1.4 Еуразиялық этномәдени тарихтың парадигмалары
Түркі
-
славян универсиализмінің табиғатын талдаудағы,
зерттеудегі басты ұстаным екі әлемнің ментальді және мәдени
координаттарының жүйесіндегі табиғи антропологиялық
фактордың рөлін одан әрі зерттеу болып табылады. Осы
тұрғыдан алғанда біріктіруші категория ретінде «Дала ұғымы»
көрінеді. Дала ұғымы екі халықтың танымында да, мысалы
көшпелі түріктің және орыс адамының мінезінсипаттайтын
еркіндік, ерік, кеңістік ұғымдарымен тығыз байланысты. Екі
халықтың
да ежелгі батырлық жыр
-
дастандарында рухтың
31
дархандығы, жомарттық, қонақжайлылық қасиеттері кеңінен
жырланған. Табиғат культі тағдыр еркімен бір географиялық
өлшемде
өмір сүреген халықтардың ортақ құндылықтар жүйесін
анықтады. Екі ұлы этностыңтарихи симбиозының көрінісіне
айналған ұлттық сипатының тағы бір қыры ұжым мүддесін жеке
бас мүддесінен жоғары қоюы. Орыс (славяндардың) мінез
-
құлқының
қалыптасуында
-
бұл қауымның санасы. Ал көшпелі
түркі үшін
-
бұл ру
-
тайпалық байланыстардан келіп туындайтын
ұжымдық түсінік. Түркі
-
славян универсиализмнің тағы бір
екрекшелігі геосаяси фактор болды. Геосаяси фактор
нәтижесінде өзара қарым
-
қатынас сиетезі ерекше белсенді
жүзеге асқан шекаралық мәдени аудандар қалыптасты.
Еуразияның кең байтақ аумағын игеру үдерісі осы аймақты
мекендеген халықтардың тағдырып анықтаған елеулі
факторлардің бірі болды. Осы контексте алғанда халықтардың
ортақ континентальді өлшемде тарихи тұрғыдан қалыптасқан
экономикалық, әлеуметтік, этникалық, саяси, мәдени және
ментальдық мүдделерінің өзара алмасуы, сондай
-
ақ олардың
ғасырлар
бойғы қарым
-
қатынастарының тарихи тәжірбиесінің
жойылмайтындығы туралы ереже негізделді.
Әлемдегі
дін аралық қақтығыстар күн санап күшейе түскен,
жаһанданып келе жатқан әлем контексінде әр ұлттыңөз
бірегейлігінің
түп тамырларын іздеуі жағдайында этномәдени
бірлестіктердің қалыптасуының аймақтық ерекшеліктерін және
жалпы заңдылықтарын зерттеу күн санап актуальды болып отыр.
Еуразия далалары кеңістігінде өмір сүрген халықтардың тарихи
бірлігі туралы идея еуразияшылдардың концепциясында
негізделген. Тарихи контексте алғанда бұл идея Еуразия
халқтарының мәдени
-
тарихи және географиялық бірлігін
негіздеген белгілі ресейлік тарихшы Л. Гумилевтің еңбектерінде
көрініс тапқан [33].
Еуразиялық ілімнің негізін салушылар славян
және туран халықтарының тарихи тағдырының ортақтығы,
рухани жақындығын негіздеді. Сондай
-
ақ неоеуразияшылдар екі
этностыңортақ өркениеттік мұрасы бүгінгі таңдағы батыстануға
берілетін жауаптың негізі болып қана қоймай, сондай
-
ақ діни
және радикалды экстремизмнің түрлі қауіптеріне де қарсы тұра
алатын әлеует деген пікірді негіздеп отыр [34].
Ерте
ортағасырлар
кезеңі
Еуразияның
болашақ
халықтарының бір текті мәдениетінің негізін қалыптастырған
32
түркі және славян тайпалары этногенезінің проблемаларымен
тығыз
байланысты. Дәл осы этникалық тарих ежелгі және орта
ғасырлардағы
түркі және славян этникалық қауымдарының
экономикалық, әлеуметтік
-
саяси және мәдени өміріндегі «дала
факторы» феноменінің мәнін анықтауға мүмкіндік береді.
Тарихи сюжеттерді зерттеу барысында бұл халықтардың
дәстүрлі мәдениетінің жекелеген элементтерінің ортақтығы
анықталды. Бұл элементтер мәдени
-
тарихи аналог ретінде екі
халықтың да танымал халық эпосының үлгілерінде, ұлттық
киімдерінде, тұрмыстық заттарды пайдалануында, дәстүрлі
дүниетанымда көрініс тауып,сондай
-
ақ қоғамның әлеуметтік
-
саяси ұйымдасуының ерекшелігін көрсететін жағдайларда
көрініс беріп отыр.
Эпикалық жырлардың, дастандардың, аңыздардың сюжеттік
линияларында кездесетін мәдени параллельдер түркі
халықтарының арасында ғана емес, сондай
-
ақ славян
фольклорында да кездесуі этнографиялық дәстүрлердің
ұқсастығын
және олардың мәдени құндылықтарының ортақтығы
рухани бірлігінің көп түрлі формаларының бірі болып
табылатындығын көрсетеді. Жалпы алғанда Еуразия аймағы
түркі және славян этникалық компоненттерінің араласу аймағына
айналды. Түптеп келгенде бұл жағдай этностардың біртекті
этноәсерлесу кеңістегіндегі өзара әсерлесуінен пайда болған
синкретизмінің нәтижесі болып табылатын біртекті рухани
мәдениетттің қалыптасуын қамтамасыз етті
[28].
Еуразиялық аймақтың өркениеттік даму заңдылықтарын
талдау барысында аталған аймақта қалыптасқан ортақ
өркениеттік
кеңістікті құра білген және ортақ тарихы бар мың
жылдық конструктивтік сұхбаттастық үлгісін ұсынған, тарихти
тұрғыдан қалыптасқан: түркі
-
славян әлемінің бір
-
бірін өзара
толықтыруы туралы идеяны дамыту маңызды.
Бүгінгі таңда халық ауыз әдебиеті үлгілері негізінде түркілер
мен славяндардың мәдениетін,олардың әрқайсысының тең
дәрежедегі бағалығын ескере отырып қарастыру зерттеушілерге
шексіз мүмкіндіктер береді. Зерттеудегі мұндай ұстанымдар
ұлттық
және мәдени бейнені сақтап қалу мүмкіндігін тудырады.
Түркі және славян этностарының мың жылдық қарым
-
қатынастарының
ареалын жан
-
жақты талдау тату көршілік
қарым
-
қатынастар мен бейбіт өмір сүру
құпиясын танудың
33
кепілі. Зерттеушілердің пікірі бойынша тіпті көшпелілермен
әскери
-
саяси байланыстардың өзі «отырықшы өркениеттердің
белсенді әскери қақтығыстар жағдайындада аман қалу» дәстүрін
қалыптастырды. Бұл шын мәнінде өзара қарым
-
қатынастардың
ерекше жүйесі болды. Ол кейін орыс этносы ментальдығының бір
бөлшегіне айналып, орыс мемлекетінің тұтастығын сақтап
қалуды
ғана емес, оның шеткері аймақтарын кеңейтуге және
аталған өркениеттің шеңберіне әртүрлі халықтарды қосуға
мүмкіндік берді. Бірақ осы тұрғыдан алғанда зерттеу
еңбектерінде көшпелілердің бейбіт қатар өмір сүру жағдайын
қалыптастырудағы
маңызды рөлін мойындаумен қатар
«көшпелілердің өзі жасампаз мәдениетті жасаушылардың көзі
бола алған жоқ» деген ескі көзқараста сақталып отыр. Түркі және
славян этностары арасындағы этникалық өзара әсерлесудің
негізгі мазмұны ішкі этникалық бірлікке, олардың
комплементарлығына және ұзақ уақыттағы этникалық
интеграциясына
байланысты.
Э.Кульпинатап
өткендей
«этникалық мәселелер бойынша заманауи зерттеулерде ортақ
бір
сипат бар. Интенсивті технологияларға, жариялыққа көшу
экономикалық
және
саяси
қарым
-
қатынастарды
демократияландыру бүгінде баршамыз үшін айқын. Бірақ, супер
этностың кристализациясының жаңа орталығының пайда болу
мүмкіндігі әлі шындыққа айнала қойған жоқ. Тіпті бүгінде
ресейлік супер этностың негізі орыс емес, славян
-
түріктік
екендігін мойындау фактісі де жоқ»
[35].
Түркі
-
славян өзара байланыстары үдерісінің өзі этностар
қалыптасқанға
дейінгі біршама көне кезеңнен бастау алады.
Әсіресе, бұл эпикалық шығармаларды талдау кезінде айқын
көрінеді. Мұндай шығармалардан түркі
-
славян өзара
байланысының көп қатпарлы қырын (пласт) көре аламыз.
Мәселен, славян жырларындағы (былины) жауынгер қыздардың
образдары түркі дастандарынан алынған
[36, 151-
154 бб.]. Осы
тұрғыдан
алғандатүркі
-
славян
қарым
-
қатынастарының
қыпшақтық
кезеңін зерттеу маңызды. Ресей тарихнамасында
қазірдің
өзінде ежелгі Русь тарихындағы қыпшақ факторын
зерттеуде жаңа ұстанымдары пайда болуда. Соңғы он
жылдықтағы тарихнамада орыс
-
қыпшақ қарым
-
қатынастарын
бағалауда Русьтегі ішкі саяси жағдайды талдауға барынша назар
аударылған.
Нәтижесінде
қыпшақ
даласының
орыс
34
княздықтарына тигізген орасан зор әсері туралы мәселе көтеріліп
отыр [37 ].
Мәдени генотипті іздеу зерттеушілерді орыс ориентализмі
идеясын мақұлдауға жетектейді. Түркілер мен славяндардың
этно маркерлерін зерттеу типология деңгейіндегі өзара
әсерлесуді
анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы В.Г.
Жирмунский славян мифологиясындағы «Аққу Ару»
(«Лебединая Дева») «аждаһа батырлар» («богатырии змеевичи»)
образын түркілік әсердің нәтижесі ретінде түсіндіреді. Сонымен
қатар, орыс жылнамаларында Едігенің жиі аталуы да славян
түркілердің тығыз байланыстарынан хабар береді
[28].
Славян және туран дәстүрлерінің өзара әсерлесуін этносаяси
үдерістер
контексінде зерттеуді қазіргі заманауи критерилер,
мысалы этногеожүйе, геобиоценоз, гемоостаз, экожүйелер
шеңберінде қарастыру маңызды болып отыр. Белгілі ғалым
шығыстанушылар, географтар, этнографтар көшпелі жүйені
уақыт шеңберіндегі тұрақты констант ретінде қарастыра отырып,
ХХІ ғасырда да көшпелі өркениет адамзаттың «резерві» ретінде
қала
беретіндігін атап көрсетіп отыр. А.Қадырбаев: «түркілік
психологияның басты сипаты экстенсивтілікке ұмтылу, бұл
аталған типтің салыстырмалы мәдени тұрақтылығын қамтамасыз
етті... Ұлттық әлеуетті сақтауға жағдай жасады... «Орман» немесе
«өзен» аймағында емес, далада басқа мәдениеттерде кездеспейтін
түркі халықтарына ғана тән билік құру, ойлау және психология
формалары қалыптасты. Осылайша Еуразияны түркі және славян
әлемі
арасындағы үзілмеген сұхбаттастықтың жемісі ретінде
көрсетуге болады. Бұл дегеніміз православия мен ислам
арасындағы сұхбаттастық
[38].
«Түркі
-
славян феноменін» зертте тек қана ғылыми қажеттілік
қана
емес,өркениеттерді
ортақ құрамын, негізімен болашақтада
да бейбіт сұхбаттастықты жалғастыра беруге мүмкіндік беретін
құндылықтарды
анықтау. Осы тұрғыдан алағанда түркі және
славян супер этностары мәдениетінің басты жетістігі ұрпақтар
сабақтастығы және олардың бірін
-
бірі өзара толықтырып, өзара
байыта білу мүмкіндігінде екендігі сөзсіз.
|