«Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері мен



Pdf көрінісі
бет19/23
Дата18.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#197558
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Билет-Жауабы-Тарих

55-сұрақ.
Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұнын 
көрсетіңіз (1925-1933 жж.) 
Жауап:1925-1933 жылдар арасында Қазақ өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы 
қызметіне Голощекин келуімен социализмнің бұрмалануы күшейе түсті, Аймақтық 
көсемшілдік идеясын ұстанды, Қазақ ауылы Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан Кіші 
Қазан төңкерісін жасау қажет деген идеясын насихаттады, Бұл бағыт елде елеулі 
қарсылыққа ұшырады, Сол жағдайда Голощекин Сталинге хат жолдап, елдегі 
жағдайды жасап берді, Сталин жауап ретінде Голощекинге сіз жасаған жоспарыңыз 
бірден-бір дұрыс саясат деп ойлаймын деген жауап алды, Бұл Голощекин үшін өз 
идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік туды,Кіші Қазан идеясының негізгі бағыты 2 топақ 
бөлінді: 
1. Елдегі өнеркәсіп саласын ұсақ және орташа деңгейге бағыттап, дамыту,
2. Елді шикізат аймағына айналдыру,
Ірі саяси кайраткер және экономист Смағұл Сәдуақасов Кіші Қазан бағытына қарсы 
шығып, өз идеясын ұсынды 
1. Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату,
2. Қазақстанды ірі өнеркәсіп еліне айналдыру
“Кіші Қазанның” мақсаты – қазақ ауылында социалистік өзгерістерді жүргізу және 
кедейлер мен батрактардың көмегіне сүйене отырып, кеңестендірудің әлеуметтік 
базасын жасау еді. Голощекин Қазақстанда 1917 жылғы Қазан революциясы іске 
аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп өз тұжырымын 
айтты. Осы саясат барысында 1925-1928 жылдары өткізілген іс-шаралар: 
• Қазақ ауылын кеңестендіру; 
• Жайылымдық-шабындық жерлердің қайта бөлу; 
• Ірі бай шаруа қожалықтарын тәркілеу бағыттарында жүзеге асырылды.
Ф.И.Голощекин және "Кіші қазан” революциясы. Қазақстанға Ф. И. Голощекиннің 
елкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз 
бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, небір 
сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап 
салды, "халық жауы" деп жала жауып, мындаған қазақ азаматтарының қанын төкті. 
Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы - 31, 1930 жылы - 82, 1931 жылы - 


80 жалған "контрреволюциялық ұйымдар" ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды 
деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды.
Сөйтіп, тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері көрсеткендей, қазақ 
халқы аса ауыр шығынға ұшырады. Ашаршылықтан және онымен байланысты туған 
эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ өлім-жітімнің көп болуы, халықтың басқа 
республикаларға, Қытайға, Иранға, Монғолияға т.б. елдерге ауа көшуі нәтижесінде 
Қазақстан бірнеше миллиондаған адамдарынан айырылды. Қазақстанда жіберілген 
орны толмас қателіктер мен бұрмалаушылықтарды Мәскеудегі орталық аппарат 
жергілікті басқару органдары айыпты деп, барлық бәлені соларға жапты. 1933 жылдың 
басында Ф. И. Голощекин орнынан алынып, Өлкелік партия комитетінің бірінші 
хатшысы болып Л. И. Мирзоян сайланды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет