3-тақырып. ЗЕРТТЕУ Ж¥МЫСЫНЫҢ
ЖАЗЫЛУЫ МЕН РЕСІМДЕЛУ ТӘРТІБІ
3.1 Зерттеу жұмысының кіріспе және
қорытынды бөлімінде не жазу керек?
Зерттеу тақырыбыңызды, басты мәселеңізді анықтап,
жоспар құрып, материал жинақтап алдыңыз.
Енді жұмыстың
өзін жазуға кешейік. Негізгі мәтінді кіріспе бөлімнен
бастайсыз. Кіріспе сіздің зерттеуіңіздің бағдарламасы
іспетті болады, яғни бұл
бөлімде зерттеу тақырыбының
өзектілігі, тақырып аясының шегі, зерттеудің басты мәселесі,
мақсаты
мен міндеттері, қорғауға ұсынылатын тұжырымдарыңыз, ғылыми
жаңалығыңыз, зерттеу жұмысында
қолданылған ғылыми әдістер, еңбектің
теориялық және практикалық құндылығы, зерттеудің сынақтан өтуі (егер
болса), күтілетін
нәтижелер, жұмыстың құрылымы жазылады.
Қорытынды бөлімде зерттеудің негізгі бөлімінде айтылған ойлардың
жиынтық тұжырымдары көрсетілуі тиіс,
яғни осы жұмысты орындау
барысында қандай нәтижелерге қол жеткіздіңіз, нені дәлелдедіңіз,
сіздің
ойыңызша, қандай пікір оң, қай пікір теріс,
оған қалай көз жеткіздіңіз,
дәйектемелеріңіз қандай және т.б. сұрақтарға жауап беруіңіз керек.
Жалпы тұжырымдар мен шешімдерден кейін сіз зерттеу жазып отырған
саланың болашақтағы даму жолдарын көрсетуіңізге болады.
Достарыңызбен бөлісу: