«Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері мен



Pdf көрінісі
бет18/23
Дата18.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#197558
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Билет-Жауабы-Тарих

54 Сұрақ.
Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуінің ерекшеліктерін 
көрсетіңіз. 
Жауап: Империалистік соғыс пен азамат соғысы Ресейдің басқа халықтары сияқты, 
қазақ халқын да күйзеліске ұшыратты. 


Азамат соғысы аяқталысымен әскери-коммунистік шаралар жаңа әлеуметтік-
экономикалық және саяси өмір болмысымен бітіспес қайшылықтарға тап болды. 
«Әскери коммунизм» сая- саты Қазақстан тұрғындарын әлеуметтік – саяси және 
рухани дағдарыспен келетін шаруашылық апатына ұшыратты. Қазақ- станда өндіріс 
орындары жұмыс істемеді. Мұнай өндіру 4 есеге, көмір өндіру 5 есеге кеміді. Мыс 
рудасын өндіру мүлде тоқтады. Халық шаруашылығының жалпы өнім өндірудегі 
өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы бар болғаны 6,3 % болды. Ауыл шаруашылығы да өте 
күшті дағдарысқа ұшырады. Орал губерниясында егістік жерлер 2 есеге, ал Жетісу 
аймағында 3 есеге кеміді. Ең бірінші кезекте ұлттық байлықтың негізгі көзі болып 
саналатын мал шаруашылығы құлдырады. Мал саны 10,8 млн басқа кеміді, оның 2 млн 
жылқы, 6,5 млн ұсақ мал болды. Сонымен қатар 1921 жылы ҚазАКСР-дің жеті 
губерниясының бесеуі құрғақшы- лыққа душар болды. 1920 – 21 жылдар аралығында 
жұттан кейін мал басы 75 % кеміді. Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының ауыр 
күйзелісіне қарамастан кеңес үкіметі күш- теуге негізделген азық-түлік саясатын одан 
әрі жалғастырды. Шаруалардың шыдамы таусылды. Қостанай, Семей, Орал, Есіл мен 
Петропавлда, Көкшетау уезіндегі Белогорск, Атбасар мен Ақмолада, Шығыс 
Қазақстанда көтерілістер болды. Ауыл ша- руашылығында болған апаттың аяғы 
сұмдық аштыққа апарып соқты. 1921 – 22 жж Орынбор губерниясында – 445 мың адам, 
Қостанайда – 225 мың, Оралда – 400 мың, Ақтөбеде – 360 мың, Бөкей губерниясында – 
100 мың адам аштық азабын тартты. Анықталған мәліметтерге қарағанда республикада 
2,3 мың адам аштыққан, 1922 жылы өлкеде 3.795.963 адам қалған. Барлық жердегі 
сияқты, мұнда да шаруашылық саясатының мүлде жаңа принципіне көшу қажеттігі 
айқын көрінді. 
Партияның Х съезі (1921 жылғы наурыз) азық-түлік салғыр- тын азық-түлік салығымен 
алмастыру туралы, әскери комму- низмнен жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы 
шешім қабылдады. Оның мәнісі: Саяси – идеологиялық салада – қа- таң бір партиялық 
режим, өзгеше ойлау мен өзгеше әрекет ету- дің қандайын болса да тұншықтырып 
отыру: Экономикада – әкімшілік – рыноктың жүйесі болатын. 
Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланыс- ты жерді жалға беру мен алуға; 
ауыл шаруашылық, несие және тұтыну кооперациясы дамыту көтермеленді. Әскери 
коммунизм тұсында енгізілген еңбек міндеткерлері мен еңбекке жұмылдыру жойылды. 
Ұсақ кәсіпорындар жеке адамдарға жалға берілді. Теміржол және автомобиль 
тасымалының, өндіруші және өң- деуші өнеркәсіптің кәсіпорындары шаруашылық 
есепке көші- рілді. Машиналарды жалға беретін алғашқы пункттер пайда болды
базарлар ашылып, кедейлер егістікті бірлесіп жырту үшін бірікті. Сауда бостандығы 
жүзеге асырылды, яғни мем- лекеттің бақылауымен жеке саудаға рұқсат берілді. 
Ақысыз қыз- мет көрсетуді жою, еңбекке ақшалай жалақы төлеу міндеттелді. 
Нәтижелері: Жаңа экономикалық саясат шеңберінде жаса- лып, жеделдете жүзеге 
асырылған аса маңызды шаралар көп ұзамай ауыл шаруашылығының жай-күйін 
жақсартуға игі әсерін тигізді. 1925 ж егіннің көлемі 3 млн гектарға жақындады. 1925 
жылы 92 млн пұт астық жиналды. Мал шаруашылық саласы да дағдарыс бұғауынан 
шықты. 1925 жылы мал саны екі есе көп өсті. Сауда – саттық өркені кең жайылды. 
Қазақстан террито- риясында 128 жәрмеңке жұмыс істеді. Сауданың жалпы айналы- 


мы 30 млн сомға жетті. Ойыл, Қуандық, Қарқара, Қоянды, Те- мір, Көкшетау, Атбасар 
сияқты жыл сайын өткізілетін жәрмең- келер даңқы шартарапқа тарады. Өлкеде 
экономиканың көпук- ладтты сипаты анық байқалды. Кеңестік қоғамтану ғылымы 
НЭП – тің кезеңін ұзақ жылдар бойы социализм идеяларынан уақытша шегіну кезеңі 
ретінде, тактикалық сипаттағы міндеттерден туған амал-айла ретінде түсіндіріп келеді. 
Бірақ ЖЭС тұтас алғаш «Социалистік таңдау» идеясы бағытын сақтай отырса да, ол 
реформизмнің өзгеше бір модулі, қоғам дамуының әкімшілік – әміршілдік жүйесі 
жауып тастаған баяндырақ жолы болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет