Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері



Pdf көрінісі
бет45/66
Дата14.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#197057
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66
Байланысты:
àçà ñòàí òàðèõû Ñåññèÿ æàóàïòàðû(Àäìèí-11) 1) àçà ñòàí àóìà ûíä

64) Алаш автономиясының құрылуы. 
Алаш автономиясы — Трансконтинеталды қазақ республикасы болған. Оның аумағының көбісі Орта 
Азияда болып, бір бөлігі Шығыс Еуропада орналасқан. Бұл Ресей Республикасының, одан кейін 
Кеңестік Ресейдің бөлігі болған ел. 1917 жылда Алаш партиясының қазақ зиялыларымен құрылып, 
1920 жылда Кеңес үкіметі басқарып отырған партияның жұмысына тыйым салғанда таратылған. 
Автономияның мақсаты - Ресейден тәуелсіздік алып, ұлтшылдыдемократиялық мемлекетті құру. Ел 
солтүстігінен және батысынан Ресей аумақтарымен, оңтүстігінен Түркістан Автономиясымен, ал 
шығыстан Қытаймен шектеседі. Алаш" сөзі - түркі тілдерде қандастар, бауырластарды білдіреді. 
Кейбір деректер бойынша, Алаш - қазақ сөзінің синонимі болып саналады. Яғни қазақ сөзі мен Алаш 
сөзі, екеуі де еркін, азат адам дегенді білдіреді. Қадырғали Жалайыр өз еңбегіндерде, қазақтарды 
белгілеу үшін Алаш сөзін қолданған. 1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші 
жалпы қазақ съезі өтті. Съезде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан 
сайланды. Осы съезде Алаш автономиясы жарияланды. Ә.Бөкейхан бастаған топ Қазақстанды 
мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет 
деп тапты. Ал Х.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны дереу жариялау керек деп санады. 
Соңында екі жақ ортақ келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, автономия 
жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын 
болып шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда шақырылған Сырдария съезіне «бірігу мәселесін 
қозғау үшін» Б.Құлманов, М.Дулатов, Т.Құнанбайұлы арнайы жіберілді. Бүл жиында табиғи талас-
тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас танытса керек. Әйтсе де көзделген бір 
айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын 
тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін қайта жиналған жоқ. ЫЫ съездің қаулысы 
күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды. Тіпті осындай 
мөр табаны да мұрағаттардағы құжаттарда сақталып қалған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет