IV
Алтын Орда және Русь (Омарбеков Т., Ногайбаева М.С.)
4.1 Бектердің бегі (беклербек) Едігенің Орыс княздарымен қарым
-
қатынасы
....................................................................................................
4.2
Алтын Орда ханы Тоқтамыс ханның орыс мемлекетіне ықпалы
4.3 Алтын орда және түркі
-
славян мәдени синтезі
(Ногайбаева М.С.)…..
...........................................................................
4
IV Алтай Республикасындағы діни синкретизм; Алтай халқының
дәстүрлі сенім
-
нанымдары мен православиенің өзара ықпалы
(Тадышева Н.О.)
.................................................................................
5.1 Алтайлықтардың дәстүрлі наным
-
сенімдері мен христиандықтың
синкретизмі
..........................................................................................
5.2 Дәстүрлі отбасылық әдет
-
ғұрып пен оның православтық
түсіндірілуі. Христиандықты қабылдау уәждемесі
...........................
5.3 Бала тәрбиесінемен үйленуге қатысты салттар
............................
5.4 Қайтыс болған адамды жерлеу дәстүрі
.........................................
5.5
Православиелік алтайлықтардың мәдениетіндегі діни мерекелер.
Дәстүрлі рәсімдердегі өзгерістер
........................................................
ҚОРЫТЫНДЫ
...................................................................................
5
КІРІСПЕ
Түрік және славян халықтарының этно
-
тарихи және этно
-
мәдени ықпалдастықтарын зерттеу бүгінгі Орталық Азия және
|Еуразия тарихнамасындағы аса маңызды мәселе, оның себебі
аталған аймақтарды мекендейтін халықтар ежелгі дәуірден және
орта ғасырлардан бастап, экономикада, көші
-
қонда сондай
-
ақ
лингвистикалық мәселелерде басқаларға ұқсамас, ерекше қарым
-
қатынастар
жасады. Сондықтан да бүгінде осы аталмыш аймақта
мекендейтін көптеген славян халықтарының және түркітілдес
-
тердің араларындағы көршіліктің рухани әлеуметтік және мәдени
жақындасуларға қатысты тарихи тамырларына назар аударуға
мәжбүр. Өйткені, мемлекет құрушы халықтар өздерінің өткен
тарихын жақсы білу арқылы халықаралық қарым
-
қатынаста
тиімді байланыстар жолын табуға мүмкіншілік алады.
Түріктер мен славяндардың әлеуметтік, гео
-
тарихи фактор
-
ларындағы ықпалдастық туралы айтқанда, Еуразиялық идея
еріксіз еске түседі. Бұл идея аталған аймақта өмір сүретін
халықтарды табиғи
-
антропологиялық факторлар негізінде
мәдени мұралар ерекшеліктерін ескере отырып, жақындастыра
түседі. Кезінде « Оғыздар даласы», «Қыпшақтар даласы», ал
бүгінде «Ұлы Дала » аталып отырған Қазақ елінің құтты да
мәңгілік көршісі славян мемлекеттері болып табылады. Оның
ішінде, Ресейдің орны бөлек. Бұл мемлекетпен Қазақ елінің
байланыстарының тарихи тамырлары ежелгі дәуірлерден бастау
алып, ортағасырларда және кейінгі замандарда кең өрістей түсті.
Сондықтан да, Еуразия аймағындағы халықтардың тарихы
дегеніміз
-
түркітілдестер мен славяндардың қарым
-
қатынас
ерекшеліктері болып табылады. Осы мәселелерді тиянақты түрде
зерттемей, толыққанды тарихтың жазылуы мүмкін емес. Осыны
ескерген монография авторлары «Түрік
-
славян дүниесіндегі
этно
-
тарихи және социомәдени диалогтың»көптеген мәселелерін
арнайы ғылыми жобада жан
-
жақты зерттеп, тарих ғылымына
қажетті
жаңа тұжырымдар ұсынды. Зерттеушілер аталмыш екі
6
халықтың қарым
-
қатынастарын қарастырғанда, бұрынғы
зерттеушілердің отырықшы халықты жоғарылатып, көшпелі
-
лерді төмендетіп баяндайтын ұстанымдарына сын көзбен қарады
және аталмыш пікірлердегі |Еуразия аймағында қоныстанған
түркілерді «қанішер» , «жабайы», «артта қалған халықтар»
ретінде баяндайтын көзқарастарды сын тезіне алды.
Зерттеудің мақсаты түрік
-
славян халықтарының тарихи
тағдырында өзара ықпалдастықтың көпқырлы болғанын, онда
жауласу мен қырғи
-
қабақтықтан гөрі рухани экономикалық
ықпалдастықтың
басым түскенін, нәтижесінде екі этностың да
бұдан пайда тапқанын дәлелдеп, осы халықтардың өзара
жақындасуы тарихи тағдырдың мәңгілік бағыты екенін дәлелдеу.
Зерттеу жұмысында төмендегідей міндеттерді шешуге назар
аударылды:
-
түрік
-
славян қатынасының ежелгі дәуірдегі тарихи
тамырларына шолу жасау;
-
мұнда халықтар тарих сахнасына әлі шықпай тұрған
кездегі этно
-
саяси қарым
-
қатынастарды ежелгі болгарлардың,
оның ішінде бүгінгі Болгарияның негізін салған Ұлы Болғар
Хандығының жәнеРусьпен жақындасқан Еділ Болгариясының
қалыптасу тарихын зерттеу;
-
VIІІ
-
XII ғасырлардағы Еуразияның далалық аймақта
-
рындағы түркі
-
славян этностарының мемлекеттік шекараларын
айқындау, және мұндағы қыпшақтардың орналасу аймақтарын
көрсету;
-
«Киев Русі» деп аталатын ежелгі славян мемлекетінің
түркілермен қарым
-
қатынасы орыс жылнамаларының деректері
негізінде нақтылана түсті;
-
сондай
-
ақ, қыпшақтардың, оғыздардың, қимақтардың,
бұлғарлардың, печенегтердің, хазарлардың
XI-
XIII ғасырлар
-
дағы көршілері славяндармен тығыз қарым
-
қатынасын
айқындау;
-
бұл мәселеде, этномәдени, саяси, және мәдени
-
тарихи
тұрғыдан алғанда орын алған үдерістердің бүкіл Еуразия даласын
қамтып, аталған халықтар тағдырына шешуші ықпалдар
жасағанын көрсету;
-
Алтын Орданың этникалық тарихы, оның славяндармен
қарым
-
қатынасы, және өздерінің мемлекеттік, қолбасылық
қызметтерімен ерекшелінген Едіге және Тоқтамыс тәрізді
7
басқарушы
тұлғалардың
қалыптасуының,
жүргізген
саясатыныңкүрделі тұстарын анықтай түсу;
-
мұндайда, славян князьдарының және Алтын Орда
хандарының қызметіне соңғы жылдары Қазақстан тәрізді кейбір
түркітілдес мемлекеттердің тәуелсіздік алуына байланысты
бұрынғы көзқарастардың өзгергендігін ескеру;
-
монографияда түрік және славян этникалық қауымдас
-
тығының этномәдени интеграциясындағы эндогендік синкре
-
тизмді, яғни жергілікті дәстүр
-
салтты, тайпалардың өзара
араласуын ескере отырып, социо
-
мәдени ықпалдастықты анық
-
тау негізгі мәселенің бірі болып табылады.
Монографияның деректік негіздері, осы кезге дейін жарық
көрген ежелгі славян, түрік, араб, византия және еуропа
деректеріне негізделді. Мәселенің кейбір тарихи кезеңдері орыс
жылнамаларында айтылатын мәліметтерден алынды, ортағасыр
-
лық авторлар Ибн Рустаның, әл
-
Идрисидің, Ибн Фадланның, Ибн
Хаукалдың саяхат жазбалары да, зерттеу жұмысында кеңінен
пайдаланылды. Түркі халықтарының коммунистік идеология
тұсында біржақты авторитарлық шешіммен тиым салынған
батырлық эпостары, нақтырақ айтатын болсақ, халықтық рухани
мұралар, «Едіге» туралы жырлар «Қырымның қырық батыры»
эпосы, шежірелік деректер кеңінен ғылыми айналымға түсті.
Едіге, Тоқтамыстарды, тарихи тұлғаларды кезінде идеологиялық
ұстаныммен қаралап жазған еңбектер және олардағы пікірлер
деректерді қайта қарау негізінде сынға алынды. Жергілікті
дәстүр
-
салт және тайпалардың өзара айналысуы туралы
мәселелерді
зерттегенде
Алтай
халықтарындағы
мифологиялықаңыздардың хрестиандық библия аңыздарының
мазмұн ұқсастығына, яғни, олардың өзара рухани
жақындықтарына назар аударылды. Мұндай аңыздарЭрлик және
т.б. «Ақылды тұлғалардың шығуы туралы», «Дүниежүзілік
топансу туралы» шығармалар, «Маадай
-
Кара» батырлық эпосы,
жердің және ондағы тіршіліктің қалай жаралғанын баяндайтын
алтайлық аңыздар ежелгі славян аңыздарымен сәйкес келіп
жататынын айта кету керек.
Қорытып айтқанда, түрік және славян этностарының
тарихтағы ықпалдастығы сандаған ғасырлар бойы дамып,
бүгінде Еуразия деп аталатын біртұтас мәдениетті туғызды. Орта
ғасырлардың өн бойында бірін бірі ауыстырып отырған,
8
қағанаттар мен князьдіктер көрші халықтардың өзара жақын
ықпалдастығын ешқашанда теріске шығара алмады. Тарихи
тамыры жоғарыда айтқанымыздай, тереңнен басталатынын,
нақтылай түссек, қола дәуірінен бастау алатынын, және жалғасы
Қазақстан тарихының түркілік кезеңінде айқын байқалатын бұл
байланыстар аса маңызды. Сондықтан да бүгінгі зерттеушілер екі
түрлі, мүлдем басқа дүниенің
-
славян мен түріктердің
мәдениетінен көптеген ортақтастықты табуда. Біздің ойымызша,
қазіргі зерттеушілердің міндеті, өркениеттерді қарам
-
қарсы қою
емес, олардың өзара ықпалдастығын бірін
-
бірі дәстүрлі рухани
тұрғыдан толықтыруын зерттеу болып табылады. Осы тұрғыдан
алғанда,оқырманға ұсынылып отырған монография ғылыми
талапқа жауап бере алады деп ойлаймыз.
9
I ТЮРКО-СЛАВЯН ДИСКУРСЫ:
ЭТНОТАРИХИ КОНТЕКСТЕРІ
Достарыңызбен бөлісу: |