Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


)Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйелеріндегі реформалар. «Болашақ»



Pdf көрінісі
бет60/66
Дата14.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#197057
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   66
Байланысты:
àçà ñòàí òàðèõû Ñåññèÿ æàóàïòàðû(Àäìèí-11) 1) àçà ñòàí àóìà ûíä

83)Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйелеріндегі реформалар. «Болашақ» 
бағдарламасы. 
Тәуелсіздік алғаннан бергі жетістіктерді сөз еткенде ел дамуына өлшеусіз үлес қосуы тиіс білім мен 
ғылым саласына тоқталмай өту мүмкін емес. Әсіресе, Қазақстан жастарына жаһандағы дамыған, 
оқу-тоқуы жетілген мемлекеттердің есігін ашқан «Болашақ» бағдарламасының жөні бөлек. Әу баста 
«Болашақ» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1993 жылы 5 қарашадағы №1394 қаулысына сәйкес 
құрылды. Бұл бағдарлама 90-жылдардың күрделі кезеңіне сәйкес келгенімен, Елбасы 
бағдарламаның ел келешегі үшін маңызды екенін жақсы түсінген еді. Қазақстанның Тұңғыш 
Президенті еліміз нарықтық қатынастарға көшкен сәттегі қиындықтарға қарамастан жасалған 
қадамның маңызды болғанын атап өткен-ді. «Болашақ» бағдарламасын бекіту туралы қаулы қа-
былдаған кезде Қазақстанның төл валютасы айналымға әлі енбеген болатын. Соған қарамастан 
мемлекет тәуекелге барды. «Біздің «Болашақ» бағдарламасын бекіткеніміздің дұрыс болғанын 
өмірдің өзі көрсетіп отыр. Еліміз үшін ең күрделі болған 1993 жылы қарттарға зейнетақысын бере 
алмай жатқан кезде, мұғалімдер мен дәрігерлерге, әскерилерге айлығын төлей алмай жатқан тұста 
жастарымызды әлемнің ең үздік ЖОО-ларына жолдап жаттық. Мемлекет әрбір жас үшін жыл сайын 
30 мың-50 мың АҚШ долларға дейін төлеп отырды. Міне, осы жолмен қазір 14 мың жас өрен оқып, 
тағы да 20 мыңын ата-аналардың өзі жіберіп отыр. Олардың 12 мыңы қайтып келіп, біздің 
экономикаға жұмыс істеуде» деген еді Елбасы 2019 жылы. Яғни, экономика мен әлеуметтік сала-
ларға қаржы табылмай тұрған қиын сәтте мемлекет білімді кадрлар даярлауды бірінші орынға 
шығарды. Бүгінде бағдарлама өз жемісін беріп жатыр.Негізі, Қазақстан сол жылдары ТМД-да 


бірінші болып шетелдерде жастарды оқытуды бастаған мемлекет еді. Әрине, ол кезде өз қал-
таларынан қаржы шығарып, Еуропа мен АҚШ-қа, Жапония мен Кореяға оқуға кеткен азаматтар ТМД 
елдерінде аз болған жоқ. Алайда дәл Қазақстан сияқты бұл іске мемлекеттік деңгейде мән беріп, 
арнайы бағдарлама әзірлегендер сирек еді. Өйткені шетелдерде жастарды оқыту арзан «ермек» 
емес. Қазақстандық алғашқы студенттер 1994 жылы оқуға аттанған болатын. Сөйтіп, 1994- 2004 
жылдар аралығында әлемнің 13 елінде 785 студент білім алды. Кейін шетелге оқуға кететін сту-
денттер саны мыңдап саналатын болды. 27 жыл ішінде 11 мыңнан астам білікті кадр даярланды. 
Сонымен бірге мыңдаған азаматымыз әлі шетелдерде білім алып жатыр. Статистикаға сүйенсек, 
олардың 44,4 пайызы Ұлыбритания мен Ирландияның оқу орнында, 41,9 пайызы АҚШ пен Канада 
университетінде, 6,4 пайызы Еуропа елдерінде білім алып жүр. Сонымен бірге 3,6 пайызы – 
Аустралияда, 2,2 пайызы – Ресейде, 1,5 пайызы Азия елдерінде оқып жүр. Бұл Қазақстанның 
жоғары білім саласында да көпвекторлы бағыт ұстанатынын көрсетеді. Ал «Болашақ» 
бағдарламасы бұл ұстанымның ұстынына айналған.Бүгінде «Болашақ» стипендиясы арқылы 
шетелдерде оқып келген мыңдаған маман түрлі салаларда еңбек етіп жүр. Олар медицина, 
инженерия, IT, білім беру, құқық және басқа да салада қызмет етуде. «Болашақ» стипендиясымен 
оқыған 150-ден астам азамат ғылыми мекеме мен жоғары оқу орнында профессор деңгейіне жетті. 
Олар жылына 1,2 мың ғылыми мақала жариялайды. Сонымен қатар бағдарлама нәтижесінде 
экономиканың нақты секторына 4 мыңнан астам маман қосылды. Олардың 2,2 мыңы инженер 
болса, 1,5 мыңы ақпараттық технологиялар мен коммуникация, 400 адам жаратылыстану, 80 маман 
ауыл шаруашылығы саласында еңбек етуде. Одан бөлек, шетелдерде оқып келген 790 маман 
медицина саласында жұмыс істейді. Олардың 545-і – білікті дәрігер. Жылына бұл мамандар ша-
мамен 213 мың науқасты емдейді. 972 маман бастауыш, орта және жоғары оқу орындары мен білім 
беру орталықтарында жұмыс істейді. Олар шамамен 163 азаматқа білім беріп жүр. Сонымен бірге 
200-ден астам азамат өнер, мәдениет саласында еңбек етеді. Демек, жылына миллионға жуық кө-
рермен тамашалайтын 5 мыңдай концерт, қойылым және түрлі мәдени шара өткізеді деген сөз. 
Жалпы, «болашақтықтардың» 75 пайызы өз білгендерімен ұдайы бөлісіп отыратыны анықталған. 
Осылайша, Елбасының тікелей бақылауында құрылған «Болашақ» бағдарламасы Қазақстанда білім 
мен ғылымды насихаттауға орасан зор еңбек сіңіруде. Бұл үрдіс әрі қарай жалғасын табары сөзсіз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет