мәдениеттің немесе қоғамның аясындағы мінез-құлықтың салыстырмалы
үлгісінің абстрактылы
және жалпы қағидасы, ол сол қоғам мүшесін
әлеуметтендіру үрдісінде ең маңызды болып табылады» [105].
Педагогикалық сөздікте «құндылық – адамның ішкі құқы, ізгілігі,
адамдармен
қарым-қатынасы,
іс-әрекет
кезіндегі
көрсетілетін
қайырымдылығы, тұрақтылығы, мейірімділік тәрбиесі» - делінген. Құндылық
екі компоненттен тұрады: пәндік және саналық. Пәндік құндылықтарға –
заттардың табиғи қажеттілігі, еңбектен шыққан өнімнің өзіндік құны,
әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мұра, ғылыми ақиқаттың
теориялық маңызы
және практикалық пайдасы, адамдардың іс-әрекетіндегі
жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық обьектілердің
эстетикалық қасиеттері жатады. Санадағы құндылыққа қоғамдық ой, бағалау,
мақсат және оған жетудің жолдары, нормалар кіреді. Пәндік және
субъективтік құндылықты философтар адамның дүниеге қатынасының екі
жағы: объектісі, әрі субъектісі ретінде қарастырады. Пәндік құндылық баға
берудің объектісі, субъективтік құндылық олардың өлшемі мен әдісі [106].
Г.Риккерт тұлғаның қалыптасу үрдісінде өзара байланысты және өзара
ықпал ететін жоғары құндылықтарды үш топқа бөліп көрсетеді. Олар:
танымдық, этикалық және эстетикалық.
Ғалымның пікірінше, адамгершілік
құндылықтарды қалыптастыру үрдісі адамның рухани дамуындағы
психологиялық күш ретіндегі адамгершілік ерік-жігер мен адамгершілік ар-
ұят, олардың эстетикалық
Достарыңызбен бөлісу: