Рецензенттер: тарих ғылымының докторы Кәрібаев Б. Б


Славян және түркі мифологиясындағы әйел бейнесі



Pdf көрінісі
бет6/42
Дата20.12.2023
өлшемі1,72 Mb.
#197719
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
annotation110059

 
1.3 Славян және түркі мифологиясындағы әйел бейнесі 
 
Славян және түркі мифологиясындағы әйел бейнесі ең 
архаикалық кейіпкерлердің бірі. Түркілік дәстүрде аталған образ 
алғашқы әйел, ана, отбасының қамқоршысы, кейбір 
зерттеушілердің С. Кляшторный) көрсетуінше Тәңірінің 
жарымен байланыстырылатын түркілердің жоғары құдайы Ұмай
-
Ана бейнесімен (Ымай, Бай ана, Май
-
иче. Май
-
эне, Сары
-
эне) 
байланыстырылады. Басқа сөзбен айтқанда Ұмай Еуразия 
түркілерінің дәстүрлі дүниетанымындағы әйелдік бастаудың 
бейнесі. Ұмай ананың басты қызметін балалардың дүниеге 
келуінен қамқорлық жасаумен байланыстырады. Сондықтан 
көптеген түркі халықтарында сәбиі жоқ отбасылдың Ұмайға
табыну дәстүрі қалыптасқан. Ежелгі мифтерге сүйенсек Тәңірінің 
көрсетуімен Ұмай адамдардың «жанын шомылдыратын» Сүт 
көлдің жанындағы Сумер (Суруе, Ымай
-
Йидже) тауында өмір 
сүрген. Кейбір түркі халықтарында Ұмай таулардың иесі және 
аңшылардың қамқоршысы ретінде бейнеленеді [21]. Ұмайдың 
символы жебе. Ол осы арқылы балаларды қорғайды. Ежелгі 
түркілердің мифологисында өлім періштесі ретінде қабылданған 
Қара
Ұмай туралы да түсінік болған. Бұл түркілердің дүниенің 
құрылымының
бенарлығы туралы ұғымын көрсетеді. Ұмай
бейнесі басқада әйел құдай кейіпкерлер бейнесімен тығыз 
байланысты. Мысалы кейбір аңыздар бойынша От Ана 
– 
От 
құдайы
Ұмаймен апалы
-
сіңілі болған, екінші бір нұсқа бойынша 
ол Ұмайдың табаныныан жаратылып, үйдегі ошақта өмір сүреді 
деп көрсетіледі. Көп жағдайда жарықпен байланыстытырлатын 


24 
от бейнесі Ұмай бейнесімен бірігіп кеткен. Сондықтан көптеген 
түркі халықтарында Ұмайға қатысты солярлық культ 
қалыптасқан. Егер Ұмайдың тотемдік бейнесі туралы айтатын 
болсақ, ол суда жүзетін (үйрек, аққу, сондай
-
ақ оның бенарлы 
прототипі 

үкі) құстармен байланыстырылады. 
Славяндық пұтқа табынушылық пантеонда ана құдай ретінде 
Ладаның қызы 
– 
Дедилия саналған. Әйелдер аман
-
есен босану 
немесе отбасына перзент беру тілектерін дәл осы ана құдайға 
бағыштаған. Бұл құдай бейнесін көбінесе босанудың қиындығы 
ретінде бір жұдырығы түйілген, екінші қолын бата берудің 
символы ретінде ашық күйінде ұстаған жас әйел түрінде 
бейнелеген 
[22,
6-
36 бб.]. 
Сондай
-
ақ славян мифологиясында 
келесі бір әйел құдайдың бейнесіде кездеседі. Ол аңыз бойынша 
барлық құдайлардың анасы дүниені жаратушының жары Макоша 
құдай. Ол тұрмыстағы әйелдерге қамқорлық көрсетуші және 
Ананың идеалы ретінде көрсетілген. Жалпы ежелден әйелдік 
бастау отбасының қамқоршысы бейнесімен үнддесіп 
жатқандығы белгілі. Славян мифологиясында,ы Лада құдай 
басына гүл тәжін таққан шашы алтын түсті әйел ретінде 
бейнеленеді. Пұтқа табынушылық Русьте отбасылық бақыттың 
құдайы
ретінде оның құрметіне арналған арнайы храмдар 
тұрғызылған. Лада сөзінің өзі «әдемі, бейбітшіл, татушыл» деген 
сөздердің мағынасын білдірген. Лада барлық неке қию 
рәсімдерінен қатысушы. Жылнамалар мәсліметтерінен сүйенсек 
ол туралы былай дейді:
«Четвертый Ладо. Си есть 
Pliton
, богъ 
пекелный, сего върили быти богом женитвы, веселия и всякого 
благополучения, яко же Ельлины Бахуса. Сему жертвы 
приношаху хотящии женитися, дабы его помощию бракъ добрый 
и любовъный былъ. Сего Ладона, бъса по нъкихъ странахъ и 
доныне поминаютъ на крестинах и на брацехъ величаютъ, поюще 
своя нъкия пъсни и руками о руки или о стол плещуще: «Ладо, 
Ладо», преплътающе пъсни своя, многажды поминающе» 
[ 23, 44 
б]. Славяндық дәстүрде алғашқы кезеңде су стихиясымен 
байланыстырылған жер құдайы 
– 
Берегиня, матерь бейнесі де 
сақталған [24, 8, 65
-
66 бб.].
Архаикалық дәстүрлерге сүйенсек зұлым рухтарда көбінесе 
әйел
бейнелерімен байланысты болған. Еуразияның түркі тілдес 
халықтарының аңыз әңгімерінде өзі сұлу пері қыздар туралы көп 
деген әңгімелер сақталған. Ежелгі жыр дастандарда перілер қара 


25 
күштерге қызмет етушілер ретінде көрсетілген. Мысалы «Қорқыт 
ата» жырында малшы мен пері қызынан оғыздарға көптеген 
қайғы

қасірет алып келген 
– 
Депе
-
Гез атты бір көзді дәу 
(Циклоп) туралы сюжеттер бар 
[25]. 
Ал кейінгі кезеңдердегі 
аңыздарда перілер жақсылықтыңда, жамандықтыңда өкілдері 
ретінде көрініс береді. Кейбір жырларға сүйенсек, перілердің 
құпияға
толы бейнесі көптеген батырларды аман
-
тілегін баурап 
алған. Мұндай перілер ұшу қабілетіне ие,керемет дауысқа ие 
және көріпкелдік қасиеті бар қыздар бейнесінде көріненді. 
Қайырымды
перілер көп жағдайда адамдарға қолдау көрсетіп, 
қара
күш иелерімен, жын
-
шайтандармен күреске түсіп жеңіп 
шығады. Олар адамдардың жердегі бейнесімен бірігіп, некеге 
тұрады. Олардан елді қорғайтын болашақ батырлар туылады. 
Аңыз бойынша мұндай некеде қыз бала туылса ол шайтанме көп 
ұқсастығы
бар албастыға айналады. Зұлымдыққа қызмет ететін 
перілер адамды сиқырлап, оны ес түсін жоғалтқан ауру адамға 
айналдырады. Перілердің зұлым бейнелері адамдардың іс
-
әрекетін
сиқырлауы мүмкін. Сырттай қарағанда адам 
бейнесіндегі перілердің зооморфты сипаты да
болады. Мысалы 
олар аса сұлу бейнелі, бірақ құс аяқты қыз түрінде көрінуі 
мүмкін. Олар ер адамның да, тіпті кез
-
келген жан
-
жануардың 
бейнесінен де ене алады. Перілердің түрлерінің ішінде су 
перілері туралы аңыздар көп. «Су иелері» саналатын су перілері 
адамдарды өзіне тартып, су түбіне алып кетеді. Егер мұндай 
адамды құтқару мүмкін болса, ол ерекше қасиеттерге ие болып 
шыға келеді. 
Перілер бейнесі көбінесе ерте ортағасырлардың аяғына таман 
кезеңдегі әдебиет ескерткіштерінде кездеседі. Бұл бейненің 
бастауы
Иран мифологиясына барып тіреледі деп есептеледі. 
Ежелгі эпикалық дастандарда, мысалы әйгілі Көрұғлы 
дастанында перілер басты кейіпкердің әйелі ретінде жырланады. 
Перілер жер бетінде шамандармен бас қосып, өздері оларға 
көмекші ретінде қызмет атқарған. Сондықтан перілер о дүниемен 
байланыс жасау қасиетіне ие болып, адамдарды аурудан емдеп 
жаза алатын. Ежелгі сенімге сүйенсек егер пері таңдап алаған 
адам шаман болудан бас тартса, ол ұзақ ауруға ұшырап, тіпті 
кейде өлім құшатын болған 
[26, c. 143-160.].
Ал ислам үстемдік 
құрған
кезеңде перілер дінсіз «кәпірлерге» және мұсылмандарға 
бөлінген. Қазақ халқында перілердің мұсылмандырды қорғау 


26 
үшін
адам бейнесіне енгендігі туралы аңыздар сақталған. Славян 
халықтарының фольклорында су стихиясының рухы русалкалар 
бейнесінде бейнеленген. Русалкалар кейде кейіпсіз, жүн басқан 
денесі бар, салбыраған темір төсін арқасынан қайырып қоятын, 
аяғы малдың тұяқтары түрінде болатын кемпір (түркі 
мифологиясындағы албасты), кейде шашы ұзын киімі бар немесе 
жалаңаш сұлу қыз бейнесінде де сипатталды.Ежелгі түсінік 
бойынша русалкалар кез
-
келген жануарға немесе затқа 
айналдыра алатын сиықырлау қасиетіне ие. Русалкалар қайтыс 
болған әйелдердің, қыздардың және балалардың жанынан 
тұрады.
Еуразияның түркі тілдес халықтарының анимистикалық діни
-
нанымдарында зұлым күштің символы су стихиясымен 
байланысты албасты туралы сенім ерекше орын алады. Көптеген 
түркі халықтарының түсінігінше албастылар өзен және т.б. су 
көздерінің жағасын мекендейді. Олар адамдарды шаштарын 
тарақпен тарап отырып арбап алады. Сырттай қарағанда албасты 
шашы жалбыраған, төсі салбыраған сұрықсыз әйел бейнесінде 
көрінеді. Албастының атрибутттары ретінде сиқыр кітабі, тиын 
және тарақ көрсетіледі. Әзербайжандықтар албастыны құс аяқ 
ретінде сипаттаса кейбір қазақ мифтерінде
оның табаны жоқ, 
аяғында тұяғы бар бейнесі сипатталған. Тувалық мифтермен, 
Қазан
таттарларының аңыздарында албастының арқасы жоқ, 
оның ішкі құрылымдарының барлығы жотасынан көрініп 
тұратын қорқынышты бейнесін туралы айтылады. Албасты 
бейнесі сонау ежелгі замандардан бастау алады. Бірқатар 
зерттеушілердің пікірінше алғашқы кезеңде албасты бейнесі 
құнарлық, отбасылық ошақ және жабайы жануарлар мен 
аңшылықтың қамқоршысы 
– 
қайырымды құдайдың бейнесінен 
сәйкес келген 
[27, 33 б.]. 
Уақыт өте келе мифологиялық 
танымдардың дамуымен албасыты рөлі зұлым рухтың рөліне 
ауыстырылған. Якут мифологиясында албасты «абаасы» 
бейнесімен үндес. Бұл бейне Саха халқында «зұлым әйелдік 
бастау» ұғымына сәйкес келеді. 
Көбінесе албасты әйелдерге екіқабат кезінде және босану 
сәтінде зиян келтіреді. Егер әйелді албасты «басса» ол 
«құтырады». Юрт татарлары албасты адамды түсінде «басады» 
деп сенеді. Л.П. Потаповтың этнографиялық мәліметтері 
бройынша албасты Сары ене, пері және жын түрлерінен 


27 
жатқызылған. Албасты кеш уақытта жалғыз өзі қыдырып жүрген 
екіқабат әйелдерді аңдыйды. Егер әйел кешке сыртқа жалғыз өзі 
шықпаса, онда оның төсектегі орнына басқа әйел жатуы қажат. 
Себебі, ежелгі таным бойынша албасты жас босанатын әйелдің 
орнын алып алуы мүмкін. Егер мұндай әрекет жасамаса жаңа 
туған нәресте қауіпке ұшырайды. Бұл жынның зұлым күштерін 
жою үшін оның атрибуттарының бірін қолға түсіру қажет. 
Славяндық пұтқа табынушылық дәстүрде Иван Купала 
мерекесінде Марге (Марена) 
– 
зұлым әйел образына құрбандық 
шалған. Оның есімі тұтастай бір тайпалар қайтыс болған мор 
-
өлім
деген ұғымнан шыққан. Бұл құдай кемпір түрінде 
бейнеленген. Купала мерекесінің соңғы күнінде ауру мен өлім 
қаупінен
құтылу символы ретінде Морена кукласының чучелосы 
жойылады. 
Түркі мифологиясындағы тағы да бір көп тараған әйел
кейіпкер 

жалмауыз бейнесі. Қазақтарда жалмауыз кемпір 
баладарды ұрлап алып кетіп жеп қоятын кемпір немесе «адам 
жегіш» бейнесінде беріледі. Қырғыздарда ол «желмогуз кемпір», 
Қазан
татарларында «ялмауыз каржык», ұйғырлер мен 
башқұрларларды «ялмауыз», өзбектерде «ялмовиз» кемпір деп 
аталады. Көптеген әйел бейнелері сияқты бұл кейіпкерде ежелгі 
дәуірде ана құдай культіне кірген. Исламдану үрдісі барысында 
жалмауыз кемпір немесе мыстан кемпірді адамзат өмір сүретін 
жерден алыстау орналасқан және о дүниелік Эрлік құдайдың 
әлеміне
кіретін есікті күзетіп отыратын жеті басты зұлым кемпір 
«адам жегіш» бейнесіне өзгерткен. 
Ертегі әлеміндегі кейіпкерлердің бірі 
– 
жезтырнақ. Ол мыстан 
жасалған құс тұмсығы және тырнақтары бар, орасан зор күшке 
және дауысқа ие әйел. Оның даусынан құстар мен жануарларды 
өліп
қалады. Жезтырнақ, көбінесе жас әдемі әйел түрінде 
бейнеледі. Жын түрінде көрінетін әйел бейнелеріне адам жегіш 
кемпір және су жағасында жуынып жатқан ер адамды су түбіне 
тартып кететін әдемі русалка
-
күлдіргіш бейнесі де жатқызылады. 
Орта ғасырлардың соңғы кезеңіне жататын ауыз әдебеті 
үлгілерінде
бейнеленген әйелдер бейнесін талдайтын болсақ, 
онда «батырлық құдалық» мифологогемасы контексіндегі түркі 
және славян халықтарының мифологиясында айқын көрінетін 
бейнелерді анықтай алаламыз. Бұл тақырып кейінгі кезеңде түркі 
халықтарының жыр дастандарымен славян эпостарында 


28 
жалғасын тапқан. Аталған мифологеманың сюжеттік линиясы 
батырдың өз сүйіктісі үшін күреске түсуін баяндайды. Ерте 
ортағасырлық кезеңнен қалыптасқан идеалды әйел бейнесі 
эпикалық жыр дастандарда нақты көрінеді.
Түркі фольклорының белгілі зерттеушесі В.М. Жирмунский 
«батырлық ертегілерді ежелгі мифтермен және соңғы дәуірдегі 
батырлық эпостармен байланыстырған 
[28]. С
онымен қатар, 
зерттеуші эпостың өз дамуының кейбір кезеңдеріндегі 
тарихилығын атап өтеді. Мұндай жырларда әр кезеңге тән тарихи 
оқиғалар аралас кездесуі мүмкін. Мысалы, күйеу жігіт пен 
қалыңдықтың
арасындағы жарыс некелік жарыстардың біршама 
архаикалық формаларының көрінісі болып табылады. Бұл жерде 
алдыңғы қатарға матриархат дәуіріндегі тұрмыстық қарым
-
қатынастардан
бастау алатын батыр қыздың немесе 
қалыңдықтың
тұлғасы шығады. 
Оғыздардың ежелгі батырлық эпосы «Қорқыт ата» жырында, 
көптеген түркі
-
тілдес халықтарының арасында сақталған 
Қорқыттың
атынан баяндалатын аңыздары мен ертегілерде 
исламға дейінгі дәуірдегі әйел бейнесінің, ана беделінің, 
отбасылық және рулық байланыстардың іздері айқын көрінеді. 
Эпостың негізгі өзегі ішкі және сыртқы жауларға қарсы 
күрескен батырлардың ерлігінен құралған Отан үшін күрес 
идеясы. Эпостағы батырлар асыл текті, үлкендерге, әсіресе анаға, 
жалпы әйел затына құрметпенқарайтын
тұлға ретінде бейнеледі. 
Эпоста жырланатын әйел бейнелері де батырлықтың үлгісіне 
айналған. Дегенмен шығармадағы ерекше рөл ана бейнесіне 
берілген. Ана мен қалыңдық бейнесі тазалық пен адалдықтың ең 
жоғарғы шегін сипаттайды. Эпоста анаға деген махаббат 
мадақталады. Қазан ханның үйін қиратып, тонаған жаулары оның 
отбасын, соның ішіндегі қырық сұлу қызды тұтқынға алады. 
Тұқынға Қазанханның әйелі Бурала хатун мен ұлы Урузда да 
түседі. Тұтқынға түскен әйелдердің ішінен Қазанханның әйелін 
анықтау үшін жаулары Уруды отқа қақтап, оның етін тұтқын 
әйелдерге
бермекші болады. Егер кімде кім ұсынылған етті 
жеуден бас тартса, сол аданның Қазан ханның
әйелі екендігі 
белгілі болатын еді. Бірақ, Урыз анасына өзін танытуға тиыс 
салады. Ол анасына: «менің етімді қақтасын, қыздар бір түйірден 
жегенде, сен екі түйірден же, әйтеуір олар сені танымаса болды. 
Өзіңді
сақта!» 

деп өсиет айтады. Қорқыт ата жырының
тағы бір 


29 
аңызында тау гүлінің шырынымен араласқан ана сүтінің жас 
жігітті құтқарғандығы туралы әңгіме келтіріліп, ана 
махаббабының күші жырланады.
Түркі әйелдері образында бейнеленген батырлық тематика 
топонимдерде де сақталған. Мысалы «Қыз өлген көл» атты 
аңызда, өз өмірін қиып, халқын жаудан сақтап қалған қыздың 
ерлігі баяндалады. Жаудың басшысымен бірге қыз батып өлген 
көл, осындай атауға ие болған. Ал жаулары қыздың руының бар 
малын айдап әкелген аймақ, «Мыңжылқы» және «Түйежайлау» 
деген атқа ие болған 
[29].
Моңғол халықтарының мифологиясына сүйенсек, мұндада 
түркі мифологиясындағы әйел бейнесімен ұқсастықтарды 
көреміз. Бұл байланыс түркі және моңғол мифологиясының 
эпикалық 
дәстүрлеріндегі 
архаикалық 
формалардың 
сақталуымен анықталады. Әйел кейіпкерлер бейнесі, көбінесе 
матриархалды идеологияда қалыптасқан танымнан туындаған. 
Сондықтан батыр қыздар көбінесе үлкен қаракүш иесі ретінде 
сипатталады. Кейде әйел бейнесі шаманның рухы ретінде 
шамандықпен 
байланыстырылады. 
Әйел 
бейнелерінің 
архаикалығы әйел
кейіпкерлердің зооморфтығынан көрінеді. 
Мысалы Алдын
-
Дангының сүйіктісінің кейде құс бейнесіне 
енеалатындығы бейнеленсе, Бора
-
Шэлей сұр қоянға айнала 
алады. Бұл образдар әйел табиғатының екі түрлілігін, яғни әйел 
тотемі түркі халықтарының дүние танымындағы тотемнің жалпы 
қасиеттілігімен
байланысты. Түркілердің генеологиялық 
аңыздарына сүйенсек олардың шығу тегі қасқыр анамен 
байланысты. Осы қасқыр тотемінің көрінісін біз Қобыланды 
жырындағы Құртқа бейгнесімен байланыстыра аламыз [30]. 
Түркі мифологиясындағы әйел бейнесімен байланысты келесі бір 
тотем 

аққу. Өз бастауын мифологиядан да фольклодарында 
алатын славяндық тарихи дәстүрде Днепрдің бір сағасынан өз 
атауын берген аққудың (Лыбедь) Киевтің негізін қалағаны 
туралы аңыз айтылады [31, 7 б.]

Көптеген
зерттеушілер тотемдік 
шығумен байланысты этникалық дәстүрлердің қалыптасуын екі 
этностың бір географиялық кеңістікте өмір сүруімен 
байланыстырады [28;32]. Алтай қомандары да өздерінің шығу 
тегін аққумен байланыстырады. Есте жоқ ескі замандарда өмір 
сүрген Қалша
батыр соғыста жеңіліп,өзінің
бүкіл әскерінен 
айырылады. Өзі де ауыр жарақатқа ұшыраған Қалшаға ешкім 


30 
көмектесе алмайды. Өлім сәті жақындағанда әдемі аққу құс ұшып 
келіп, батырғатұмсығымен су тамызып, емдік қасиеті баркөлге 
жетуінен көмектеседі.
Осы жерде Қалша батыр жарақатынан 
жазылып, аққудың сұлу қыз екенін біледі. Көп ұзамай екеуі 
үйленіп, олардың ұрпағы қазақтар деп аталды. Қалша батырмен 
Аққу әйелден Бекарыс, Жанарыс, Ақарыс атты үш ұлы туылып, 
олар Ұлы, Орта және Кіші жүздің негізін қалайды [29]. Түркі 
мифологиясындағы ана, қалыңдық, қарындас, әйел бейнелері 
универсиалдығымен 
сипатталалды. 
Егер 
Тува 
мифологиясындағы 
Алтын
-
Дангының 
бейнесін 
қазақ 
мифологиясындағы батырлардың жарларының бейнесімен 
салыстырсақ көптеген ұқсастықтарды тез табуға болады. Көріп 
отырғанымыздай, әйел бейнелері ерекше: көріпкелдік және 
жоғарғы әлемнің қанатты өкілдеріне айнала алатын қасиеттеріне 
ие. Әйел бейнелерінің тағы бір сипаттамасы олардың солярлық 
шеңберге кіретіндігі. Бұл кейіпкерлердің қамқоршы және 
құтқарушы ретіндегі рөлі ежелгі замандардағы отбасының иесі, 
аспаннан түскен қорғаушы ретіндегі әйел құдайлардың 
образынан туындаған.
Әйел
бейнелері түркі халықтарының рухани мәдениетінде 
үлкен
рөл атқарған матриахалдық дәстүрлерімен, ежелгі 
тотемистік мифологияның ұғымдарымен тығыз байланысты 
екендігін атап өту қажет. Фольклорда, мифлогияда және тарихи 
шығармаларда көрініс тапқан бейнелердің ұқсастығы 
қалыптасуы
бір текті этно
-
геокеңістікте өткен екі ұлы этностың 
тығыз өзара қарым
-
қатынастарымен әсерінен туындаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет