құндылықтар
Жоғары (абсолютті) рухани-адамгершілік құндылықтар
балалар, отбасы тәрбиесінің дәстүрі, рухани-адамгершілігі мол тұлға,
адамның сезімдік-эмоциялық саласын дамыту, махаббат(сүйіспеншілік),
рухани қажеттіліктер, қызығушылықтар, идеалдар, қоғамдағы қарым-қатынас
сипаты, стилі, нормалары, адамның отбасы мүшелеріне және өзінің міндетіне
қатынасы; отбасы және оның әрбір мүшесінің рухани әлемін жетілдіру,
оларды отбасылық өмірге тарту, бір-біріне (ата-ана, балалар) сыйласымды
қарым-қатынас, өзара түсіністік, ата-ананың өзіне және балаларына бірегей
талаптары, ата-ана мен балалардың рухани жақындығы; ата-ананың
психологиялық және педагогикалық білімділігі және т.б.
Зерттеу барысында мәселені зерттеген ғалымдар еңбектеріне жасалған
талдау отбасының типтерін бөліп, сипаттауға мүмкіндік берді (4- сурет).
Сурет -4 Отбасының типтері
Суретте көрсетілгендей, отбасының дәстүрлі және заманауи типтерін
салыстырмалы тұрғыдан талдау тұрақты отбасының қоғам дамуының шарты
ретінде қарастырылуы қажеттілігін айқындайды.
Бізге белгілісі, құндылықтар жүйесі белгілі бір әлеуметтік-этникалық
қауымдастықта қалыптасып, дамитын болғандықтан, ол ауқымдағы мәдени,
ділдік, идеялық, мұраттық бағдарлардың маңыздылығы зор екендігінде.
Жоғарыдағы тұжырымдамаларда отбасы жүйесі қалыптасуының негізіне
өндірістік күштер мен экономикалық фактордың дамуы алынады.
Осы орайда ұлтымыздың этникалық ерекшеліктеріне байланысты
ғалым К.Ж.Қожахметова өзінің «Этнопедагогика: әдіснама, теория,
Отбасының дәстүрлі типі
Отбасының заманауи типі
Патриархалды (үлкендер, ер адам)
Биархаттты («би» - екі), ерлі -
зайыптылардың тепе-теңдігіне негізделген
Ерлі-зайыптылар арасында функциялар
анық бөлінген
Ерлі-зайыптылар функциясы «жаңа»
Көпұрпақты, көптеген туыстармен
кеңейтілген күрделі отбасы
Көп балалы
Аз балалы
Отбасы - өндіргіш фактор
Отбасы – тұтынушы-тұрмыстық, бос
уақыттық мәннің ортақтығы
тәжірибе» атты оқу құралында келесідей түсінік береді: «Қазақтардың
этникалық қауымын сипаттайтын ең маңызды белгілер: қандас туыстық
сезімі, ағайындық; өзара көмек; этникалық топтың барлық мүшелерінің
бірлігі сезімі; оларды әлеуметтік белгілері бойынша бөлмеу; дәстүр, рудың
бірлігін сақтау, 7 атаға дейін өз руының қызына үйленуге тыйым салу;
үлкендерді сыйлау дәстүрі; рухты құрметтеу; «ас» функциясы – біріктірудің
қоғамдық органы ретінде бағаланады». Ғалымның пікірінше, этникалық
тәрбие қазақ қоғамы үшін, үнемі тұрмыс саласында, отбасында, ұлттық
мәдениеттің өзегі болып саналатын, шынайы өмір арқылы отбасында
құндылықтарды қалыптастыру үшін студенттерге білім беруде осы тұрғыда
жүйелі іс-әрекеттердің болуын шарттайды [131].
Осы орайда жаңа форматтағы ғалым Д.К.Омаров өзінің «Болашақ
педагогтардың рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыруда мұражай
материалдарын пайдалану» атт еңбегінде былай деп анықтама береді:
«болашақ педагогтардың рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру
дегеніміз адамның табиғи жаратылысы мене арнайы ұйымдастырылған
тәрбиелеу жүйесі негізінде тұлғаның рухани-адамгершілік санасын, сезімін,
еркін, мінез-құлқын дамытуға бағытталған мақсатты, жүйелі, жоспарлы
жүргізілетін оқу-тәрбие үрдіснің нәтижесі». Ғалымның тұжырымы бойынша
адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады.
Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрініп, моральдық
өзара қарым-қатынастарды басқарады [132].
Біз
студенттердің
отбасы-адамгершілік
құндылықтарын
қалыптастыруды құрылымдау, мазмұндау әдістерін жүргізгенде құндылық
ретінде танылған психологиядағы ұлттық мінез-құлық ерекшеліктері туралы
талдауды жөн санаймыз. Ғалым Н.Елікбаевтың пікірі бойынша, ұлттың
тарихи дамуының ерекшеліктеріне олардың әлеуметтік-экономикалық және
рухани өмірінің жағдайларына сәйкес қалыптасқан, ұлттық салт-дәстүрлер
мен әдет-ғұрыптар арқылы тұрмыстағы және мәдениеттегі ұлттық
сезімдердің алуан түрлі көріністері деп түсіндіріледі [133]. Мұндағы біздің
ұлттық мінез белгілері: еңбекқорлық; бейбітсүйгіштік, мейірімділік,
қонақжайлылық, ерлік, қаталдық. Осылайша, ұлттық мінез бұл біздің
қоғамдық өндірістік тәжірибелеріміз арқылы тарихи тұрғыда қалыптасқан
әдеттер мен дағдылардың жиынтығы бола алады. Ұлттық сезім ұлттың
тарихында ғасырлар бойы қалыптасады. Сондықтан ғалымның пікірімен
келісе отырып, отбасы-адамгершілік құндылықтарын құрылымдауда ұлттық
мінез элементтерінен түзілген адамгершілікті мінез-құлық жиынтығын да
негізге аламыз.
Келесі бір ескеретін жағдай, мұндағы құндылықты «объективті мен
субъективінің, абсолютті мен салыстырмалының, өткеннің, бүгінгі мен
болашақтың бірегейлігі» деп түсіндіреді. Ал бұл өз кезегінде құндылықты
қандай да бір әлеуметтік қатынастың: адамның өзіне, басқа адамға және
қоғамға қатынасының сыртқы формасы ретінде анықтауға мүмкіндік береді.
Қоғамдық қатынастардың иерархиялығы отбасылық қатынаста оған
сәйкес бағыттарды тудырады, ал қоғамның демократиялануы отбасының
эгалитаризациясына алып келеді.
Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас
түрлерінің орнығуына байланысты. Отбасында түрлі қарым-қатынастар орын
алады. Олар:
-ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшелерінің өзара
қарым-қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған;
-ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым-қатынас;
-өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас;
-бәсекелестік, яғни барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген
қарым-қатынас;
-түрлі себептермен туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-
қатынас.
Әр отбасында жоғарыда көрсетілген түрлі қарым-қатынастың
орнығуынан
отбасы
мүшелерінің
тұлғалық
қасиеті
қалыптасады.
Студенттердің отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда отбасы
қарым-қатынасының рөлі ерекше. Себебі, тәрбиелеу үрдісінің әсерлілігі
қарым-қатынас сипатына тәуелді болатыны анық [134].
Дегенмен де, қарым-қатынас қиыншылықтары классификациясы мен
олардың себептерінің түрлері де сан қилы. Психология ғылымы үшін қарым-
қатынас қиыншылықтары келесідей болады: серіктестер арасындағы
әрекеттестік барысының бұзылуы, қатынас дамуы барысында туындайтын әр
түрлі қиындықтар, яғни ерлі-зайыптылар немесе ата-ана мен бала қарым-
қатынастары арасындағы қысым. Қарым-қатынас дамуыының бұзылуы
тұлғалық қатынастың мазмұнды қырына керіс әсерін тигізеді. Сондықтан бұл
тұста болашақ отбасы иелері болатын студенттердің отбасы-адамгершілік
құндылықтарын қалыптастырудың маңыздылығы өте жоғары болмақ.
Ал кейбір ғалымдар қатынасты әлем түсінігінде белгілеп көрстеді.
Соның бірі ғалым К.А.Абишев «құндылық әлемдегі адам болмысының
белгілі бір тәсілі немесе адамның әлемге деген қатынасының белгілі бір
тәсілі» деген анықтама береді. Зерттеушінің негізгі ойынан адамның қарым-
қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алуындағы құндылық
шеңберінің аса кең, көп қырлы екенідігін байқауға болады [135].
Біз ғылыми әдебиеттер мен еңбектерге сүйене отырып, отбасының
құрылымын жоғарыда берген болатынбыз. Отбасы құрылымы тарихи және
әлеуметтік жағдайлармен анықталды. Жалпы отбасының құрылымы оның
қоғамдағы және басқа отбасымен өзара қарым-қатынасындағы тәртіппен,
оның өмір сүру дағдысымен, типімен тығыз байланысты екендігін көрсеткен
болатын. Әрбір отбасы ерекше және қайталанбайды. Бірақ, өзгеріске
ұшырамайтын бірқатар отбасылық құндылықтар бар, олар: өзара түсіністік,
туысқандар мен жақындар арасындағы жағымды қарым-қатынас, отбасы
мүшелері арасындағы сенім мен сыйластық қарым-қатынас, кез келген
уақытта көмек көрсетуге даярлық, отбасылық құндылықтарды сақтау.
Осыған орай, көптеген ғалымдардың зерттеулері барысында отбасылық
құндылықтарды
жіктеуде
мәселені
тереңірек
зерттеген
ғалымдар
еңбектеріндегі «отбасылық құндылықтар» ұғымына берген анықтамаларына
контент-талдау жасалды [136]. Ғалымдар «отбасылық құндылықтар»
ұғымына мазмұндық сипаттама береді (4-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |