Рецензенттер: тарих ғылымының докторы Кәрібаев Б. Б



Pdf көрінісі
бет12/42
Дата20.12.2023
өлшемі1,72 Mb.
#197719
түріМонография
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
Байланысты:
annotation110059

қ.Болгария
) құрды. Оның астанасы 
Поиска қаласы болды. Аспарух 681 ж. Византияның 
билеушісімен бітім жасасып, Византия оның мемлекетін ресми 
түрде мойындады. Алайда бұл мемлекетті 1018 ж. Византия 
империясы басып алып, өзіне қаратты» [15, 484 б.]. 
Бұл айтылғандардың ғылыми негіздерінің беріктігі ешбір 
күдік туғызбайды. Әсіресе, мұнда біз жоғарыда әңгімелеген 
Батбайдың (Ботбаянның) кім екені, тағдыры нақтылана түскен. 
Алайда Аспарухтың билік басында болған жылдары әр түрлі 
көрсетіліп жүр. Кейбір зерттеулерде оның Болгария ханы болған 
кезеңі 679 жылдан 700 жылға дейін созылған деп жазылса, оның 
туған жылын 640 жыл, ал қайтыс болған жылын 700
-
ші жыл деп 
көрсететіндер де бар. Оның кейде Испарих, Есперих, Испор, 
Еспор, Аспар
-
хрук деп айтылып жүргені тағы бар
[16].
Зерттеуші С.А.Плетнева Аспарух тұсындағы болгарлардың 
қоғамдық
құрылыын көшпелілердің әскери демократиясына 
жақын тұрған бірлестік ретінде сипаттайды. Сондықтан да 
ешқандай артықшылықтары байқала қоймаса да, Аспарух 
бастаған дулу тайпасы және оған ілескен түрік болгарлар билікті 


59 
сақтап қалды. Әскери дайындықтың артықшылығы арқасында 
өздерінің
күшті де талантты тарихи тұлғасы Аспарухқа сүйенген 
олар жергілікті отырықшы славяндардың билеушілерін 
ығыстырып, бұған дейін «жеті славян тайпаларының мемлекеті» 
аталған
мемлекетте алғашқы орынға ие болып, славяндарды 
екінші қатарға ығыстырып шығарды. Мемлекет енді Болгария 
деп аталатын болды [17, 57 б.].
Батыс зерттеушілері шаруашылықтың және мәдени тұрғыдан 
бұрынғы 
славяндардың 
көшпелі 
болгарлардан 
артықшылықтарын айтып келеді. Көшіп келген дулулар мен 
болгарлар өндірістік қатынастарға елеулі өзгерістер жасай алмай, 
көп кешікпей
-
ақ славяндардың отырықшы мәдениетін 
қабылдады. Алайда мұны көшпелілердің өркениетінің төмен 
дәрежеде болуынан іздестіру әділдік бола қоймас. Жергілікті 
славяндардың көшіп келгендерден сан жағынан әлдеқайда көп 
болғанын ескерген жөн. Мұның өзі түркілердің жеделдете 
славяндана бастауына жол ашты [17, 175 б.].
Осы орайда көшпелі болгарлардың өзіндік өркениетін 
бағаламай зерттеуші С.А. Плетневаның былай дегені еріксіз еске 
түседі: «Аспаруховы болгары не принесли с собой ни культурных 
традиций, ни хозяйственных навыков для создания своей 
оригинальной культуры. Это был хорошо отрегулированный 
военный механизм, возглавляемый сильным и талантливым 
ханом
» [1, 
50 б.
]. 
Тарихи шындық С.А. Плетнева айтқандай емес деп ойлаймыз. 
Көшпелі түрік болгарлардың да оларды билеген дулу 
тайпасының да сонау сақтар мен үйсіндер заманынан 
қалыптасқан
өзіндік дәстүрлері мен мәдениеті бар болатын. Саны 
көп славяндар ортасында көшпелілер өркениеті біртіндеп 
ығыстырылды. Аспарухтан кейінгі оның мұрагерлерінің билікте 
айтарлықтай ұзақ уақыт қалулары көшіп келген көшпелілердің 
әскери
тұрғыдан ғана емес, саяси жағынан да жергілікті 
славяндар арасында айтарлықтай беделді болғандарын 
байқатады. Тіптен жаңа Болгарияның астанасы болған Плиска 
қаласының
өзі де аты славянша бола тұрса да, шын мәнінде 
Аттилланың көшпелі ордасы үлгісінде салынған еді. Тек VІІ 
ғасырдың
екінші жартысына қарай ғана дунай бойындағы екі 
этностың көшпелі түріктер мен отырықшы славяндардың 
қоспаларынан
жаңа этностың қалыптаса бастағанын аңғарамыз. 


60 
Солай бола тұрса да дулулар билікте қала берді және сондықтан 
да бұл мемлекеттегі ресми тіл ІХ ғасырға дейін түрік тілі болды.
Тарихшыларды көптен бері ағайындылардың, яғни
Аспарұқ 
пен Батбайдың арасында өзара көмек көрсетудің болмауы, 
Аспарұқтың Дунай бойына славяндар арасына кетіп қалу себебі 
ойландырып келеді. Бұл мәселеге қазақстандық тарихшы Б.Б. 
Ермұханов төмендегідей жауап беруге тырысқан еді: 
«Образование Великой Булгарии под руководством Кубрата 
– 
представители конфедерации тюркских племен дулу в 30
-
е годы 
VІІ в., а затем и Хазарского каганата во главе с союзом племен 
нушиби, долгая и ожесточенная борьба между двумя 
наследниками Тюркской державы на западе, в конечном счете 
приводит к победе государства хазар, изгнанию непокорившей 
части булгар во главе с Аспарухом, одним из сыновей Кубрата. 
Вполне возможно, что подвластные тюркам племена и народы 
продолжали подчиняться законному наследнику тюркских 
каганов 
– 
кагану
хазар. И в этом, пожалуй, одна из причин 
успехов и побед Хазарского каганата»
[13, 
140 б.
]. 
Бұл айтылғандармен толық келісуге болады. Түріктер 
шынында да Ашина династиясынан шыққан қағандарды әрқашан 
да заңды тақ мұрагерлері ретінде қабылдап үйренген еді.
Сондықтан да дулу тайпасының өкілдері билікте көптеген түркі 
тайпаларынан қолдау таба алмады. Бәлкім, Аспарұқтың түрік 
тайпалары мекендейтін аймақтарды тастап, Дунайдағы 
славяндар арасына қайту себебі де осымен байланысты болар.
Ал енді Батбайға оралар болсақ, зерттеушілердің ойынша 
хазарларға бағынуға мәжбүр болған бұл орда біртұтас этникалық 
қауымдастыққа
бірігіп, кейбір руларды батыстағы Қырымға, 
кейбірін солтүстікке 
– 
Дон далаларына көшіп кетуге итермеледі. 
Археологтардың бұл аймақтардағы зерттеу жұмыстары мұндай 
пікірлердің негіздері бар екендігін дәлелдеп отыр.
Жалпы этникалық тұрғыдан да Солтүстік Кавказды және 
Қара
теңіз бен Азов теңізінің солтүстік аймақтарын мекендеген 
түркі тайпаларын, жалпы сөзбен айтар болсақ, VІ
-
VІІ 
ғасырлардағы
Азиялық сарматтарды кейінгі қазақтармен тікелей 
байланыстыру әрекеті сәтсіз әрекет. Тіптен батыс өңірлердегі 
кейінгі қазақ руларының этникалық негіздерін сарматтар 
арасынан тауып алу оңай емес. 


61 
Ортағасырлардағы Моисей Хоренскийдің осы аймақ туралы 
төмендегі деректерін оқып шықсақ, мұны айқын аңғарамыз: 
«Следующіе народы живутъ въ Сарматіи: 1) Хазары, 2) Буши, 3) 
Баслики (барсилы, Басилы), 4) Апшеги, 5) Апхазы, 6) 
Царственныесарматы, 7) Иппофаги, 8) Нахчаматьяны, 9) 
Фтирофаги, 10) Сюрикійцы, 11) Митрикійцы, 12) Амазонки,
13) 
Аланы, 14) Хебуры (var.Хебары», 15) Кудеты, 16) Скюмы, 17) 
Аргаветы, 18) Марголы, 19) Такоци (var. Такры), 20) Аргозы, 21) 
Дачаны, 22) Пинчи, 23) Двалы, 24) Гунны, 25) Воспуры, 26) 
Цанары, въ земле которыхъ проходы Аланскій и Цеканъ, 27) 
Туши, 28) Хушы, 29) Кусты, 30) Людоеды, 31) Цхаваты, 32) 
Гудамакары, 33) Дуичики, 34) Дидоцы (var. Дигои), 35) Леки, 36) 
Катапатіаны, 37) Агутаканы, 38) Хенуты (var. Хенуки), 39) 
Шилы, 40) Чибгы, 41) Хегайкъ (можно транскрибировать: Хелы), 
42) Каспы, 43) Пухи, 44) Ширваны, 45) Хсраны, 46) Таваспары, 
47) Хечматаки, 48) Ижамахи, 49) Пасхи, 50) Пусхи, 51) Пиконаки, 
52) Баканы, 53) Маскуты, у самаго Каспійскаго моры, куда 
доходятъ отроги Кавказа и где воздвигнута Дербентская стена, 
громадная твердыня въ море. Севернее живутъ Гунны, у 
которыхъ городъ Варанчъ и другіе города. Царь севера 
называется хаганъ. Онъ владыка Хазаръ. Царица же, жена хагана, 
происходитъ изъ народа Басиловъ» [18, 28 б.]. 
Мұндағы көрсетілген тайпалардың ең соңғысы 53
-
ші ретпен 
берілген Маскуттарды зерттеушілер ІV ғасыр басындағы Каспий 
теңізінің батыс жағалауындағы Дербенттің оңтүстігін 
мекендеген массагеттер деп жазып жүр [18, 28 б.].
Шын мәнінде Моисей Хоренскийің К.Патканов аударған 
деректерінде массагеттердің отандары Түркістан өңірінде 
екендігі айдан анық көрсетілген. Дәлел ретінде ежелгі деректен 
үзінді
келтірелік: «Въ Скифіиесть горы, поля, пустынныя и 
безводныя пространства. Въ еней 5странъ, изъ которыхъ 
назовемъ Согдіане, то
-
есть, Сагастанъ или Саке (следуетъ на 
оборотъ: Согдіане и Сагастанъ или Саке (
). Въ этихъ 
двухъ областяхъ обитаютъ до 15 народовъ богатыхъ, 
промышленныхъ, торговыхъ, на пространстве между 
Туркастаномъ и Арійцами у горы Емаонъ, которая выше и 
длиннее всехъ горъ, и имеетъ форму циркуля или армянской 
буквы люнъ , имеющей згибъ съ востока на югъ (?). Одинъ 


62 
рукавъ этой горы тянется на западъ на 1280 миль, другой на север 
на 1550 миль, а третій идетъ по направленію къ неизвестной 
стране. На 300 миль отъ локтя къ северу на горе находится 
дорогаи ночлегъ (каравансарай)? Для идущихъ
изъ Сагастана въ 
страну Ченовъ (Serica) черезъ каменную башню (turris lapidea) въ 
удивительной долине. Изъ пятнадцати народовъ одинъ 
называется Массагеты, царица которыхъ умертвила Кира; за темъ 
народъ Бхухъ; за нимъ на северо
-
западе народъ торговыхъ 
Холозмійцевъ, где въ области Туръ добывается Холозмійскій 
камень (должно быть: Харазмійскій, то
-
есть, лаписъ
-
лазули) и 
лучшій сердоликъ. И еще другой народъ (пропускъ), и еще 
народъ Тухары. Изъ 43 народовъ одинъ называется Хенталъ 
(Ефталиты), другой Алхонъ (?), третій Валханъ (?), названные 
такъ по городамъ, лежащимъ на великой реке, Думосъ. Изъ горъ 
ихъ вытекает еще до десяти реке» [18, 32 б.].
Көріп отырмыз, Кавказда деп жүрген массагеттер, яғни 
ежелгі бабаларымыз Түркістан аймағын мекендеген және парсы 
патшасы басқыншы Кирді өлтірген. Бұл үзінді де тағы бір назар 
аударар бір мәселе 
– 
дулулардың ежелгі бабалары 
– 
сақтардың 
саке немесе сақстан деген мемлекетінің осы өңірде болғандығы. 
Бұл туралы біз жоғарыдағы үйсіндер мен сақтарға қатысты 
тарауларда жазып кеткен болатынбыз.
Қорыта
келгенде айтарымыз, біздің заманның ІV
-
VІІ 
ғасырларында
еуразия кеңістігін мекендеген ру
-
тайпалар 
арасынан кейінгі қазақ руларының арғы атауларын, 
этнонимдерін іздеп тауып алу аса қажет. Ол тұста 
бабаларымыздың тайпалық одақтары да басқаша аталды. 
Сондықтан да Аспарұқ пен Батбай өмір сүрген замандарға сол 
кезеңнің көзімен қарағанымыз жөн болады.
Хазарлардан қашып келген, Дунай бойына қоныстанған 
Аспарұқ туралы Моисей Хоренский өзінің еңбегінде кезінде 
былай деп жазған еді: «Во Фракіи две горы и реки, изъ которыхъ 
одна Данубъ, делясь на шесть рукавовъ, образуетъ озеро и 
островъ, наываемый Пюки (Peuce). На этомъ острове живетъ 
Аспаръ
-
Хрукъ, сынъ Хубраата, бежавшій отъ Хазаръ изъ горъ 
Булгарскийхъ и прогнавшій Аваръ на западъ. Онъ поселился на 
этом месте» [18, 26 б.].
Ғалымдар
бұл тұста Аспарұққа ілесіп келген көшпелі 
болгарлар тайпаларының деректерде оногур, гуннугундур, 


63 
құтұрғұр
деп аталғандарын жазып жүр. М.И.Артамоновтың 
ойынша бұлардың бәрі оногур
-
болгарларының әртүрлі аталуы 
болса керек [4, 169 б.]. Қалай десек те бұлар дулу руларына 
бағынышты болды. Зерттеулер Аспарұқтың бұл араға Еділ өзені 
бойындағы Гиппий және Булғар таулары арқылы келгенін 
көрсетеді. Бұл қазіргі Ставрополь қыраты орналасқан өңір. 
Осындағы қантөгіс шайқастардан соң
Батбай хазарларға 
бағынуға мәжбүр болды. Болгарлардың бұл бөлігі Кубан 
болгарлары, кейінірек «қара болгарлар» аталды. Кавказдағы 
қазіргі
балкарлар бұл туралы әртүрлі әңгімелер айтады екен [4, 
172 б.].
Ал енді Аспарұқтың соңына ілескен тайпалар 660 жылы 
Дунайға жетіп, хазарлардан құтылу үшін оның оңтүстік 
жағалауына өтіп кетті. Алайда оларға қарсы император 
Константин ІV Погнат (668
-
685 жж.) қалың әскермен шығып, 
болгарларды Дунайға қарай ығыстырды. Алайда императордың 
науқастанып қалып, әскерді тастап қайтып кетуі Византия 
әскерлерінің
дағдарысқа ұшырап, жеңіліп қалуына алып келді. 
Бұл 679 жылы болған оқиға еді. Көп кешікпей
-
ақ Аспарұқ Дунай 
мен Балқан аралығындағы славян тайпаларын толық 
бағындырды [19, 768 б.]. Осы тұста айта кетер тағы бір мәселе 
көшпелі
болгарларды билеген дулулардың қол астында жоғарыда 
айтқанымыздай оноғұр, құтырғұр, және венгрлердің бабалары 
венендер тәрізді тайпалар болды [4, 172 бб.]. Осы тізімдегі 
құтырғұрлар
630 жылы аварлардан бөлініп шығып, дулуларға 
бағынған тайпа еді. Олардың шығыстан келгендерін қытай 
деректерінен аңғарамыз. Оларда құтырғұр кейініректегі тоғыз 
ұйғыр
ұлысының бірі ретінде көрсетілген. Мәселе түсінікті болу 
үшін
қытайдағы бауырларымыздың осы деректерге берген 
түсініктемесін толық келтіреміз: «...Қытай жылнамаларындағы 
ұйғыр
атауының түрліше жазылулары және тоғыз ұйғыр 
ұлыстарының
аттары төмендегідей [2, 526
-
527 бб.]: 
Иероглифтер
Дәуірі
Қазіргі оқылуы
Ерте 
орта ғасыр


64 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет