мен бағалау ұстанымын сипаттайтын өмір сүру стилі, іс-әрекеті,
қажеттіліктері қалыптасады [129].
О.И.Воложина отбасын әлеуметтік - мәдени құндылық ретінде
қарастырады, бір жағынан, жыныстық рөлдік және жынысаралық өзара
әрекеттестікте әлеуметтік реттеу элементі болса, екінші жағынан, қоғамдағы
мінез-құлық стандартын сипаттайды: тұлғаның құндылық-мінез-құлықтық
бағдар негізінде отбасын сақтау ретінде; ата-аналықтың әлсіреуі; туыстықты
күшейту; этикалық қағидаларды отбасылық өзара әрекеттестіктің
прагматикалық негіздеріне ендіру; отбасының әлеуметтік қорғалуы мен
шаруашылық-экономикалық байлығына бағдарлық бағытының күшеюі.
Өзара байланысты деңгейлер «құндылықты өндірудің» екі деңгейлігін де
анықтайды. Жеке мінез-құлық саласындағы инновациялық отбасының
әлеуметтік құндылық мәртебесіне өтуі тұлғалық бағалау, таңдаумен іске
асырылады [130].
Отбасының әлеуметтік-мәдени құндылықтары екі деңгейде көрініс
табады:
Әлеуметтік деңгей
отбасының институтционалдық үлгісін, оның
әлеуметтік маңызын сипаттайды, мұнда отбасын оның әлеуметтік
ықпалдасуға және жеке әлеуметтік бірліктердің (индивид, әлеуметтік топ,
тұтас қоғам) қуаіпсіздігіне қосқан үлесі тұрғысынан бағалауға болады.
Жекелік деңгейде
құндылықтарды қарастыру индивидтің нақты
таңдауымен байланысты
отбасыға субъективті бағалау қатынасын көрсетеді.
Бұл деңгейде қоғам әлеуметтік және жекелік көптүрлілікті жүзеге асыру аясы
ретінде қарасытырлады. Жеке бағалау мен қоғамдық қатынастарды таңдау
формасы отбасының әлеуметтік мәнін идеологиялық анықтаумен сәйкес
келеді немесе ажыратылады.
Отбасын әлеуметтік - мәдени құндылықтар ретінде түсінуде
функционалдық анықталатын әлеуметтік мәнінің индивидтің субъективтік
қатынасындағы мінез-құлықтың мәдени үлгісін нақты таңдауымен
үйлесімділігі жайлы айтылады.
Жекелік деңгейде отбасын әлеуметтік құндылық ретінде бағалау
әлеуметтік-мәдени өзгерістердің сан алуан түрлілігін реттейді. Отбасының
әлеуметтік құндылығы (мәні) мен тұлғалық құндылығы (нықты мінез-құлқты
таңдау) арасындағы айырмашылық отбасы трансформациясының негізгі
себеп-салдары болып табылады. Бұл трансформация қоғамның әлеуметтік
институты ретінде отбасының нормативтік негіздерінің өзгеру қажеттілігіне
алып келеді.
Заманауи қоғамдағы отбасының құндылығын анықтайтын жаңа
феномендердің ішіндегі маңыздылары - отбасылық қатынастағы барлық
субъектілердің (әйелі, бала, т.б.) теңдігі мен отбасылық қатынас тәсілдерін
және формаларын уақыттық, статустық, жас ерекшелікке сай, территориялық
еркін таңдауы, отбасылық өмірді жақсартуы болып табылады. Отбасының
статустық - рөлдік және функционалдық өзіндік ерекшеліктері, құрылымы,
әлеуметтендіру кезеңдері жөніндегі базалық теориялық түсініктер
қалыптасқаны белгілі ( 3- сурет).
Достарыңызбен бөлісу: