды металлургия заводы негізінде құрылған еді. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың
алғашқы еңбек жолы да осында басталды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл көмір
бассейнінің 500 мың тоннасын шетелге сату туралы келісім шартқа қол қойылды. Ал одан түскен
валютаның 60%-ын шахтерлардың пайдасына шешу, тағы бір бөлігін өндіріс орындарын қайта
өңдеу мен жаңа технологиялармен жабдықтауға жұмсау көзделді
Достарыңызбен бөлісу: