ар-ұжданмен үйлесімділігінің ойдағы, сезімдегі,
мінез-құлықтағы жауапкершіліктің көрінуін,
сондай-ақ, адамгершілік
мотивтері индивидтің өзін-өзі бағалауын, басқаларға ғана емес өзіне талапты
қоюын, адамгершілік мақсаттарға жетуін қамтамасыз етеді [17, 89б].
М.Шелер этикалық құндылықтардың адамгершілік құндылықтарды
тасымалдаушы қасиетін сипаттаса [107], М.Гартман адамгершілік
құндылықтардың ерекшелігі адамның мінез-құлқынан көріне отырып,
тұлғаны толық сипаттайды дей келе, оны келесі топтарға бөліп көрсетеді:
базалық адамгершілік құндылықтар (тектілік, көңілдің кеңдігі, адалдық);
антикалық мораль құндылықтары (әділдік, даналық, қайсарлық, ұяттың
адамгершілік
сезімі);
діни
құндылықтар
(наным-сенім,
әдептілік,
кішіпейілділік, т.б.); перспективалық құндылықтар (болашаққа талпыну,
адамгершілік, тұлғалық сүйіспеншілік) [108].
Т.С.Сламбекованың «Қазақ халқының моральдық-этикалық дәстүрлерінде
студенттерді адамгершілікке тәрбиелеу» атты зерттеуінде: «...жалпыадамзаттық
құндылық материалдық және рухани қүндылықтардан құралады» дей келе,
материалдық құндылыққа адамның тіршілік қажеттілігін өтейтін тамақ, киім,
үй жануарлары, өсімдік, жер, өзен-көл, мұхит, т.б жатады. Бұл жерде
ескеретін жағдай, барлық материалдық игілікті еңбек ету арқылы, адам және
адамзат күшінің арқасында ғана өндіріп игеруге болады. Бірақ
материалдық құндылық үшін адамзатқа қажетті адамгершілік ақиқатын
ашатын адамгершілік құндылық дерек көзі бола алатындығын пайымдайды.
Сондай-ақ, ғалым Т.С.Сламбекованың пікірінше, адамның мінез-құлқының
бастапқы негізі болып жеке тұлғаның мінез-құлқы мен тұрмыс қалпынан
орын алатын жоғары құндылықтардың жиынтығы түрғысындағы идеал ұғымы
саналады. Ол адамның адамгершілік мақсатының жүйелі сипаты, мінез-
құлықтың моральдық үлгісі, жеке түлғаның жоғары абыройы түрғысында
қарастырылады. Жеке тұлғаның субъективті моральдық сипаты
көптеген рухани қасиеттермен: қызығушылықпен (ғылым, бизнес,
өнер, т.б.), сұраныспен (материалдық және рухани), психологиялық көңіл-
күймен, тіршілік әрекетінің ережесімен, құмарлықпен, хал-жайымен т.б.
айқындалады. Олардың адам санасынан орын алуы басты рухани құндылықтың
жүйелі көрсеткішін қалыптастырады. Ғалымның бұл пікірінен, құндылықтар,
соның ішінде жақсы мінез-құлық студенттердің адамгершілік бейнесін
айқындаушы құрал болуы ықтимал екендігін тұжырымдауға болады [109].
В.П.Тугаринов «құндылық қоғам күш салатын, индивид, әлеуметтік
топпен меңгерілетін және сақталатын материалдық немесе идеалды
құбылыстарға деген сүйіспеншілік, яғни құндылық – бұл адамның өмір сүруі
үшін бағалайтын нәрсе; құндылық бұл адамдардың қажеттіліктері мен
қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін керек, сонымен қатар норма,
мақсат және мұрат ретіндегі идеяларының туындауы, Құндылықты
адамдардың қажеттілігі, қызығушылығы мен мақсаты тұрғысынан пайдалы,
қажетті және жағымды, ұнамды болып табылатын құбылыстар немесе
құбылыстардың қасиеті», - деп есептейді. В.П.Тугариновтың пікірінен
байқайтынымыз,
студенттердің
отбасы-адамгершілік
құндылықтарын
қалыптастыруда негізгі деп саналатындар: адамның қажеттілігі, қанағаты,
мақсат, мұраттары, пайдалы құбылыстары екені белгілі болды [34, с. 259].
Т.Парсонс құндылықтар теориясын жасады, ол құндылықты
«алтернативтік бағдарларды таңдаудың өлшемі немесе стандарты» ретінде
түсіндіріп, құндылық – «әлеуметтік жүйенің құрамдас бөлігі, әлеуметтік
жүйенің типі туралы жалпы қабылданған түсінік, алдымен қоғам туралы
оның мүшелерінің түсінігі» болып табылады. Ғалым әлеуметтік құндылықты
адам, ағза немесе физикалық дене сияқты құндылықтан бөліп ажырату керек
дей отырып, төрт саладан тұратын әлеуметтік іс-қимыл жүйесіне (мәдениет,
қоғам, тұлға, ағза) сүйенеді [32, с. 124].
Құндылықтар иерархиясының әртүрлі нұсқасы бар. Соның ішінде,
А.И.Донцов құндылықтар иерархиясында үш деңгейді бөліп көрсетеді:
бірінші деңгей - әлеуметтік тіршіліктегі тұлғаның ең тұрақты және
жинақталған («өзекті») құндылықтар жүйесі; екіншісі - тұлғаның әлеуметтік
іс-әрекет саласындағы қоршаған әлемге және өзіне қатынасы бойынша
құндылықтар жүйесі; үшінші деңгейі - белгілі бір типтік жағдайда іске
асатын жеке әрекеттегі құндылықтар жүйесі [110].
П.А.Сорокин «Адам, өркениет, қоғам» атты еңбегінде тұтас және
тұрақты құндылықтар жүйесі – ішкі әлеуметтік әлем мен халықтар әлемінің
маңызды шарты. Әлеуметтік-мәдени тәжірибенің әрқашанда белгілі бір шегі
бар. Оның ең үлкен шегі – құндылықтың құрылымы болып табылады. Егер
құндылықтар жүйесі болмаса, кез келген бағытта қозғалуға болады», - дейді.
Зерттеуші П.А.Сорокиннің тұжырымынан құндылықтардың әлеуметтік-
мәдени тәжірибемен өлшенетіндігін аңғарамыз [111].
Р.Вильямс құндылықтарды терминалдьды (адамның жеке басына, әр
түрлі топтарға байланысты), инструментальды (оның негізін моральдық
құндылықтар құрайды, қоғамда реттеуші, тәрбиелеуші функциялар атқарады)
құндылықтар деп ажыратады. Ол құндылықтардың өзгеру типологиясын
адамдардың қауымдастығындағы әлеуметтік, саяси өзгерістеріне, жеке және
топтық көзқарастардың ауытқуларына сүйене отырып, қалыптасатындығын
дәлеледеген [112].
С.Л.Рубинштейннің пікірінше, «құндылықтар адам мен әлемнің
арақатынасынан туындаған, адам үшін әлемдегі бір маңызды нәрсе» деп
беріледі. Жалпы алғанда, С.Л.Рубинштейннің түсінігі бойынша, адамның
барлық өмірінде ішкі жағдайлардың тұтас жүйесіне (тұқым қуалау, өмірлік
тәжірибе, дағды және т.б.) [113].
К.Ж.Төребаеваның
еңбектеріне
сүйенсек,
түрлі
зерттеу
жұмыстарындағы мазмұндық талдауға тоқтала келе, білім берудің жағдайы мен
мақсатын анықтайтын өлшемдер негізінде қарым-қатынас мәдениетінің
педагогикалық жолдары ретінде құндылықтардың игерілуін атайды. Ғалымның
тұжырым жасауында, «құндылықтар - қарым-қатынас мәдениетіндегі
жеке мәндердің, идеалдар мен көзқарастардың, позициялардың сенімдер мен
қатынастардың, әрекеттердің өзара жиынтығы болжанады. Сонымен бірге
К.Ж.Төребаева құндылықтардың нормадан, нормативтерден айырмашылығы
тандау мүмкіндіктерінің болуы деп көрсетеді. Сондықтан студенттердің отбасы-
адамгершілік
құндылықтарын
қалыптастырудағы
қарым-қатынастың
мағыналылығын ашудың маңызы зор екендігін алға шығарамыз [114].
Д.А.Леонтьев құндылық бағдар генезисі мәселесін зерттей отырып, бір-
біріне айналатын құндылықтардың үш формасының тұжырымдамасын
ұсынады: қоғамдық мұрат (идеал) ретінде, қоғамдық санамен жасалынған
қоғамдық өмірдің әртүрлі саласындағы кемелдік туралы түсініктер;
материалдық және рухани мәдениет өнімі түрінде немесе адамзаттық іс-
қылықта объективтік формасы ретінде, идеалдарды нақты адамдардың өз
шығармаларында заттық түрде іске асыруы; тұлғаның мотивациялық
құрылымы ретінде, қоғамдық құнды идеалдарды өзінің іс-әрекетінде іске
асыруы. Оның пікірінше, әрбір тұлғаның даму үрдісі оның мінез-құлық
мотивациясының
көзі
болып
табылатын
тұлғалық
құндылықтар
формасындағы әлеуметтік құндылықтарды меңгеруімен және оларды
тұлғалық құндылықтарға тасымалдауымен сипатталады дей отырып,
құндылықтың тұлға өмірін реттеу деңгейлерін атап көрсетеді: тұлғалық
маңызды ұстанымдар; мотивтер, мағыналық конструкт, диспозиция;
тұлғалық құндылық [115].
Э.Дрюкгейм [116], М.Вебер [29, 76б] құндылықтардың социологиялық
теориясының негізін қалады. Құндылықты адамның нақты және әрекет ететін
ұжымдық күшін білдіретін мінез-құлқын қозғаушы идеалдар деп түсіндіреді.
Ғалымдардың пікірінше, құндылық бағдардың ауыспалы, құбылмалы болуы
сол қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық дағдарысты немесе қарқынды
шапшаң дамудың сипаты.
Біз, «құндылық» ұғымының қалыптасуына тоқталатын болсақ,
Г.А.Ерғалиеваның еңбегінде: «Құндылықтар – тәрбие мен оқытудағы
адамгершілікке бағытталған идеалдар. Оларға шындық, қайырымдылық,
тұлға, пайда, бостандық, махаббат, шығармашылық, т.б. жатады.
Құндылықтар – идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы
айқындалып, ақыл-ой сана арқылы қабылданады. Құндылықтар – құрметтеу,
қошеметтеу, қабылдау тәрізді бағдарды білдіреді. Құндылықтар – сезіммен
ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекет бағдарын
белгілейді», - деп көрсетіледі. Сонымен бірге, «...Құндылықтар сезім арқылы
қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға
құндылық бағдарды игереді де, іс-әрекет етеді» - деген пікірін білдіреді.
Ғалым адамгершілікке байланысты: «адамгершілік дегеніміз – тұлғаның өз
бойындағы негізгі ізгі сезімдер мен терең руханилықтан туындап, моралдық
нормаларға бағынатын еркін қарым-қатынас жүйесі» - деп өз анықтамасын
берсе, осы орайда «рухани-адамгершілік құндылықтар – адамның өзінің
табиғи жаратылысы мен өзін-өзі тану, қабылдау, сезіну арқылы сарапқа түсіп
дамыған, сыртқы ортаның ықпалы нәтижесінде қалыптасқан, тұлғаның
тұрақтылығы мен жетілу деңгейін, қоғамдағы орнын, даралық қасиеттерінің
сипатын айқындайтын ішкі құрылымдық жүйе» деп зерттеуі аясындағы
түсініктерді нақтылайды [117].
А.Г.Здравомыслов «құндылық» ұғымын адамның рухани іс-әрекеті
тұрғысынан қарастырады, оның құрамына мәдениет, идеал, қағида,
адамгершілік нормалар, қажеттілік пен қызығушылық енеді. Ғалым
құндылық тұлғалық бағдар мен бағалау ретінде идеалдар түрінде
талқыланып
қорытындыланған
түсініктер,
санадағы
білім
деп
тұжырымдайды [118].
М.Рокич құндылықтарды ниструментальды және терминалды деп бөліп
көрсете отырып, оларды сипаттайтын мынадай белгілерді анықтайды:
адамның игілігі болып табылатын құндылықтардың жалпы саны,
салыстырмалы көп емес; барлық адамдар бірдей құндылықтарды меңгереді,
бірақ әртүрлі дәрежеде; құндылықтар жүйеде ұйымдасқан; құндылықтар көзі
мәдениет, қоғам және оның әлеуметтік институттары; зерттелінетін
әлеуметтік феноменге құндылықтар ықпал етеді [19, с. 151].
А.Б.Федулованың көзқарасынша, құндылық көп мағыналы ұғым, сана
саласында қолданылып, мән, мұрат ретінде тұлғамен жете ұғынылады;
сонымен бірге құндылық сананы, мінез-құлықты және әлеуметтік іс-әрекетті
сипаттайды [119].
Құндылықтар типологиясы тек төменгі (пәндік, материалдық,
инструменталды) және жоғары (рухани, мақсат, игілік) құндылықтар деп
жіктелумен шектелмейді, оны Б.С.Ерасовтың құндылықтар жіктемесінен
көруге болады:
1. Өмірлік (витальдық) құндылықтар: өмір, денсаулық, тән, қауіпсіздік,
жақсы тұрмыс, адамның денелік хал-ахуалы (тоқтық, тыныштық, сергектік),
күш-қуат, төзімділік, өмірсапасы, қоршаған орта саулығы (экологиялық
құндылықтар, іскерлік. Тұтыну сапасы, комфорт, т.б).
2. Әлеуметтік құндылықтар: статус, әлеуметтік орны мен беделі,
еңбекқорлық, еңбек, байлық, кәсіп, отбасы, патриотизм, ұлтжандыылқ,
келісімділік, тәртіп, кәсіпқойлық, әлеуметтік теңдік, жыныс теңдігі,
бейбітшілік, белсенділік, жетістіктерге жете алу мүмкіндігі, тұлға еркінлігі,
төзімділк, т.б.
3. Саяси құндылықтар: сөз еркіндігі, азаматтық еріктер, заңдылық,
жақсы билеуші, тәртіп, Ата заң, азаматтық келісім.
4. Моральдық құндылықтар: жақсылық, игілік, махаббат, борыш,
шамыс, шыншылдық, әділеттілік, ақ ниеттілік, парасаттылық, рақымдылық,
мейірімділік, үлкенге ізеттілік, жастарға ілтипаттылық, ар-ұят, бақыт , т.б.
5. Діни құндылықтар:
құдай, құдайлық заң, сенім, құтқару, тозақ,
жұмақ, құдайдың сөзі, пайғамбар, періште, әулие, т.б.
6. Эстетикалық құндылықтар: әсемдік, әдемілік, мұрат, стиль,
үйлесімділік, жаңашылдық, элитарлық мәдениет, т.б. [26, 79б].
Жоғарыда сараланған құндылықтар қоғамдық өмірдің басты
салаларына қатысты жіктелген. Сонымен бірге құндылық типтерін
анықтағанда, оның құрылымдық-функционалдық бөліктерін де ажыратып
көрсету қажет:
-
танымдық-ақпараттық
бөлік,
ол
рационалдық-пайымдаушы
деңгейдегі вербалды жария құндылықтар: идеологиялық, теориялық,
таратушылық (ретрансляциялық), бұқаралық ақпарат қүралдарындағы, т.б.;
- сезімдік - тылсымдық бөлік, ол адамның виртуалды әлемінен бастау
алады, белсенділікке итермелейді, адамдық талап-мұқтаждар мен
мотивтердің негізі болып табылады; мүдделі, тартымды, күш-қуат
бастаулары осылардан нәр алады;
- баға беру бөлігі, адам дүниеге тек танушы субьект ретінде қарамай,
оған әр уақытта өз мүдделері тұрғысынан баға беріп отырады. Әрбір баға
субьектінің тек әлеуметтік жағдайынан ғана туындамай, оған бағалаушы
адамның дүниетанымы, ұстанымдары, қабілеттері, маңайындағы әріптестері,
достары, қабылдаған сенім-нанымдары, рәміздері, т.б. үлкен әсер етеді. Кез
келген құндылық не қолдауды, не одан бас тартуды талап етеді. Мақұлданған
әлеуметтік-мәдени құндылықтар нағыз жасампаз күшке айнала алады;
- іс-әрекеттік бөлік, шынайы құндылықтарды таңдау осымен жүзеге
асады. Мотивтік бөлік құндылық потенциалын ғана көрсетеді.
Құндылық табиғатын және ерекшеліктерін зерттеуде жоғарыда аталған
жіктемелік және құрылымдық-функционалдық тәсілдерден басқа мәдениет
философиясында
иррационалдық,
герменевтикалық,
салыстырмалық
әдіснамалар да кеңінен қолданылады.
Осы құндылықтар түрлерінің адам өмірі үшін маңызы зор, әлеуметтік
сипатқа ие болып отырғанын топтастыра келе, құндылықтардың рухани-
адамгершілік табиғатына назар аударамыз.
«Адамгершілік құндылық» әлеуметтік маңызы бар адамгершілік
құбылыс. Ол адам мен қоғамның даму идеалдарының іске асуына мүмкіндік
туғызушы. Адамгершілік қатынас негізінде адамгершілік құбылыстарды
құндылық ретінде бағалау жатыр. Жеке тұлғада құндылықтар шоғырланып
қана қоймай, сонымен бірге өзгереді, ал бұл өзгеру көбінесе, адамның өз
қасиеттерін бағалауына байланысты. Мысалы, өзін-өзі бағалау бағалаудың
ерекше түрі ретінде, субьектінің өзіндік қасиеттерінің жеке тұлғалық
мағынасын бағалауы ретінде адамгершілік құндылықтарды игеруі [120].
Адамгершiлiкке
жоғары
сынып
оқушыларын
тәрбиелеу
тұжырымдамасын жасаған Р.К.Төлеубекова өзінің «
Жоғары сынып
оқушыларын жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайда адамгершілікке тәрбиелеудің
ғылыми-педагогикалық негіздері» атты зерттеуінде
«Жаңа әлеуметтік мәдени
ортада адамның ұстанар мұраты – адамдармен қарым-қатынасында, іс-
әрекетінде адамгершілік сана-сезім дағдысымен, өзіндік «Мен» бейнесі
арқылы ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қасиет-сапаларымен
ықпалдасып субъект ретінде танылуын тәрбиелеу», - деген анықтама береді.
Ғалымның пікірінше, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан жеке адамның
құндылығын өзіндік жаңа ұстанымға негіздей келе, жалпы адамзаттық
құндылықтар ішінен Адам, Еңбек, Білім, Отбасы, Ұлт, Бейбітшілік, Жер,
Отан, Мәдениет деген құндылықтарды бөліп көрсетеді. Р.К.Төлеубекова
еліміздің қазіргі кезеңдегі адамгершілік тәрбиесінің теориялық-әдіснамалық
негізін қалаушылардың бірі [121].
Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде: «Адамгершілік тәрбиесі
– мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты мінез-құлық
дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық
сананы, қарым-қатынасты дамытуға, жалпы адамзаттық құндылықты тиімді
пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі», -
деп анықтама берілген [122].
Д.Ә.Нұрғалиева: «Адамгершілік құндылық дегеніміз – дүние жүзілік
адам баласы жасаған бағалы бағдарламалық білімін құндылық ретінде оқушы
өз іс-әрекетіне, қарым-қатынасында, игерген өмірлік тәжірибесіне
пайдаланып, өзінің табиғи болмысын байыта алатын, мәдени байлықтарды
меңгерген, соған сәйкес әртүрлі іс-әрекеттер, сезім, сана, мінез-құлықта,
қоғамдық қатынаста тұлғаға тірек болатын сенімдер жүйесі» деп
тұжырымдайды.
Зерттеуші
Д.Ә.Нұрғалиеваның
анықтамасынан
студенттердің
отбасы-адамгершілік
құндылықтарын
қалыптастыруда
сенімдер жүйесінің маңызы зор екендігін алға шығарамыз. Ғалым әр адам
өзінің сенімдер жүйесін бағдарламалық идея ретінде жүзеге асырып, өмірлік
тәжірибеде қолданылар болса, соның өзі адамгершілік құндылық құрылымын
толықтыратынын негізге алады [123].
А.А.Таутенбаеваның «Жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде
студенттердің ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру»
атты еңбегінде: «...құндылық біріншіден, жеке тұлғаның адамгершілігі,
абыройы және олардың адамгершілік әрекеттері немесе адамгершілік
сипаттары, екіншіден, моральдық нормалар, принциптер, мұраттар,
қайырымдылық, әділеттілік, бақыт ұғымдары деп айқындалады. Мұның өзі
құндылық ұғымының педагогикалық мәнін білдіреді». Құндылық ұғымын
түсіндірудегі
талпыныстар
мен
терминологиялық
анықтамаларды
төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:
1.Құндылық жеке тұлғалық немесе әлеуметтік бағдарлы жаңа идеяларды
белгілеу және оны сипаттау үшін қолданылады;
2.Құндылықтың белгілі бір заттар мен құбылыстарға тән болуы немесе
қоғамға тән құбылыс болып танылуы;
3.Құндылық нақты өмірлік ұстанымдар мен әдептіліктің қоғамда
қалыптасқан үлгісі ретінде көрінуі [66,116б], деп түсіндіреді. Ғалымның бұл
пайымдауынан құндылық қоғамның моральдық қатынастарының көріну
формасы ретінде әрекет ететіндігін байқауға болады.
Біздің зерттеу жұмысымызға идеялық жағынан жақын келетін зерттеулердің
бірі Г.И.Сейлханның «Көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде
ұлттық қасиеттерді қалыптастыру» атты кандидаттық диссертациясы болады. Ол
өзінің зерттеуі бойынша: «Адамгершілік – бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль
талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет-қылығына, мақсат-бағытына жүйелі
түрде ықпал ету. Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері: 1)ізгілік сана
қалыптастыру; 2)инабаттылық сезімдер тәрбиелеу және дамыту; 3)адамгершілік
әдет-қылықтың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру» - дей келе,
«адамгершілік тәрбиесінің құрамы: адам мен қоғам байланысын қалыптастыру, өз
қылығының қоғаммен сәйкес болуы қажеттілігін сезіндіру, адамгершілік білімді
адамгершілік нанымға ауыстыру, тұрақты адамгершілік сезімдер мен сапалар
орнықтыру, адамның басқалармен қатынасындағы жоғары мәдениет пен
адамгершілік әдеттерді бекіту», - деп құрылымдайды. Зерттеушінің бұндай
пайымдауы жоғары оқу орны студенттерінің адамгершілік талаптарына бой
ұсынуын, жүйелі түрде тәрбиеленіп, қоғам талабына сай азамат болуын негіздейді
[63, 45б].
Н.Е.Щуркованың ғылыми еңбегіне жасалған талдау төмендегідей
жоғары құндылықтар иерархиясын: Адам, Өмір, Табиғат, Қоғам, Жақсылық,
Ақиқат, Сұлулық, Еңбек, Таным, Қарым-қатынас, Ойын, Еркіндік, Бақыт,
Ар-ұят, Теңдік, Әділеттілік, Бауырластық ұсынатыны туралы қорытынды
жасауға мүмкіндік береді [53, 74б].
А.А.Жумадуллаеваның «Жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік
өмірге
даярлаудың
педагогикалық
негіздері»
тақырыбындағы
диссертациясында жастардың отбасы-некелік өмірге қадам басуындағы
адамгершілік тәрбиесі адамзат шығармашылығы болуы қажеттігін алға
шығарады. Сонымен қатар ғалым осы ретте отбасындағы тәрбиелік үрдіс әр
уақытта прогрессивті бола бермейді, оның ыдырауына әкеліп соғуы да
мүмкін деп болжам жасайды. Осы тұста зерттеуші А.А.Жумадуллаева
отбасының тәрбиелік қызметінің бірнеше аспектілерін береді:
а) баланың жеке басының қалыптасуы, оның қабілеттерінің дамуы,
бірінші әлеуметтік бақылауды жүзеге асыруы, құлықтық және әсемдік,
рухани құндылықтарға, еңбекке көңіл бөлуі, денсаулықты нығайту және
денені әбден жетілдіруі;
ә) отбасы ұғымының оның әрбір мүшесіне барлық уақытта тәрбиелік
ықпалын жасау;
б) балалардың ата-анаға тәрбиелік ықпалы.
Ғалым А.А.Жумадуллаеваның зерттеулерінің негізгі тұжырымдарына
сүйенсек, отбасының тұрақтылығы және отбасының тәрбиелік әсері жоғары
оқу
орны
студенттерінің
отбасы-адамгершілік
құндылықтарын
қалыптастырудағы басты ерекшелік ретінде саналады, сондай-ақ ғалымның
еңбектерінен
Достарыңызбен бөлісу: |