Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұранының бекітілуі



Pdf көрінісі
бет58/66
Дата14.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#197057
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66
Байланысты:
àçà ñòàí òàðèõû Ñåññèÿ æàóàïòàðû(Àäìèí-11) 1) àçà ñòàí àóìà ûíä

80) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұранының бекітілуі. 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – 
ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір 
түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның 
шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 
туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Қазақстан 
Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – 
дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала 
күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы 
қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал 
төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы 
қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Қазақстан 
Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков 
пен Шот-Аман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні Бұрын «Менің 
Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 
бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 
жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Әннің авторы 
Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. 
81) «Қазақстан-2030» Стратегиясы. Қазақстан астанасының көшірілуі. 
Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы «ҚАЗАҚСТАН 2030» даму 
стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті 
Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің арасандаға басты мемлекет ретінде 
көргісі келетінін атап көрсетті. Жалпы Қазақстанның бұл даму стратегиясы негізігі жеті басымдық 
арқылы жүзеге асырылады. Оларға: Ұлттық қауіпсіздік; Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның 
топтасуы; экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты
Энергетика ресурстары; Инфрақұрылым, әсіресе, көлік және байланыс; Кәсіпқой мемлекет құру. 
Сондай-ақ даму стратегиясын жүзеге асыру негізгі қабылданған үш жылдық, бес жылдық, он 
жылдық даму бағдарламалары арқылы жүзеге асырылып отырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет