Нишанбаева сабира зетбековна



Pdf көрінісі
бет27/88
Дата20.12.2023
өлшемі3,49 Mb.
#197849
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   88
Байланысты:
Nishanbayeva disser

«Отбасы-адамгершілік 
құндылықтар»
көпмағыналы ұғым ретінде қарастырылады, ол бір 
мақсаттағы индивидтердің сеніміне негізделген адам өмірінің мәні 
ОТБАСЫ-
АДАМГЕРШІЛІК 
ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Қонақжайлылық, 
жомарттық.
Денсаулықты күту, 
тазалық, бос 
уақытты тиімді 
ұйымдастыру.
Ынтымақтастық, 
қадірлеушілік. 
Адамгершілік мінез-
құлық жиынтығы, 
өзіне және бір-біріне 
деген сенімділігі. 
Рухани тұрмыс 
салтын ұстану және 
ата-бабаға тағзым 
ету, бір-біріне бауыр 
басу.
Некенің 
сақталуындағы 
беріктік, 
генетикалық код.
Мейірімділік, риясыз 
қамқорлық, балаға 
деген шексіз 
махаббат. 


болатын, әлеуметтену үрдісі арқылы отбасы мүшелерінің қатынасы 
өмірлік тәжірибе барысында түзілетін, адамгершілік мінез-құлық 
жиынтығынан тұратын жалпы қағидалар» 
деп нақтылаймыз.
Бұл анықтамамыз, өз кезегінде жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесінің 
біртұтастығын 
реттейді. 
Сондықтан 
теориялық 
талдаулар 
негізі 
педагогикалық жоғары оқу орындарының алдына қазіргі заманғы отбасы 
мәселесі, ондағы адамгершілік құндылықтар, Қазақстандағы ұлттық білім 
беру жүйесін модернизациялаудағы отбасының рөлі мен орнын анықтау, 
болашақ ата-аналық функцияны атқаратын студент жастардың отбасы 
мәселесінің аясында педагогикалық-психологиялық мәдениетін көтеру 
сынды тәуелділіктерде өз қызметін атқарады деп сенеміз.
1.3 Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-
адамгершілік 
құндылықтарын 
қалыптастырудың 
әдіснамалық 
тұғырлары
Педагогикалық және психологиялық зерттеу жалпы әдіснамалық 
ұстанымдар негізінде құрылады. Әдіснамалық маңыздылықтарды және 
тұлғаны қалыптастыру ерекшеліктерінен туындайтын нақты мақсаттарды 
басшылыққа ала отырып, психологиялық зерттеудің стратегиясы, жалпы 
барысы айқындалады. 
Жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби білім, білік, дағдыны 
ғана емес, практикалық іс-әрекетте өзінің әлеуетін табысты жүзеге асыруға 
мүмкіндік беретін құндылықтар жиынтығын да меңгеретіні айқындалды. 
Бүгінде отбасы мәселесін зерттеп, оның мәнін ашып көрсетуде әдіснамалық 
тұғырларды сәйкестендірудің қажеттілігі туындауда.
Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда түзілетін әдіснамалық 
тұғырлар қойылған зерттеу міндеттерін шешудің негізгі жолы болады, ол осы 
шешімдердің бағыттары мен стратегиясын айқындайды. Сонымен бірге 
тұғыр (тәсіл, тұрғы) педагогикалық іс-әрекеттің өзара байланысты идеялары 
мен ұғымдарының сапалық жиынтығын пайдалануда әдіснамалық бағдар 
ретінде мазмұндалады.
Жұмысымызда педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің 
отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын 
қалыптастырудың 
әдіснамалық 
бағдарларын тереңірек зерделеу негізінде, әдіснама ұғымының мәніне, оның 
категорияларына талдау жасауды жөн санаймыз. 
Әдіснама педагогикалық-психологиялық түсінік ретінде ғылыми таным 
мен ғылыми таным құралының теориялық мәселелерін шешу жолдарымен 
айналысады. Философиялық энциклопедиялық сөздікте «
әдіснама» - 
(грек 
сөзінен «methods» - зерттеу жолы, таным, ілім, білім; «logos» – cөз, түсінік) 
амалдар жүйесі және тәжірибелік теориялық іс-әрекетті ұйымдастыру және 
құру тәсілдері, ғылыми таным әдістері туралы оқу; қандай да бір ғылымда 
қолданатын әдістердің жиынтығы дегенді білдіреді делінген [138].


Ал психологиялық-педагогикалық сөздік бойынша әдіснама, теориялық 
және 
практикалық 
іс-әрекетті 
ұйымдастырудың 
және 
құрудың 
принциптерінің және тәсілдерінің жүйесі деп түсіндіріледі. 
Әдіснаманың негізіне белгілі бір білімдер(ұғымдар, заңдылықтар және 
т.б.) жүйесі жатады. 
Әдіснаманың мәні туралы ғылымда түрлі көзқарастар қалыптасқан 
(Б.Г.Ананьев, 
М.А.Данилов, 
В.И.Загвязинский, 
Ш.Т.Таубаева, 
Б.А.Тұрғынбаева және т.б.). Әдіснаманы төмендегідей топтастыруға болады: 
- теориялық қызметтің құрылымы, логикалық ұйымдастырылуы, әдістері 
мен құралдары туралы; 
- таным әдістерін қалыптастыру қағидалары мен рәсімдері және 
ақиқатты тану және қайта құру әдістерін қолдану туралы; 
- күрделі практикалық мәселелерді шешудің жалпы қағидаларының 
жиынтығы туралы; 
- ғылыми-педагогикалық зерттеулердің бастапқы (негізгі) ерекшелігі, 
құрылымы, қызметі мен әдістері туралы ілім деп санайды. 
П.И.Пидкасистый бойынша, педагогика әдіснамасының пәні білім беру 
аясында болатын қарым-қатынас жүйесінде болатын үдерістердің 
заңдылықтары болып табылады. Сонымен қатар автор білім берудің мақсаты 
мен мазмұнының шартталған өзара әрекеттесу тәсілдері және оны 
шарттайтын әдістер мен формасын жатқызады. Мұнда субъектілердің қарым-
қатынасы, іс-әрекетін басқару мен ұйымдастыру механизмдері іске асып, ол 
субъектілердің ұжым және топта өзін-өзі ұйымдастыруы, рефлексиясы, өзін – 
өзі тәрбиелеуін қамтиды [139].
Педагогикалық әдіснамалық негіздердің мазмұнын түзуде біз, көбінесе 
«тұғыр», «қағида», «амал», «ұстаным» ұғымдарының қатынасын байқаймыз. 
Аталмыш ұғымдар ғылыми әдіснаманың негізгі категориялары. Осы 
категориялардың ішіндегі «тұғыр» теориялық және практикалық мәселелерді 
шешетін және қойылған зерттеу міндеттемелерін шешудің негізгі 
жолдарының бірі [138, 56б].
Әдіснамалық тұғыр ғылымтану, ғылым және білім философиясы, 
ғылым және білім әдіснамасы құрылымында, ғылым мен білімнің жаңа 
парадигмасын саналы түсіну, ғылым және білімнің даму үдерісі рі негізінде 
жасалады. 
Педагогикадағы 
әдіснамалық 
тұғырларға 
сүйену 
әлеуметтік-
педагогикалық құбылыс, жалпы мәдени өрістегі педагогикалық әрекет 
ретінде ұстаздың зерттеу мәдениетін қарастыруға, білім мен мәдениеттің 
ықпалдасу арнасында педагогиканың фактілері мен құбылыстарын зерттеуге 
мүмкіндік береді. Бұл ретте, қайта жасаушы әрекет, материалдық және 
рухани құндылық ретінде мәдениетті қарастыратын қазіргі ғылым туралы 
тезис есепке алынады. Қоғамның барлық мәнді күштерін тәрбиелеу мен 
дамытудың, мақсаты және мазмұнының негізіне алынатынын көрсетеді. 
Міне, осы жерде білім беру мен мәдениеттің жанасу нүктесі бар [138, 57б]. 
Қазіргі педагогика ғылымында тұғыр түрлі бағыттарда көрініс тауып, 
әдіснамалық 
ұстаным 
ретінде 
(Е.В.Бондаревская, 
В.В.Сериков, 


В.А.Сластенин, 
т.б); 
даралап 
оқытудағы 
субъектілердің 
өзара 
әрекеттестігінің сипатын ашатын оқыту типі ретінде (Н.В.Алексеев, 
И.С.Якиманская, т.б.); психологиялық технологиялардың біріктірілуі 
негізінде құрылған психотерапиялық үдеріс ретінде (М.Е.Кузнецев) 
қолданылып келеді.
Әдіснамалық 
тұғырларға 
жүргізілген 
талдау 
педагогикадағы 
тұғырлардың жүйесін (жүйелік; тұтастық; кешендік; жеке тұлғалық; іс-
әрекеттік; тарихилық; антропологиялық, аксиологиялық; мәдениеттанымдық; 
әлеуметтанулық; 
өркениеттік; 
инновациялық; 
акмеологиялық; 
аксиоматикалық; этнопедагогикалық; этнографиялық; ақпараттық; мәндік; 
болжамдық және т.б.) көрсетеді [138, 124б]. 
Біз педагогикалық жоғары оқу орындары студенттердің отбасы-
адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда келесідей әдіснамалық 
тұғырларды басшылыққа алдық: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет