Рецензенттер: тарих ғылымының докторы Кәрібаев Б. Б



Pdf көрінісі
бет4/42
Дата20.12.2023
өлшемі1,72 Mb.
#197719
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
annotation110059

 
 
 
 
 
 
1.1. 
Түркі
-
славяндық дискурс: түркі және славян 
халықтарының рухани мәдениетінде әлеуметтік
-
саяси дәстүрлердің қалыптасуы
 
 
Түркі
-
славян табиғатының әр түрлілігін тарихи контексте 
талдау үшін тақырыптың маңызды аспектілерінің бірі болып 
түркі тілдес халықтардың дүниетанымдық негіздерінің 
қалыптасуы мәселесі танылады. Осыған орай, ерте түркі 
тайпаларының этникалық бірегейлігін зерттеу мәселесін, орта 
ғасырлардағы
этносаяси үдерістерді зерттеумен сабақтастықта 
қарастыру
өзекті болып тұр. Аталған тарихи оқиғаларды зерттеу 
өзін
-
өзі анықтау мәселесін тереңірек ашуға көмектесіп қана 
қоймай, сонымен қатар екі ұлы этностың экономикалық, 
әлеуметтік, 
мәдени, 
саяси 
өзара 
ықпалдастығының
бастауларының тарихи алғышарттарының қалыптасуын 
анықтауға мүмкіндік береді.
Түркілердің дүниетанымы мен әлеуметтік
-
саяси мәдениетінің 
негізінетабиғат пен адамзат қоғамы әлеміне үйлесімділікті 
қамтамасыз
ету қағидасы алынды. Осыған орай, жақсылық пен 
жамандық күштерінің күресуі контекстінде жазбаша 
ескерткіштер мен ауызша дәстүрлердегі көне түркілердің 
дүниетанымы жүйесін талдау, көшпелі қоғамның тұтастығы 
этно
-
саяси тұжырымдамасы ерте кезеңде қалыптасқандығы 
туралы қорытындыға алып келеді. Бұл тұжырымдаманың негізі 
болып мәңгілік категориялары 
– 
белгілер 
– 
туған жерді қорғау, 
рулық маркерлер (киелі тау, жер
-
су, Аспан (Көк). 
Қазіргі
кезде Орталық Азияның түркі және түркі тілдес 
этностарының орта ғасырлардағы тарихын зерттеу мәселесіне 
арналған ғылыми әдебиеттерде ежелгі және орта ғасырлардағы 
көшпелі және отырықшы этностар мен мәдениеттердің өзара 


10 
ықпалдастығы мен байланысы үдерістері көп орын алуда. 
Сонымен бірге саяси фактордың да ықпалы болғанын ескеру 
қажет. 
Осындай 
тұстарды 
зерттеудің 
маңыздылығы 
ортағасырлардағы этникалық қауымдастықтарды: қоғамның, 
экономиканың, 
табиғи 
жағдайлардың, 
мәдени 
және 
демографиялық құбылыстардың
ықпал ету мәселесі, сондай
-
ақосы институттардың этникалық және саяси үдерістерге кері 
ықпалын кешенді зерттеудің қажеттілігінен туындайды. Тарихта 
бұл аспектілер бөлек этностар немесе тұтас аймақтар, оларды 
құрамына
қосып алған мемлекеттік құрылымдармен өзара тығыз 
байланыста қарастырылуы тиіс. 
Көне түркілерде отан туралы ең алғашқы түсінік түркі 
мемлекеттілігі бастау алатын қасиетті Өтүкен жерімен 
байланысты. Өтүкен жері орналасқан территорияға иелік еткен 
хан дәстүр бойынша түркілердің жоғарғы ханы болған, яғни 
Өтүкен
түркілердің қасиетті жері болған. «Өтүкен орманы деп 
ежелгі түркілер Орхон өзенінің бастауынан бастап, бүгінгі таңда 
Косагол атымен танымал көлге дейінгі аралықтағы территорияны 
айтқаны анық» [1, 79 б.]. Кейіннентүркі
-
көшпелілерде қоршаған 
кеңістік қасиеті кіші отан түсінігі 
– 
балалық шағы өткен жермен 
де байланыстырылды.
Орталық Азия түркі, түркі тілдес және түркі
-
моңғолдық 
этностардың саяси және мәдени дәстүрлерінің бірнеше ғасырлар 
бойы өзара ықпалдастығы мен байланысы аймағы болып 
табылады. Түркі этногенезі үдерісі ғұн мемлекетінің құлаған 
және Ішкі Азия территориясында түркі тайпалық бірлестіктерінің 
ерекшеленебасталған 
кезеңімен 
байланысты. 
Түркілік 
бастауынан басқа түркілердің шығу тегі келесідей түркілік 
этникалық топтармен: енисейлік, қырғыз, орыс жылнамалары 
торк, ал византиялық хроникалар уз деп атайтын оғыз, қыпшақ 
(орыс жылнамаларындағы половцылар, Батыстағы командар). 
Осы топтармен және нақты түркілермен қазіргі кезде түркі 
халықтарының басым бөлігінің этно
-
саяси тарихы байланысты.
Белгілі түркітанушы С.Г. Кляшторный түркі этногенезінің 
бірнеше кезеңін бөліп көрсетеді. Бірінші кезеңі 
- IV-VI 
ғасырларды
ол шартты түрде аңызға айналған ата
-
бабалар кезеңі 
деп атаған. VI
-
ІХ ғасырларда ежелгі түркілердің төрт негізгі 
тобы, түркілер құрған жаңа саяси құрылымның құрамына кірген 
кезеңі ғалымның пікірінше Орталық Азияның этникалық тарихы 


11 
мен геосаяси қайта құрылған кезеңі 
– 
архаикалық империя кезеңі 
болып табылады. Дәл осы кезде «түрік» сөзі көрші (парсы, араб, 
византиялықтар) халықтарда Орталық Азияның дала 
халықтарының бірлестігін білдіре бастады, олар шетелдік 
ақпарат берушілердің көрсетуінше тілі, дәстүрі бойыншажақын 
халық ретін сипатталған [2]. Бұл кезеңге түркілердің билігі тек 
Ішкі Азияға ғана емес, сондай
-
ақ Орта Азияға да,
Еділ бойына да, 
Солтүстік Кавказға да таралуы, ортақ материалдық және рухани 
мәдениеттің, тұтас әлеуметтік
-
саяси номенклатураның үстемдік 
жасауы тән. Сол тарихи кезеңдегі түркі халықтарының батырлық 
жырларында жоғары биліктің қалыптасу тұжырымдамасы, оның
легитимділігі, тайпалық
-
рулық иерархияның қалыптасуы, саяси 
институттардың ұйымдастырылу тәртібі көрініс тапқан. Батыр 
бабаларының ерліктері үлгі тұтарлық бейнелерге айналған. Ол 
кезеңде этникалық бірегейліктің қалыптасуының айрықша 
белгісі өзіннің нақты немесе қиялдан туындаған ата
-
бабалардан 
тарайтындығын ұғынумен байланысты болды. Алғашқы ата
-
бабалары туралы естеліктер, ортақ жерлеу орындары, біртұтас 
мемлекеттік кеңістік қалыптастыру контекстінде әлеуметтік
-
саяси дәстүрлердің ары қарай дамуына жағдай жасады. Ерте 
далалық империялар аясында бір
-
біріне бағынушылық қарым
-
қатынастары
көрініс тапқан, «көшпелілер империясын құру 
алгоритіміне» 
айналған 
әдет
-
ғұрып 
заңы 
нормалары 
қалыптасты» [3, 209 б.].
Осы құбылыстармен қатар түркі тілдес этностардың 
этногенезі үдерісі де жүріп жатты. Х
-
ХІІІ ғасырлар маңызды 
кезең болды, бұл кезеңде «Жетісуда, Тянь
-
Шанда, Шығыс 
Түркістанда, Ортаазиялық өзен аралығында, Еділ бойында және 
Солтүстік 
Кавказда 
болашақ 
түркі 
халықтарын 
қалыптастыратын, тайпа аралық байланыстары бекіген жаңа 
тұрақты этнотерриториялық топтар пайда болды. Архаикалық 
империялар шекарасында төрт әр түрлі түркі тілдес тайпалар 
тобы жаңа этностарды қалыптастырудың ошағы болды
» 
[2]. Бұл 
кезеңнің этно
-
саяси үдерістері сол кездегі түркі халықтарының 
тілдік және
мәдени ерекшелігін қалыптастырды.
Сондықтан көптеген түркі тайпалары мен халықтарының 
тарихи тағдырларының ұқсастығы, Еуразияның жалпы 
тарихының шеңберінде олардың екі мыңжылдық этникалық 
тарихының болуы, «Ұлы түркі елі» түсінігінің қалыптасуына 


12 
алып келді. Этносаяси үрдістердің дамуы барысында 
қалыптасқан
Орталық 
Азияның 
ерте 
мемлекеттік 
құрылымдарынС. Г. Кляшторный мен Д. Г. Савинов «Ежелгі 
Еуразияның далалық империялары» деп атады. Бірақ, бұл 
саясиэтникалық құрылымдардың географиясы Маньчжуриядан 
оңтүстік
-
шығыс Еуропаға, Байкал маңынан Гимайлайға дейінгі 
аймаққа таралды.
Біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының басында еуразиялық 
этномәденитарихтың жетекші парадигмасы болып шаруашылық
-
мәдени типтерінің қалыптасуынан басқа, олардың арасында 
тұрақты этномәдени байланыстардың қалыптасуына көмегін 
тигізген түркі тілдес жәнеславяндық суперэтникалық
қауымдастығының
қалыптасуы табылды. Сонымен қатар, 
жоғарыда аталған этникалық массивтің бөлінуімен бірге ерте 
ортағасырларда далалық империяларды ауыстырған этносаяси 
өзіндік
танымды қалыптастырған үдерістер жүрді, яғни түркі 
тілдес тайпалар арасында қатаң иерархиялық билік қалыптасқан 
уақытта басқарушы әулет өз атауын өзіне бағынышты тайпаларға 
беріп, нәтижесінде бұл этнонимнің политонимге айналуына алып 
келді. Бұл жағдайда түркі қағандары бүкіл еуразия даласында 
жалғыз билеушілерге айналды да, ал орыс князьдары барлық 
славян әлемін билеуге үміттенді. Этно
-
мәдени синтез үдерісі 
сонымен бірге өзге тілді халықтарға да тарады, оған Еділ 
Бұлғарлары мен Дунай Бұлғарларының тарихы мысал бола 
алады.
Орталық Азияның түркі тайпаларының тарихында ІХ
-
ХІІ 
ғасырлар
ерекше орын алады. Бұл ең алдымен ерте ортағасырлық 
тайпалардың қалыптасуының белсенді жүруімен байланысты 
болды, осы кезеңде олардың әлеуметтік
-
саяси ұйымдарының, 
экономикалық тұрмысының негізі қалыптасып, ру
-
тайпалық 
дәстүрлері мен салттары дамып, нәтижесінде ең алғашқы 
далалық мемлекеттер пайда болады. Осы жағдайлардың бәрі 
Орталық Азияның Таяу және Орта Шығыс, Закавказье, Русь, 
Византия, тіпті сонау алшақтағы Үндістан мен Египет сияқты 
елдермен белсенді саяси қарым
-
қатынас орнатуы негізінде 
жүзеге асырылды. Бұл кезең қазіргі түркі тілдес халықтардың 
ата
-
бабалары тарих сахнасына өз аттарымен шығып, басқа 
халықтармен тең дәрежеде әлемдік маңызы бар оқиғаларға 
қатысуымен анықтталады.


13 
Х ғасырға таман Солтүстік
-
Шығыс Каспий маңындағы аймақ 
түркі тілдес тайпалардың қоныстанған жері болды. Бұл жердегі 
этникалық үдерісте оғыз компонентті маңызды рөлге ие болды, 
ол Арал
-
Каспий маңында ежелгі («массагеттік») және жаңа 
(түркілік) мәдени
-
идеологиялық дәстүрлерді байланыстырушы 
тетікке айналды [4, 23 б.]
Б.э. ІІ мыңжылдығының бас кезі қазіргі Батыс Қазақстанның 
едәуір үлкен кеңістігін қамтыған қыпшақ бірлестігінің 
қалыптасуымен
танылды.Аталған кезеңде аймақтағы тарихи 
жағдайларға
ықпал еткен ірі саяси фактор хорезмшахтар 
мемлекетінің біртіндеп күшеюі болды, ол кейде батысқазақстан 
ареалында түркі тайпаларының әлеуметтік
-
экономикалық және 
мәдени дамуын анықтап отырды.
Солтүстік
-
шығыс Каспийде мекендеген оғыз тайпалары 
"Худуд ал
-
Алам" дерегінің мәліметі бойынша осы маңда Х 
ғасырда
-
ақ пайда болған қыпшақ тайпаларымен тығыз 
байланысты болды. Оғыз
-
хан туралы аңызда да бұл қарым
-
қатынас
қыпшақ тайпасының атауын көрсете отырып жанама 
түрде айтылады. Қыпшақ тарихын зерттеуші С.М. 
Ахынжановтың пікірінше бұл аңыз қыпшақтардың б.з. І 
мыңжылдықтың соңында оғыздардың құрамына кіргендігін 
көрсетеді. Аңызда қыпшақтардың Батыс Қазақстан даласына 
жылжуы көрініс тапқан. 
«
Ол (Оғыз хан) қыпшақ руын ит
-
барақтар елі мен Жайық аралығында орналастырды, сол 
уақыттан бастап онда қыпшақтардың жаздық және қыстық 
қоныстары
бар
». 
[5, 498 б.]. Түркі әлемінің құрылуы өздерін 
қоршаған
мәдени
-
тарихи кеңістіктегі орны мен рөлі 
мәселесіндегі осы этникалық континуумға кіретін халықтардың 
ортақ көзқарасының қалыптасуымен байланысты. Осыған 
байланысты ерте ортағасырлардағы қыпшақ тайпалық одағының 
этникалық құрамын талдау мәселесі ерекше көңіл бөлуді қажет 
етеді. 
Моңғолдар кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы этносаяси 
үдерістердің
ерекшеліктері түркі тілдерінің басымдығы 
жағдайында өткен еді және олардың нәтижесі осы үдерістерге 
белсенді қатысқан халықтардың экономикалық мүдделерінің, 
мәдени ареалы, әлеуметтік
-
саяси қауымдастықтың құрылуына 
алып келді. Ортағасырлық қыпшақтардың орналасуының 
географиялық шегі солтүстікте Батыс Сібірдегі орманды дала 


14 
зонасынан бастап, солтүстік
-
шығысында енисей қырғыздары мен 
хакастармен, солтүстік
-
батысында Еділ бойы мен Орал аймағы 
арқылы бұлғарлармен, башқұрттармен, оңтүстігінде 

Хорезм 
мемлекетімен шектесті. 
Ортағасырлық Русьтің көшпелілермен белсенді қарым
-
қатынастарының
тарихи алғышарттары, біріншіден, түркі
-
көшпелілерінің бұл кезеңде өте күшті әскери және экономикалық 
әлеуетке
ие болуында еді. Екіншіден, бүгінгі таңда осы 
көшпелілер орысдаласындағы мемлекеттік институттардың 
дамуы үдерісін жеделдетті деп айтуға болады. Русь және 
көшпелілер мемлекеті мемлекеттік дамудың бір деңгейінде 
болды. Бұл мағынада географиялық орта бірлігі, сондай
-
ақ екі 
этностың белсенді қарым
-
қатынасы мен бір
-
біріне енуі, араласуы 
бүгінгі таңдағы еуразияшылдық
тұжырымын анықтайтын мәдени 
симбиоздың платформасына айналды. ХІ ғасырдан Еділ
-
Орал 
аймағындағы территорияда құрылған қыпшақ тайпалық 
конфедерациясының этномәдени және саяси ықпалы күшейе 
түседі. Оның үстіне осы бірлестік құрамындағы тайпалар 
арасында ғана емес, сондай
-
ақ қыпшақ халқымен байланысқан 
көршілермен де этногенетикалық байланыстардың дамуы 
жалғасын тапты. "Бұл ұлыстардағы қыпшақтардың тайпалық 
құрамы
бір текті болмады, керісінше, ол әрбір этносаяси 
бірлестік пен тарихи
-
географиялық аймаққа тән динамизмнің 
таңбасы болды. Қыпшақ тайпаларының тізбесі кездейсоқ ретсіз 
сипатта емес, керісінше, онда барлық аталған этникалық 
бірліктердің саяси және әлеуметтік деңгейлері династиялыққа 
негізделе отырып қатаң реттелді" [6]. Ортағасырлық Қазақстан 
территориясында орын алған миграциялық үдерістерге талдау 
жасау Ұлы
дала кеңістігіндегі өмір айналысындағы басты рөлді 
атқару мен реттеп отыруға мүмкіндік берген
түркілер мекен 
еткен аймақтардың білсенді дамуы
туралы тезисті негіздеуге 
мүмкіндік берді. Қыпшақ тайпалық құрылымы, таңбалық 
белгілері, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, башқұрт халықтарының 
құрамындағы
қыпшақтар туралы дәректер мәліметтері, сондай
-
ақ жоғарыда аталған мәліметтер бойынша әдебиеттердің көптеп 
кездесетіндігіне қарамастан олардың өзге де, оның ішінде славян 
тектес этникалық топтармен тарихи қатынасы туралы білімді 
толықтыруға 
көмектеседі. 
Бұл 
қорытындылар 
түркі 
көшпелілерінің рулық
-
тайпалық құрылымдарының ұтқырлығы, 


15 
олардың сабақтастығы мен генеалогиялық байланысы туралы 
теориялық ережелерге негізделді. Осылайша, көптеген түркі 
тайпаларының шығу тегінің тарихи бастауы б.з. ІІ 
мыңжылдығының басына сәйкес келетін еуразиялық дала 
территориясымен тығыз байланысты ортағасырлық қыпшақ 
одағына алып барады. Бір
-
біріне ұқсамайтын әлем қарым
-
қатынасының
арасындағы қалыптасқан ерекшеліктерді ұғыну 
үшін
екі социумның: егіншілік пен көшпеліліктің де басты 
өмірлік
негізі туралы естен шығармаған жөн. Біріншісінде 
құрылудың
негізі әлеуметтік принципке негізделсе, екіншісінде 

этникалық принципі алынды. Этникалық тиесілілік көшпелілер 
(көп жағдайда түркілерге қатысты) социумының өмір сүруінің 
фундаментальді принципіне айналды.
Осылайша, көшпелі қоғам ұғымын білдіретін этносаяси 
тұжырымның қалыптасуы, түркі және славян ежелгі мемлекеттік 
құрылымдарының
әлеуметтік
-
саяси 
және 
әкімшілік 
құрылымының
ерекше қоймасы, тәңіршілдік идеологиясы түркі 
қоғамының
дәстүрлі мәдениетінің маңызды бөлігі бола отырып, 
сондай
-
ақ, ұлыорыс княздігі идеясы славян және түркі 
халықтарының рухани мәдениетіндегі әлеуметтік
-
саяси 
дәстүрлерін негіздеді және ұлы түркі Елі мен Киев Русі 
идеясының қалыптасуына негіз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет