Рецензенттер: тарих ғылымының докторы Кәрібаев Б. Б


Түркілер мен славяндардың мерекелік дәстүрлерінің



Pdf көрінісі
бет8/42
Дата20.12.2023
өлшемі1,72 Mb.
#197719
түріМонография
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42
Байланысты:
annotation110059

1.5 Түркілер мен славяндардың мерекелік дәстүрлерінің 
тарихы мен ерекшеліктері 
 
Славян 
және 
түркі 
этникалық 
бірлестіктерінің 
дүниетанымдарының негізін зерттей отырып,ғасырлар
бойы 
бірге өмір сүру нәтижесінде қалыптасқан тарихи және мәдени 
жағдайлар менталитеттің ортақтығын, дәстүрлі мәдениеттің 
ұқсас
сипаттарын қалыптастырғандығы туралы қорытынды 
жасай аламыз. Мұндай ұқсастықтар бүгінгі таңда сақталып 
отырған 
дәстүрлерден, 
мерекелерден 
көрініс 
береді. 
Фольклорлық және этникалық дәстүрлердің элементтері әсіресе 
халықтар тарихындағы алғашқы діни
-
наным сенімдер үстемдік 
құрған
кезеңнен айқын көрінеді. Күнтізбелік жылды 
мерекелеудің символикалық дәстүрлердің бірі түркілерде де, 
слвяндарда да көктемгі күннің теңелуімен атап өтумен 
байланысты. Түркі және Алдыңғы Азияның басқа халықтарында 
бұл мереке «Наурыз» деген атпен белгілі. Ал славяндар оны 
маслиница деп аталатын халықтық атаумен тойлайды. Көктемнің 
келуін көшпелілер де, отырықшы егінші халықтарда 
мерекелеген. Табиғаттың оянуы
және көктемді қарсы алу жаңа 
жылдың басы деп саналды. Слвяндардағы маслиница 
(комоедица) күнге құрмет көрсету. Бұл мерекеде арнайы күн 
дискісін елестететін құймақ пісіру дәстүрі сақталған. Бұл тағам 
Комаға (адамдардың әкесі, алғашқы ататек және орман иесі

«құймақтықұрбандыққа» шалумен жалғасқан. Осы мерекеден 
бастап, ұзаққа созылатын ауылшаруашылық жұмыстары 
басталатын еді. Кейінірек шығыс славяндардағы бұл ертедегі 
мереке христиандық пасха мерекесіменүйлестірілді
.
Наурыз 
мерекесі 

шығыс күнтізбесі бойынша жыл басын қарсы алу 
мерекесі. Наурыз мерекесінің тарихы, маңызы туралы жазба 
деректердің қатарын орта ғасырлық шығыс ғұламаларының
Орта Азияға келген зерттеушілердің, саяхатшылардың, 
ағартушылардың және алаш зиялыларының еңбектері құрайды. 
Қазақтар
арасындағы Наурыз жайындағы көптеген деректер 
ауызша жеткен. Омар Хайямның қатысуымен жасалған 
күнтізбеден бастап наурыздың алғашқы күнінің жыл басы, күн 
мен түннің теңелуі ретінде тойлануы тұрақталған. Ертеде 
наурыздың жыл басы ретінде тойлануы күнтізбені
дұрыс 
есептемегендіктен жылдың әр мезгіліне ауысып отырған. Наурыз 


36 
мерекесі парсы елдерінің ортағасырлық мемлекеттерінде патша 
сарайларына лайық сән
-
салтанатпен өткен. Қазақ халқының 
Наурыз мерекесін атап өтуінің басқа шығыс халықтарына 
қарағанда
өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар. 
Дәстүрлі қазақ қоғамында Наурыз айындажасалатын 
«Наурызнама» атты Жаңа жылды қарсы алу тойы бірнеше күнге 
жалғасқан. Байырғы қазақтар Наурыз кезінде көрісу (құшақтасып 
амандасу), селт еткізер (жігіттердің қыздарға сыйлық жасауы), 
ұйқы
ашар (қыздардың жігіттерге дастархан жасауы), бел 
көтерер (үлкендерге арнап ас әзірлеу), оттан секіру, аластау 
(отпен тазалану), әулие басына бару, тәтті су ішу сияқты т.б. 
дәстүрлі рәсімдер мен ритуалдар орындаған. Олардың бірқатары 
20 
ғасырдың бас кезінен бастап,көшпеліліктен отырықшылыққа 
толық ауысуына және Кеңес үкіметінің орнауымен байланысты 
қолданыстан
шығып қалған, кейбірі өзгеріске енген.Кеңес 
үкіметінің
атеистік саясаты кезінде Наурыз мерекесін атап өтуге 
ресми тиым салынған. Қазақстанның Тәуелсіздігінен кейін бұл 
мейрам қайта жанданған.
Наурыз мерекесінің қалыптасуы, маңызы туралыжазба 
деректердің маңызы зор.Шығыс ғұламасы Омар ибн Ибрагим әл
-
Хайямның (1048 ж. Нишапур 
– 
1112 ж. Мерв) «Nevruz name» 
атты бірін
-
бірі толықтыратын қолжазбасының бірі Германияның 
Берлин мемлекеттік кітапханасында (№2450),бірі Лондондағы 
Британ Ұлттық музейінде (№23568) сақталған. Селджук сұлтаны 
Мәлік шахтың ұлы Санжардың өлімінен кейін Мәлік шахтың 
мұрагерлері обсерваторияға материалдық көмек
беруді 
тоқтатқан.Зерттеушілердің пайымдауынша Омар Хайям бұл 
қолжазбаны
1157 жылдары Сельджук сұлтандығының жаңа 
билеушілеріне обсерваторияның ғылыми маңызын түсіндіру 
мақсатында жазған. «Nevruz name»
-
де күн күнтізбесінің тарихы 
мен күнтізбелік реформалардың жүзеге асуы, исламға дейінгі 
Иран жеріндегі Наурыз мерекесінің қалыптасуы, тойлануы, 
мерекеге қатысты аңыздар мен әңгімелер, мереке атрибуттары 
жайында жазылған бірегей туынды.
«Nevruz name»-
ны алғаш 
иран зерттеушісі Мужтаба Минави ағылшын және парсы 
тілдеріне аударып, 1933жылы ғылыми айналымға ендірген. 
Қазіргі
таңда осы нұсқа орыс және Орта Азия халықтарының 
тіліне аударылған [39; 40, 163 б.].Қазақ
халқының ғұламалары 
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858
-
1931), Абай Құнанбаев (1845
-


37 
1904), Мұхтар Әуезов (1897
-
1961), алаш зиялылары Әлихан 
Бөкейханов (1866
-
1937), Міржақып Дулатов (1885
-1935),
Ілияс 
Жансүгіров (1894
-
1938), Сәкен Сейфуллин (1894
-
1838) өз 
еңбектерінде байырғы қазақтардың Наурыз мерекесін атап 
өтудегі
ерекшеліктерін айғақтайтын құнды деректер қалдырған.
Аңыз бойынша, парсы елінің ерте дәуірлердегі тәңірі Изид 
күнді жаратарда оған ерекше ықылас
-
мейір төккен, күнге үнемі 
қозғалыста
болуды бұйырған. Күн өзінің жылдық айналымында 
әрбір
жұлдызды бір айда басып өтеді... Он екі жұлдыздың бірі 
амалға
күннің бірінші кірген күні, күн мен түннің теңелуі, 
көктемнің басталған күні болып есептеледі. Парсы патшалары 
дәл осы күнді айырықша атап өту үшін баршаға мәлімдеп 
мейрам
деп жариялаған. Осы аңыз желісі бойынша парсы әлемінің 
бірінші патшасы Каюмарс таққа
отырғаннан кейін жылдың әр 
айы мен күніне ат қоюға, адамдар біліп отырсын деп жылнама 
жасауға жарлық берген. Жылдың басы парсыша фарвардин 
(наурыз) айы аталды. Каюмарс жыл есебін жасаған соң қырық 
жыл өмір кешкен, одан соң таққа Хұшаң (970 жыл патша болған), 
одан кейін Тахмұрас (30 жыл патша болған), одан кейін Жәмшид 
отырған (бұл аралықта тарихтан 1040 жыл уақыт өткен екен). 
Жылдың басы 
– 
мейрам күніне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет